ТАРИХИ АНЫҚТАМА
Солтүстік Қазақстан аймағы қазақ халқының кең байтақ тарихи ажырамас бір бөлігі болып табылады. Халықтың 14-15 ғғ. жүйесіне ұзақ кіруі Қазақстан аймағында үш жүз түрінде пайда болған этникалық бірігудің бірнеше тарабын анықтады . Қазақ жүздері тайпаларының әрқайсысы көш-қоныс бағыты, этникалық аймағы ортақ болды. Орта жүз Орта және Солтүстік-Шығыс Қазақстан аймағында басым болды. 15-16 ғғ. екінші жартысындағы мемлекеттік бірігу Қазақ хандығында қазақ халқының негізгі этникалық топтарының бірігіуін, шоғырлану барысын жылдамдатты. 15 ғ. Екінші жартысындағы халық көршілес елдер арасында және жазбаларда, сол кездегі оқиғаларды көрсететін жаңа заманда «қазақ» деген атпен мәлім.
Жүздердің негізгі кәсібі өзгеше шаруашылық-мәдени гип, Еуразия даласында ертеде пайда болған -көшпелі мал шаруашылығы болды. Ұлы қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов 18 ғасырдың басы қазақ халқының өміріндегі ең ауыр кез, 1723 жыл – ең ұлы ауыр апат жылы деп атады. Жонғарлардың Қазақстанға баса көктеп кіруі адамдардың өліміне, малдың қырылуына, қыстаулардың жойылуына, көпшілік халықтың солтүстікке және батысқа көшуіне алып келді. Қиын сыртқы саяси жағдайда болған қазақ хандықтарының билеушілері бұл тығырықтан шығу жолы Ресей мемлекетінің қол астына бодандыққа кіру деп шешті. 1752 ж. 26 наурыз бекітудің жаңа құрылыс салу желісі туралы жарлық шықты. Омбы және Звериноголовск бекіністерін қысқы жолмен жалғастыратын Новоишим жолының құрылысы басталады. Жолдың орталығы Есілдің оң жағында 1752 ж. салынған Петр бекінісі болды. Кейін бекініске Петропавл мәртебесі берілді.
Өлке тарихы ХVIII ғасырдағы Орта Азияның айрықша беделді мемлекеттік қайраткері хан Абылайдың есімімен байланысты. Абылай қазақ хандығын құрған , хан Жәнібектің үлкен үрім бұтағының ұрпағына жатады. Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен Абылай сұлтан 1740 жылы Ресей бодандығын қабылдады және үнемі Ресей өкіметі Петербор, Оренбург, Омбымен байланыста болды.
Абылай хан көреген және дана, дипломаттық қабілеті, мемлекеттік қайраткерлік дарыны бар саясаткер ретінде әйгілі. Стратегиялық икемділік, және ептілігінің арқасында қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтай алды.
Абылай үш жүзді басқарып тұрған кезеңде (1771-1781 жж) саяси тұрақтанды, Қазақстанның беделі артып, Орта Азия, Ресей елдерімен экономикалық және мәдени байланыс орнады. Петр бекінісін салу кезінде міндетті түрде қазақтардың Ресеймен саудасын ашу туралы шарт қойды. Петропавл жүз жыл ішінде айырбас сауданың ірі пункті ретінде өсті.
Бекіністе Абылайды хандыққа отырғызу, тәж кигізу жорасы белгіленді. Бұнда император сыйлықтары бұлғын шуба, тымақ , қылыштар әкелінді. Абылай әртүрлі сыпайы сылтаулар тауып өз билігінің заңдылығын дәлелдеу үшін Ресей мен Қазақстанның Қытаймен қатынасының қиындауына қауіптеніп Петропавл бекінісіне келуден бас тартады. Кейін бұл сыйлықтар еш салтанатсыз берілді.
ОБЛЫС ТАРИХЫНАН Уақыт өткен сайын әскери қорғаныс бекінісі ретінде құрылған Петропавл бекінісі саяси, сауда-экономикалық және әкімшіл орталыққа айналды. Петропавл қаласы транзитті айырбас-сауда операциялардың арқасында дамып өсе түсті. Әсіресе Петропавл кеденінің айналымдары оның қызметінің арқасында Монғолиямен, Қытаймен, Ташкентпен, Қоқанты, Хивамен транзиттік керуен саудасы түзелген кез 19 ғасырдың бірінші жартысында өсті. 19, 20 ғасырларда шекарада, қалада және төңіректе базарлар және жәрмеңкелер жиі өткізіліп тұрды. Қонақ үйлер, мейманханалар және айырбас алаңы тек қана қоғамдық өнімді мал шаруашылығы азық-түлік саудасына жұмыс істеді.
19 ғасырдың екінші жартысының буржуазиялық реформасын өткізгеннен кейін, Қазақстаннның солтүстік аймақтарына шаруаларды қоныстандырды. Негізгі қоныс аударушылар легі Ресейдің орталық аймақтарынан, Украинаның солтүстік губернияларынан көшіп келушілер жиі байқалды. Қоныс аударудың келесі кезеңі (украин, белорус, татар) 20 ғасырдың екінші жартысында 50-жылдары тың жерлерді игеруге байланысты болды.
Қазақстанды татарлармен қоныстандыру 13-15 ғасырлардағы моңғол-татар шапқыншылығы тарихи кезеңіне түп тамырымен кетеді. 17 ғасырда бұхарлық билеушілер қазақ даласына татар молдаларын ислам дінін таратуға жібереді. Әулие Петр бекінісінің құрылысы Солтүстік – Қазақстанға татар көпестермен, крестьяндардың қоныс аударуына әкелді. Қазіргі Мамлют, Қызылжар, М. Жұмабаев аудандарының шекараларында татар елді-мекендер пайда болды. Қазіргі немістердің ата-бабалары Солтүстік Қазақстанда 18 ғасырда пайда болды және олардың қоныс аударуы 20 ғасырдың аяғына дейін созылды. Аймақтағы экономикалық инфрақұрылымның дамуы 1894 жылы тауарайналым мүмкіндіктерін кеңейткен Петропавл-Транссібір темір жол станциясының ашылуына жағдай жасады. Қоғамдық өнімді мал шаруашылық азық-түлігінің басым бөлігі (ішек-қарын, қой майы) Москваға, Петербоургке, Ревель, Қазанға, шекаралас елдерге Вена, Париж, Бостон, Берлин, Гамбургке жіберіліп отырды. Тауар өнімдерінің бір бөлігі АҚШта, Турцияда талап етілді. Әсіресе көтерме сауда және мал саудасы гүлдене түсті. Әйгілі «Абай жолымен» Бурабайдан Петропавл қасапханасына жыл сайын ірі және ұсақ ірі қара , мүйізді мал айдалынып әкелді.
1921 жылы Петропавл-Көкшетау темір жолы салынды, 1927 жылы Бурабай демалыс орынына дейін ұзартылды. 1935 жылы Приишимде «АП» түріндегі жеңіл ұшақтардың жүйелі жолаушылар поштасы ашылды.
1929 ж. 10.10 бастап Петропавл радиожелісінің жүйелі жергілікті хабарлары берілді. 1937 жылы Петропавл мұғалімдер институты ашылды. Облыста 30-жылдары етөнеркәсібі, теміржол, жерге орналастыру, экономикалық-жоспарлы, ветеринарлық, құрылыс, ауылшаруашылық, орман , мұғалімдік техникумдер қызмет етті.
20-30 жылдары облысымызда танымал жазушылар , ғалымдар М. Жұмабаев, И.П. Шухов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, С. Марков, В. Иванов, Г. Тверитин, М. Дәулетбаев, С. Шаймерденов, Е. Букетов, Г. Бельгер,
Ж. Сыздыков және тағы басқалары жұмыс істеді.
1920 жылы жергілікті драма театры өз жұмысын жаңартты. Кинотеатр жұмыс істеді.
1930 жылы облыс аймағында 30 аурухана салынды. 1932 жылы Петропавлда Қазақ дене емдеу әдістерінің өлкетану институты ашылды. Институттың жетекшілерінің бірі болып- невропатолог, облыстың халықтың денсаулығын сақтауды ұйымдастырушы П.А. Нефедов болды.
30-40 жылдардың репрессиясы Солтүстік – Қазақстанды да шарпып өтті. Осы уақыт ішінде мыңдаған солтүстік қазақстандықтар репрессияға ұшырады, көптеген шіркеулер, мешіттер қирады.
Әскери іс-әрекеттің алғашқы айларында Петропавлға 20 өндірістік кәсіпорындар көшірілді. Солтүстік қазақстандықтар майданға 120 мың адам , еңбек әскеріне -55 мың жіберді, оның ішінде 45 мыңы соғыста қаза тапты. Ұлы отан соғысы жылдары 53 солтүстік қазақстандық Совет үкіметінің ерлігі атағына лайықталды, 11 жауынгерлік ордені берілді. Петропавлда әскери- өндірістік кешен ТЭЦ-1 салынды.
Соғыс жылдарынан кейінгі ауыл шаруашылығы 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруде қалпына келтірілді. Солтүстік Қазақстан облысына Алматыдан тың игерушілердің бірінші отряды, екінші эшелон – Москвадан 1954 жылы 1 наурыз келді. Тың игеру жылдары 19 жаңа совхоз ұйымдастырылды.
70-80 жылдары өндірістік өнеркәсіп, транспорт, құрылыс саласында өсті. Облыста 92 өндірістік кәсіпорын бар болды, оның 14- одақтық, 38- республикалық болды. Елдің басқа аймақтарындағыдай облыс өнеркәсібі бір жақты дамыды.
1990 жылы облыста нарықтық қатынаста көп деңгейлі экономикасының дамуы басталды. Машиноқұрылыс кешенінің негізі «МЛД заводы» АҚ, «ЗИКСТО», «Киров атындағы завод», «Мұнаймаш», «ППЭИМ» қорғаныс кешенінің кәсіпорындары болды. Істеп шығаратын өнеркәсіп 2 еткомбинаты және 34 кіші ет өңдейтін цехтар болып табылды. 16 май заводтары және 23 сүт цехы жұмыс істеді. 165 мельница кешендері және кіші кешендер , 300 наубайхана бар, Тайыншы қ-да биоэтанол өндіру бойынша биохимиялық комбинаттың құрылыс- жобасы жүзеге асырылуда.
Агроөнеркәсіптік кешенінің өзгеру барысында 5935 крестьян шаруашылығы құрылды және жұмыс істейді, 321 шаруашылық серіктестігі, 11 акционерлік қоғам, 4 өндірістік коператив. Ауылшаруашылық қанағаттандыру алаңы 8,4 млн гектарды құрады.
Мемлекеттік мәдени-ағартушылық мекеме сетіне 355 мәдениет объектілері, Погодин атындағы облыстық драм театр, С. Мұқанов атындағы музыкалық-драм театр, олыстық филармония, қуыршақ театры, 270 кітапхана және 70 клубтар мен мәдениет үйлері кіреді. Телевидение 4 жергілікті каналдардан хабарлар жүргізеді.
ПЕТРОПАВЛ
Солтүстік-Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, өз шежіресін 1752 жылдан жүргізеді әулие Петр бекінісі Пресно-Горьковск бекінісінің маңызды форпосты болған. Нанға және жем-шөпке деген қажеттілік бекініс айналасына крестьян шаруаларды қоныстандыруға ықпал етті. Солдаттар мен драгундер бекініс сыртында өз үйлерін салуға құқылары болды. Оған ең қолайлы жер Подгора болды. Бұл жерде біртіндеп өзенге қарай ығысып көшелер бой көтерді. Қала маңындағы тұрақ қауіпсіздік мақсатында қоршаумен қоршалды. Одан кіру және шығу жолдары , қақпалары арнайы қарауылмен күзетілді. 1759 жылы бекіністе алғашқы рет солдат балаларына арналып мектеп ашылды. Петропавл уездік қаласының алғашқы елтаңбасы 1842 жылы 7 қыркүйек бекітілді. Онда – күміс алқапта көлденең екі тен артылған түйені жетектеп тұрған керуеншінің суреті бейнеленді. 19 ғасырда өзінің әскери-стратегиялық мағынасын сақтай отырып, қала сауда-экономика байланысының және қазақ , орыс халқының рухани қатынас орталығына айналды.
1849 жылы 2 мамыр 450 үйді құртқан лап еткен өрттен кейін Петропавлда жаңа құрылыс болды.
Еуропавлық Ресейден крестьяндарды көшіру және Сібір теміржолының құрылысы қаланың дамуына жағдай жсады. Ауылшаруашылық өнімдері Ресей және Еуропа базарларына жайғастырыла бастады. Петропавл майы Петербургке, Москваға, Ригаға, Одессаға, Самара, Владивостокқа сонымен бірге, Англияға, Германияға және Данияға жіберілді. Ағайынды Зенковтардың швейцар Аккола малөнімдерін өңдеу бойынша тері зауыты, Ірі кәсіпорындар пайда болуда. Уақыт өте келе қала әкімшілік қала ғана емес сонымен қатар мәдени қала болып келеді. Петропавл қазақ әдебиетінің классиктері: Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мағжан Жұмабаев және Иван Шуховтың отаны болып табылады. Петр және павл бекінісінде әлемге әйгілі «Конек-горбунок» ертегісінің авторы Ершов петр балалық шағын осында өткізді, декабрист-ақын Николай Чижов жер ауып келді. Чеш жазушысы Ярослав Гашек біздің аймақты колчактардан босатуда халықаралық жұмыстар жүргізді, Ерекше төл ақын Павел Васильев оқыды, жазушылар Всеволод Иванов, Сергей Марков әдебиеттегі алғашқы қадамдарын осында жасады. әйгілі фантаст- Александр Казанцев тұрған жер. Осында ақын Баймағамбет Зтулиннің, дарынды аудармашы Георгий Твертин өз жолдарын салды, осы жерде ұлы,қазақ қайраткері, демократ Ш. Уәлиханов Достоевскийға хаттар жазды. Қазақ әдебиетінің тарихында Шал ақын атымен белгілі біздің облысымыздан шыққан Тілеуке Купенин үлкен орын алады. Приишимнан тысқары ақын-импровизатор атағы шыққан Молдахмет Тырбиев. Аңызға айналған Қожаберген жырау және Сегіз Сері Солтүстік Пришим жерінде өзінің әсем әндерін шығарған .
Бүгінгі күні облыс орталығының халқы 200 мыңнан астам адамнан тұрады. Көптеген ұрпақ еңбегінің арқасында қала экономика және мәдени өмірдің орталығына айналды. Ол екі маңызды темір жол магистралы: Транссібір және Трансқазақстан жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан, шығысқа, батысқа облыс оңтүстігіне – ірі өндіріс базаларына Кузбасса, Орал, Орталық Қазақстан сонымен қатар Түмен облысы Ресей Федерациясымен шекаралас дамып келе жатқан нефтьгаз кешені - бұның барлығы индустриалды дамуда өте маңызды фактор болып табылады. Соңғы жылдары Петропавл қаласы бидай өсіретін сонымен қатар бидай шығаратын 3 млн га бидай егілетін және бидай жинауда Қазақстан Республикасының 25 % өнімін құратын аймақтың орталығына айналды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: