ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ

     Павлодар қаласы Ертіс әскери бөлімінің форпостыларының бірі ретінде 18 ғасырдың басында пайда болған ескі қала.
     Халық өсиеті бізге қазіргі Павлодар орналасқан орында XVIII ғасырға дейін тайпалардың көшіп-қонғанын жеткізді, оның ішінде қазақтар да жазғы уақытта өз киіз үйлерін орнатқан. Бірақ киіз үй қонысының атауы болмағандықтан ол еш картада белгіленбеген. 1720 жылы қазіргі Павлодардың орнында Ертіс бекініс аймағының бірі ретінде Коряковск форпостын қалаған кезде ландшафт аталған түрде болуы мүмкін. «... Ертістегі осы форпоста адам көбірек, мұндағы құрылымы да жақсырақ. Мұндағы форпост орналасқан биік және ашық қыр дала, өзенде орналасқан көз тартымды аралдары бар алқап оған одан да жақсы көрік береді...», деп 1770 жылы саяхатшы П.С. Паллас жазған.
     1861 жылы жергілікті көпестердің райы бойынша станица қала мәртебесіне айналып, оған нәресте князь Павелдің құрметіне Павлодар атауы берілген. Қаланың қолайлы жерде орналасуы, мекеннің болуы, тұз өндірісі – осының барлығы қаланың тез өсіп-өркендеуіне әкелді. Шөл даланы сату жақсы дамыды. Көпестілік, қаланың орын алуы оған жаңа сипат берді, көптеген ағаш үйлер, мешіт, шіркеу пайда болды. Бұл ғимараттар қазіргі уақытқа дейін қаланың ескі бөлігін әшкерелеп тұр.
     Қала мәртебесін алған соң шамамен 100 жылдан кейін тың игеру жылдары Павлодар өзінің қарқынды дамуына келді. Қаланың өнеркәсіп орталығына айналуы Павлодар қаласында Трактор және Алюминий зауыттарының құрылысымен байланысты. Бүгін Павлодар Қазақстанның өндірістік орталықтарының бірі ретінде Павлодар облысының орталығы болып табылады.
     20 ғасырдың басына қарай Павлодар Ертістегі ірі қалалардың біріне айналды. Павлодар - қазіргі заманға сай өндірістік және мәдени қала. Павлодардың қазіргі келбеті – сібір «көпестік» стиліндегі ескі үйлер қазіргі заманғы ғимараттармен жақсы үйлескен. Қазіргі кездегі Павлодар Ертіс жағалауы бойынша 16 шақырым ағынға жалғасады, бұл қаланың батыс шекарасын құрып, оның сипатын анықтайды. Ертістің жасыл жағажайы қаланың тұрғындары мен қонақтарын өзіне тартады. Павлодар аумағы 267 шаршы шақырымды құрайды. Халықтың ұлттық құрамы келесі түрмен сипатталады: 154408 (49,8%) орыстар, 102750 (33,2%) қазақтар, 23610 (7,6%) украиндер, 8745 (2,8%) немістер және 20249 (6,6%) басқа ұлттар.
     Павлодар Қазақстанның ірі өндірістік орталықтарының бірі болып табылады: мұнда түрлі салалық бағыттағы өндірістер, мұнай өңдеу, машина жасау, құрылыс, энергетика, химия өндірісі және металлургия орналасқан. Сонымен қатар, шамамен 7000 шағын және орташа бизнес кәсіпорындары тағамдық өнімдер мен халықтық қажеттілік тауарларын өндіреді. 2003 жылдан бастап Ертісте жүк пароходы қайта жаңғырды. Павлодарда халықаралық компаниялардың өкілдіктері болмағанмен, павлодарлық мекемелердің көбі Германияның кәсіпорындарымен ұзақ уақытты серіктік қатынастарға ие. Мысалы, Алюминий зауыты немесе «Роса» АҚ.

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні