Баянауылға жету жолдары

Сан мыңдаған туристерді өзінің ерекше қайталанбас табиғатымен таң қалдырып келетін Баянауыл демалыс аймағына жету үшін келесі бағыттарды пайдалана аласыз.

Астанадан
Астана қаласынан бару үшін шамамен 450 шақырымды құрайды. Астана қаласынан Павлодар бағытына пойызға немесе автобусқа билет алып, Павлодар немесе Екібастұз қаласына жетесіз. Ары қарай автобус немесе таксимен жете аласыз. Пойыздардың жүруі жайлы ақпараттарды мына сайттан көре аласыз.

Алматыдан
Алматыдан келу үшін Павлодарға не Қарағандыға әуе көлігіне немесе пойызға отырып келесіз, ал бұл қалалардан такси немесе автобуспен Баянауылға жетесіз.

Қарағандыдан
Қарағанды қаласынан Баянауылға күн сайын автобустар үш мезгіл жүріп тұрады немесе такси жалдауыңызға болады (бағасы қымбатырақ болады).


Пойызбен

Пойыз көлігін таңдасаңыз Екібастұз қаласынан түсіп, ары қарай 100 шақырым жолды такси немесе автобуспен өтуге болады. Немесе Павлодар қаласына дейін барып, сол жерден автобуска отыруға болады, бірақ бұл көбірек уақытты алады. Немесе Қарағанды қаласына дейін пойызбен барып осы жерден автобус немесе таксимен шыға аласыз.

Автобуспен
Автобуспен бару үшін Қарағанды, Екібастұз немесе Павлодар бағытына билет сатып аласыз. Билеттер мен рейстер туралы ақпаратты автобекеттерге хабарласу арқылы білуге болады.

Автокөлікпен
Өз көлігіңізбен Баянауылға жету оңай болу үшін Павлодар облысының автомобиль жолдары картасын ұсынамыз.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні