ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Екібастұз қаласы Қазақстан Республикасының Павлодар облысында орналасқан. Қазақстанның ірі көмір алабы табылған жер. Бассейн жанынан Павлодар-Астана теміржолы, Ертіс-Қарағанды каналы және Павлодар-Қарағанды автожолдары өтеді. Көлемі 155 шаршы шақырым , ұзындығы 24 шақырым және максималды ені 8,5 шақырым котловинаға тіреледі. Көмірдің жалпы геологиялық қоры шамамен 10 млрд т. Қазба орталығы — Екібастұз қаласы. Екібастұз елді мекені 1898 жылы ашылған. Екібастұзға облыстық маңызы бар қала статусы 1957 жылғы 12 маусымда берілген. Аймақ аумағы - 18,9 мың шаршы шақырымды құрайды. 2010 жылғы 1 қаңтар бойынша аймақтағы елдің жалпы саны - 143897 адам, оның ішінде:
- қала тұрғындары – 134546 адам.
- ауылдық – 9351 адам, оның ішінде:
- жастар – 40 889 адам.
Халық тығыздығы 1 шаршы метрге 7,5 адам. Екібастұзда 80 астам ұлт өкілдері тұрады.
Екібастұз қаласының білім беру жүйесінде 49 мектеп, оның ішінде ауылдық - 23. Барлығы – 18780 оқушы. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелер – 22: мұнда 4833 бала оқытылып, тәрбиеленеді. Қосымша білім мекемелері - 3: бейнелеу өнері және музыка мектептері, "Қайнар" балалар және жасөспірімдер шығармашылығ орталығы. Мұнда шамамен 20030 оқушы айналысады.
Екібастұз аймағында 37 емделу-сауықтыру мекемелері қызмет көрсетеді.
Екібастұз қаласында 20 мәдени мекемелері қызмет етеді. Достық үйі 10 этно-мәдени бірлестіктерді біріктіреді. Қалалық тарихи-өлкетану мұражайы көрме залы және 9 экспозициялық залдары бар. Мұражай қорында - 28135 экспонат. Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 26 кітапхана, кіреді. Кітап қоры 348581 экземплярды құрайды.
Спорт. Спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы желілер қызмет атқарады.: 5 балалар-жасөспірімдер спорттық мектептері, мұнда 4700-ден астам адам шұғылданады; 211 спорттық ғимараттар, оның ішінде «Шахтер» стадионы, 5 жүзу бассейндері, 61 спорттық залдары, ипподром. Спортты дамыту жылдарында Екібастұзда 20 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының 50 спорт шебері дайындалған.
Екібастұздық көмір алқабы – әлемдегі ең ірі орын. Богатырь Аксес Комир» ЖШС - ашық тәсілмен көмір қазу бойынша тау кәсіпорны. Кесіндінің өндірістік қуаттылығы жылына – 42 миллион тонна. Көмірді тұтынушылар Қазақстан Республиксы мен Ресей Федерациясының энергожүйелері болып табылады.
"Богатырь Аксес Комир" ЖШС халықаралық сапа стандарттары енгізілген. «Восточный» АҚ алқабын «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясының» өндірістік қуаттылығы жылына – 22,5 млн. тонна көмір.
Көмірдің өндірістік қоры – 1,3 млрд.тонна, кесінді тереңдігі - 175 м. Шөміштердің сыйымдылығы – 139 куб.м. жер қыртысында – 108,5 куб.м. Жұмысшылар саны - 2960 адамнан астам.
Екібастұз электрстанциялары өзара Ұлттық электр желілерімен байланысқан, Қазақстанның электроэнергетикасының негізін құрайды.
"АЕS" Екібастұз» ЖШС - ГРЭС - 1 станциясы 12.04.1980 жылы пайдалануға берілген. Электр энергиясын біртекті энергетикалық жүйеде өндіреді, Қазақстанда электроэнергиясын өндіру үлесі - 12%. Конденсациялық электр қуаттылығы - 4000 МВт. Станцияның қуаты – 1800 Мвт. жетеді.
«Станция Екібастұз ГРЭС - 2» АҚ - Қазақстан Республикасындағы қарқындыдамып келе жатқан қазіргі заманға сай станциялардың бірі. Станцияға бекітілген қуаттылық 1000 МВт. Станция екіблокты тәртіпте жұмысістейді.
2015 жылға дейін энергетикалық саланы дамыту Республикалық Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үшінші және төртінші энергоблоктарды ң құрылысының технико-экономикалық негіздемесі жасалған.
Бағдарламаның қосынды салымы 12 млрд. теңгеге бағаланады.
Екібастұз ауылдық аймағына 10 ауылдық округ 2 поселке, 2 ауыл кіреді. Ауыл шаруашылығының негізгі қызметі - мал және бақша шаруашылығы.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: