Туризм түрлерi

Экологиялық туризм

 

Облыс аумағында ерекше қорғалатын 16 табиғат объектiсi, 3 000-нан астам көл бар.
Туристер үшiн орманды-далалы аймақ жануарларының өмiр сүру ортасын көрсету объектiсi ретiнде бұлан, елiк, қабан, жанат тәрiздi ит, түлкi, борсық, қоян, тиiн және т.б. көптеп мекендеген Согров және Мамлют қорықшалары, «Красный бор» қорығы ұсыныла алынады.
Жазғы мерзiмде аққулар, бiрқазандар ұя салады.
Облыста орхидеяның кездеспейтiн түрi өседi
Айыртау ауданында (Айыртау с., Имантау с.) жергiлiктi туристiк қоғамдастықтар құрылған. Туристiк бизнес саласына жоғарыда айтылған селолардың тұрғындары тартылған, тұру, тамақтану, экскурсиялық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер ұсынылады.

 

Танымдық туризм

 Ботай, Бектеңiз, Ақ-Ирий археологиялық ескерткiштерi, Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi, «Айғаным» мұражай-үй-жайы, зерттеушi ғалым Ш. Уәлиханов, жазушылар И. Шухов; С. Мұқанов, Ғ. Мүсiрепов, М. Жұмабаев, ғарышкер А. Викторенколардың мемориалдық мұражайлары, Қожаберген жырау мемориалы.

 

Спорттық туризм және демалыстың белсендi түрлерi

 

Облыста спорттық туризм Спорттық туризм федерациясымен, «ҚР Альпинизм және құзға шығу федерациясы» ассоциациясының филиалымен, спорттық бағдар жөнiндегi федерациямен, «Планета» турорталығымен, «Спортландия» турорталығымен, «Ориентир» студенттiк турорталығымен ұсынылған.
Облыста спорттық балық аулауды дамыту үшiн барлық жағдайлар бар. Қазiргi кезде 250-ден астам су қоймасы балықтың құнды түрлерiн тауарлық өсiрудi жүзеге асыру үшiн ұзақ мерзiмдi жалға берiлген. Үлкен Торанғұл көлiне белого амура и белого толстолобика шабақтары әкелiнген. Көптеген көлдерде тұқы, көлдiк пелядь, қара балық, лақа, табан; көлдерге сазан ұрықтарын жiберу жөнiндегi шаралар қабылданған (Петропавл балық питомникке сазанның жатырлық бастары әкелiнген және облыс көлдерiн балыққа толтыру үшiн зауыттық әдiспен алғаш рет 583 мың ұрық алынған).

 

Емдеу-сауықтыру туризмi

СҚО аумағында тұщы және техникалық сулар табылған орындар зерттелген, минералдық сулар көздерi анықталған. Қазiргi кезде «Асанов» минералдық суының көзi пайдаланады. Становское және Пресное көлдерiнде емдiк балшықтар байқалған.
Становское көлi Петропавл қ. батысында 55 шақырым және Мамлют станциясының оңтүстiгiнде 17 шақырым жерде орналасқан. Бұл су қоймасының ұзындығы 7.7 және енi 2.5 шақырым. Осы көлдiң балшығы 30-жылдары Омбы институтының ғылыми қызметкерi Успенскиймен зерттелген. Оның тұжырымдамасы бойынша көлдiң минералданған суы мен балшығы бальнеологиялық құндылықты бiлдiредi.
Пресное көлi Петухов ст. 60 шақырым және Преснов станциясынан 2 шақырым жерде орналасқан, енi 3 шақырымға дейiн. Көл суы өткiр-ащы, балшығы қара түстi, икемдi. Тұзды су мен балшықтың емдiк қасиеттерi 30-жылдары доктор Брякинмен азғантай ғана емделушiлерге тексерiлген (балшық күн сәулелерiмен жылытылған), ол жақсы емдiк әсердi атап өткен.

 

Iскер туризм

Облыстың географиялық орналасуына байланысты Ресей Федерациясымен сауда-экономикалық әрiптестiк жақсы дамыған, сонда Омбы, Түмен және Қорған — шекаралас облыстармен ынтымақтастық негiзгi үлестi алады, олармен экономиканың әр түрлi салаларындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасалған және iске асырылуда.
Ұдайы негiзде облыста мәдениет, денсаулық сақтау, құқықтық тәртiп сақтау және т.б. — әлеуметтiк-экономикалық қызметтiң әр түрлi салаларындағы шекара маңы ынтымақтастығы жөнiндегi бiрлескен iс-шаралар жүргiзiлiп тұрады. 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні