Туристiк бағыттар

Туристiк бағыттар

 «Имантау шоқылары» бағыты

 

Саяхат түрi: жаяу
Ұзақтығы: 1 күн
Бағыттың ұзындығы: 7 шақырым.
Бағыттың жұмыс уақыты:
1 маусымнан 20 қыркүйекке дейiн.
Топ саны: 10 адамға дейiн.
Бағыттың сипаттамасы: бағыт селолық қонақ үйлерде туристер тұрып жатқан Имантау селосынан басталады. Бағыт оңтүстiк-батыс бағытында «Боровушка» демалыс аумағы арқылы аралас орман арқылы өтедi. Сосын «Угловая» шоқысының шығыс беткейiмен көтерiлу, соқпақ ағаш өткелi арқылы «Ракельский» үңгiрiне жетедi. Осында қарау алаңы жабдықталған. Одан әрi оңтүстiк беткеймен «Котелок» шоқысының төбесiне көтерiлу, онда да қарау алаңы жабдықталған. Сосын батыс беткейiмен аз уақытты демалысымен «Буян» шатқалына түсу. Одан әрi Имантау көлiнiң бойымен солтүстiк-шығыс бағытта жүрiп отырып, Имантау селосындағы тұрғылықты орындарға қайтып келу.

«Буян шатқалы» бағыты

 

Саяхат түрi: жаяу
Ұзақтығы: 1 күн
Бағыттың ұзындығы: 10 шақырым.
Бағыттың жұмыс уақыты:
1 маусымнан 20 қыркүйекке дейiн.
Топ саны: 10 адамға дейiн.
Бағыттың сипаттамасы: бағыт оңтүстiк бағытта Имантау көлiн бойлай отырып, аралас орман iшiмен Змейка шағын өзенi арқылы «Боровушка» бұлағының жанындағы аз уақытты демалысымен өтедi. Сосын көтерiлулер мен түсулер қатары (биiктiк 400 м-ден 660 м-ге дейiн). Тұрақ орындарынан «Казачий» аралы, «Имантау» көлiнiң су айдыны жақсы қаралады. «Буян» шатқалына жетiсiмен ланч-топтамалардан түскi ас, жағажайлық демалыс, балық аулау. Имантау селосындағы тұрғылықты орындарға қайтып келу.

«Казачий аралы» бағыты

 

Саяхат түрi: су (катер)
Ұзақтығы: 3 сағат
Бағыттың ұзындығы: 18 шақырым.
Бағыттың жұмыс уақыты:
1 маусымнан 20 қыркүйекке дейiн.
Топ саны: 10 адамға дейiн.
Бағыттың сипаттамасы: «Имантау» демалыс базасында туристер тобы құрылады және катермен оңтүстiк бағытта көл бойымен, «Боровушка» демалыс аумағын айналып өтiп, Имантау көлi жағалауынан 4 шақырым жерде орналасқан «Казачий» аралына аттанады. Арал жүрек тәрiздес нысанда, осы жерлерде сирек кездесетiн арша талдарымен жабылған, олар биiктiк пен көл жағасында өседi және оған бiрегей сипат бередi. Ал тағы да осы аралда жыландар бар, сол үшiн халық аралды Жыланды деп атап кеткен. Аралда жаяу серуен, ланч-топтамалардан түскi ас ұсынылады. Көлiктiң сол түрiмен Боровушка демалыс аумағына барумен қайтып келу, жағажайлық демалыс, балық аулау.

«Айыртаудың бiрегей ландшафы» бағыты

Саяхат түрi: жаяу
Ұзақтығы: 1 күн
Бағыттың ұзындығы: 7 шақырым.
Бағыттың жұмыс уақыты:
1 маусымнан 20 қыркүйекке дейiн.
Топ саны: 10 адамға дейiн.
Бағыттың сипаттамасы: бағыт 4 селолық қонақ үйi орналасқан Айыртау селосынан басталады. Шалқар көлiнiң оңтүстiк жағалауы бойымен «Аңшы және балықшы үйi» кемпингiне дейiн жетедi. Бағыт қиын, негiзiнен тасты жағалаумен өтедi. Таулар жоқ жерде құмды жағажайлар орналасқан. Көл жағалаулары қарағай ормандармен жабылған. Бағыттың толық ұзындығы бойында оңтүстiк жағаға шоқылар ойысқан, олардың астынан көптеген бұлақтар ағып жатыр. Керi қайтқан жолда аялдау, ланч-топтамалардан түскi ас, «Ардагер» демалыс аумағында жағажайлық демалыс. Бағыт аяқталған соң қосымша қызмет түрлерi ретiнде ұлттық мәнерде жабдықталған киiз үйдегi этношоу немесе шұбат сусынын татумен түйеге мiнiп серуендеу ұсынылады.

«Два брата» шоқысы» бағыты

Саяхат түрi: жаяу
Ұзақтығы: 1 күн
Бағыттың ұзындығы: 6,5 шақырым.
Бағыттың жұмыс уақыты:
1 маусымнан 20 қыркүйекке дейiн.
Топ саны: 15 адамға дейiн.
Бағыттың сипаттамасы: бағыт Айыртау селосынан сирек қарағай орманымен оңтүстiк бағытта село сыртындағы жолмен басталады. Одан әрi жол үш шақырым ұзындығында қайыңды орман арқылы «Айыртаушық» көлiне және «Два брата» шоқысына апарады. Шоқының биiктiгi 300 метрдi құрайды. Жоғары өрмелеу ерекше назар мен дағдыны талап етедi. Шоқы төбесiнде қарау алаңы бар, одан «Имантау» және «Зерендi» демалыс аумағы көлдерi мен шоқыларының көрiнiсi ашылады. Керi қайтқан жолда «Ардагер» демалыс аумағы жанында аялдау, жағажайлық демалыс. Ланч-топтамалардан түскi ас. Айыртау селосындағы тұрғылықты орындарға қайтып келу.

«Үшкiр соқы» бағыты

 

Саяхат түрi: жаяу
Ұзақтығы: 1 күн
Бағыттың ұзындығы: 13 шақырым.
Бағыттың жұмыс уақыты:
1 маусымнан 20 қыркүйекке дейiн.
Топ саны: 15 адамға дейiн.
Бағыттың сипаттамасы: топтың құрылу орны — Айыртау селосы. Одан әрi орман арасындағы соқпақ және автожолмен сарқырамаға дейiн және «Үшкiр соқыға» (биiктiгi 250 м.). Қарау алаңы биiктiгiнен Имантау, Лобаново, Байсары, Чебачки көлдерi, Шалқар көлiнiң бiр бөлiгi және жақын маңдағы селолар көрiнедi. Одан әрi бағыт қазық ормандары арқылы керi бағытта жүредi. «Тұрпан» демалыс аумағы маңында аялдау орны. Ланч-топтамалардан түскi ас, жағажайлық демалыс. Айыртау селосындағы тұрғылықты орындарға қайтып келу.

«Аққан жұлдыз» бағыты (Шоқан Уәлихановтың әжесi — «Айғанымның мұражай-үй-жайына саяхат)

Саяхат түрi: автобустық-жаяу
Ұзақтығы: 1 күн
Бағыттың ұзындығы: 25 шақырым.
Бағыттың жұмыс уақыты:
жыл бойына.
Топ саны: 30 адамға дейiн.
Бағыттың сипаттамасы: бағыт Петропавл қаласынан рейстiк автобустармен жетуге болатын Саумалкөл посёлкесiнен, Айыртау және Имантау селоларынан басталады. Автобуспен туристер Ш.Уәлиханов әжесiнiң үйi –«Айғаным қонысына» кетедi, ол Саумалкөл селосының солтүстiгiнде 25 шақырым және Сырымбет селосының шығысында 15 шақырым жерде, онда Ш.Уәлихановтың тарихи-этнография-лық мұражайы орналасқан. Үй-жай 6 ғимараттан тұрады. Үлкен үй басты болып саналады, онда Ш.Уәлихановтың әжесi Айғаным тұрған. Үй интерьерi бәз баяғы қалпында сақталған, жанында мешiт және басқа да шаруашылық құрылыстары орналасқан. Барлығының тарихи құндылығы бар. Сырымбет селосы аумағында Ш.Уәлихановтың мұражайы бар, онда Ш.Уәлиханов туралы мұражайлық материалдардың негiзгi бөлiгi орналасқан. Мұражай — ағаштан жасалған бiр қабатты ескi құрылыс ғимараты.

«Ботай археологиялық мекенi» бағыты

Саяхат түрi: автобустық-жаяу
Ұзақтығы: 1 күн
Бағыттың ұзындығы: 45 шақырым.
Бағыттың жұмыс уақыты:
жыл бойына.
Топ саны: 30 адамға дейiн.
Бағыттың сипаттамасы: бағыт Петропавл қаласынан рейстiк автобустармен жетуге болатын Саумалкөл кентiнен, Айыртау және Имантау селоларынан басталады.
Жол бойында қоршаған ортаға антропогендiк ықпал дерегi ретiнде Саумалкөл көлiн көру. Қазiргi мезетте осы көл барлық параметрлерi бойынша өлi. Адам қызметiнiң нәтижесiнде онда балық, судың басқа да мекендеушiлерi жоқ, суды ұнататын өсiмдiк түрлерi өспейдi. Ескерткiшке жеткен соң — қазбаларды көрумен жаяу серуен.
Ботай қазбалары (ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған) — неолит дәуiрiнiң ескерткiшi (б.э.д. -4-3 мыңжылдықтың соңы), алаңы 20 га.
Ботай мекенi 1980 жылы ашылған және 23 жыл бойында зерттелiп келедi. Мәдени мұраны насихаттау және туристiк бағытты ұйымдастыру мақсатымен мекен жанында ботай типтiк тұрғын үйдiң екi макетi жасалған, бүгiнгi күнi олар жабылған. Ескерткiштердiң ғылыми құндылығы зерттеулердiң Еуразия далаларында коммуникация, салт жүрiс және доңғалақтық көлiкпен жүрудiң принципиалды жаңа жүйесi — шаруашылықтың өндiрiстiк құралдары пайда болуын көрсететiндiгiнде жатыр.

«Көне батырлар жерi» бағыты (Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенiне саяхат)

Саяхат түрi: автобустық-жаяу. Ұзақтығы: 1 күн. Бағыттың ұзындығы: 20 шақырым. Бағыттың жұмыс уақыты: жыл бойына. Топ саны: 30 адамға дейiн.
Бағыттың сипаттамасы: бағыт Петропавл қаласынан рейстiк автобустармен жетуге болатын Саумалкөл посёлкесiнен, Айыртау және Имантау селоларынан басталады.
Осы бағытта аса тарихи құндылығы бар Қарасай және Ағынтай батырлар кесенесiмен танысуға болады. Бағыт Мәдениет селосына қарай Саумалкөл селосының оңтүстiгiмен өтедi, оның шығысында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте Абылай ханның көмекшiлерi — Қарасай және Ағынтай батырлар моласының үстiнде көтерiлген мемориалдық кешен орналасқан.
Екеуi де мемориалдық кешен жанындағы Құлшынбай-төбе шоқысында бiр зиратқа жерленген.
Арғын руынан шыққан Ағынтай (Солтүстiк Қазақстан) 1599 жылы туған, Алтынай ұлы Қарасай батыр 1598 жылы туған. Ол Шапырашты руынан шыққан (Оңтүстiк Қазақстан), Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың туған арғы атасы. Екi он алты метрлiк күмбез (Қарасай және Ағынтай батырлар кесенесi) және он екi метрлiк мешiт — кешеннiң негiзгi ғимараттары. Кесененiң сыртында граниттен жасалған тақта орнатылған. Мұнда Қарасай батырдың екi егiз ұлы жерленген. Күмбездi айнала тағы да жауынгерлердiң бiрнеше зираттары бар. Бұл зираттар жиектаспен қоршалған және гранит сынықтарымен толтырылған.
Биiк төбеден Айыртау даласының дүр сiлкiндiретiн сұлу көркi ашылады. Бой көтерген кесене Қазақстан халықтарының бiрлiгi мен достығы, ұйымшылдығының нышаны болып табылады.

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні