ТАРИХИ МӘЛІМЕТ

            Археологиялық зерттеулер көрсеткендей, Ертіс өңірінде тарихи кезеңге дейін де көптеген тайпалар өмір сүрген. Ежелгі адамның тұрақ орындары Баянауыл ауданында, Ертіс өзенінің жағалауында табылған. Тас және т.б. құралдар табылған. Мың жылдықтар өте келе, Ертіс өңірінде өмір сүрген тайпалардың мәдениеті өзгерді. Мұнда қимақтар, үйсіндер, қаңлылар, наймандар қоныс аударған.
           Павлодардың болмысы– Коряков пошта форпостысы Ертіс өзені жағалауында Ямышев бекінісінен алыс емес жерде 1720 жылы пайда болған. 1861 жылы Коряковка станицасы қала статусын алып Павлодар қаласы атауына өзгертілді. Павлодар облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылды.
           Сібірді және аумақты зерттеу мақсаты алтын және кен орындарын іздеу, Үндістан мен Қытайға сауда жолдарын зерттеу және ашу, Ертіс бойынша аумақты меңгеру, сонымен қатар Ямышев көлінен тұз тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ертіс өңіріндегі алғашқы бекініс Омбы, одан кейін Железин, Семей және Өскемен бекіністері құрылды, 1720 және 1740 жылдар аралығында бекіністер аралығында байланыс орнату үшін 30-дан аса қорғаныстар тұрғызылды: форпосттар, редуттар, маяктар, пошта аулалары. Оның әкімшілік орталығы ретінде Ямышев бекінісі анықталды. Тек Омбы, Семей, Өскемен бекіністері және Коряков форпостысы ғана ірі экономикалық және әкімшілік орталықтарына айналды.
           ХIХ ғасырдың ортасынан бастап Сібірге Ресейдің шағын жерлі губернияларынан шаруалар көшіп-қона бастады. Жер өңдеу дамып, қала халқы артты, сонымен қатар сауда өркендеді.
          Коряков көпестігі банк, телеграф, нотариалдық кеңселердің жоқтығынан коммерциялық жағдайларды жүргізе алмады. Станицаны қала статусына ауыстыру үшін белгілі бір мөлшердегі ғимараттар мен тұрғындар қажет болды. Көпестердің станицаға қала атағын беру туралы өтініші қаралмады. Бірақ бұл жағдайдан шығу жолы табылды. 1860 жылы ІІ Александрде Павел атты ұлы туды. Осындай оқиғаның құрметіне патшадан Коряков атына патша баласының атын беру сұранысы пайда болды.
           1868 жылы Павлодар әкімшілік-территориялық бөлім ретінде танылды. 1901 жылдың басында Павлодарда мыңнан аса үйлер, екі шіркеу, мешіт болды. Орталыққа жақын көпестік сауда қатарлары мен лабаздар өсті. Жаңа құрылыстарда пошта-телеграф кеңселері, Ресей-Азия банкісінің Павлодарлық бөлімшесі, қазына, 2 жер құрылғылары мен көлік сақтау орындары болды.
           1901 жылы болған өрт қаланың үштен екі бөлігін жойып жіберді. Осыдан кейін Павлодар бос қалған жерге айналды. Бұдан кейін қала тек қана құрылыс орындарын көтеріп қоймай, сонымен қатар өсті. Павлодар Ертістегі ірі сауда орталығы маңызына ие болды.
           Ертіс Павлодардың дамуы үшін маңызды болып табылды. Мұнда үлкен тұрақтардың бірі орын алды: кемелердің қысқы орны үшін қолайлы орындар, қолайлы кеме аялдайтын орын, терең арна.
           1938 жылы құрамына 10 аудан, орталығы Павлодар қаласы болып табылатын Павлодар облысы құрылды.

           1940 жылы қалада 85 өндірістік кәсіпорын қызмет атқарды. Халық саны 28 мың адамды құрады. Қала желектеніп, өркендеп жатты. Ленин саябағы, комсомолдың 25-жылдығы атындағы қалалық саябақ... Құбырлар да қатар құрды. Төрт мектеп, юанк, қалалық монша, балалар бақшасы мен ясли, сүтконсерв зауытының тұрғын кварталы және басқалары бой көтерді.
            Павлодар ірі мәдени орталыққа айнала бастады. Пәтерлер радифицирленіп, театр, қызыл бұрыштар мен қолөнер үйірмелері жұмыс істеді. 1940 жылға қарай Павлодарда қазақ тіліндегі мекьепьі қосқанда Павлодарда 15 жалпы білім беретін мекеме жұмыс атқарды. Сонымен қатар қалада 5 арнайы оқу мекемелері болды: сүт-индустриалды және зооветеринариялық техникумдары, медициналық және совхозаралық мектептер, педагогикалық училище. Облыстық, қалалық және балалар кітапханалы жұмыс атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Павлодар кеңес Үкіметінің басқа қалалары сияқты мобилизация, жергілікті өнеркәсіп өнімінің артуы, әскер қатарындағылардың жанұяларына көмектесу және эвакуациялау мәселелерін қарастырып, Павлодарға эвакуацияланған өндірістік кәсіпорындарды өзіне орналастырды.
           1942 жылы Краснодардан эвакуацияланған литий-механикалық зауытының негізінде «Октябрь» зауыты құрылды. 10 мыңға жуық павлодарлық-әскерилер майдандағы батырлығы мен жігерлігі үшін медальдармен марапталлады. Оның ішінде 19 адамға Кеңес Үкіметінің Батыры атағы берілді. Қала орталығында Даңқ ескерткіші орнатылған, павлодарлық-әскерилердің құрметіне мәңгілік от лаулап тұр. Соғыстан кейінгі жылдары өндірістік кәсіпорындардың, құрылыс индустриясының жедел өсуімен, энергетиканың қарқынды дамуымен ерекшеленді. Бүгін Павлодар – экономиканың басты саласы түсті металлургия, мұнайгаз, машинажасау, құрылыс индустриясы мен энергетика болып табылатын Қазақстанның ірі индустриалды орталығы.
            Палодарда 4800-ден аса түрлі формадағы жеке меншік кәсіпорындар жұмыс істейді. Кәсіпорындар 250-ге жуық өнім түрлерін шығарады: бензин, дизель оты, химия құрылғылары, картон, резина бұйымдары, керамика, жиһаз, силикат кірпіші, пиломатериалдар, керамзит, жинақтаушы темір бетон құрастырушылары, медицина шприцтері және көптеген басқалары. Қаланы Павлодар портысыз көз алдына келтіруге болмайды. Жүк тасымалы, өзен пароходының бұрынғыша, қаланың дамуы үшін маңызы зор.
            Павлодар – республиканың ғылыми, білімдік және мәдени орталығы. Қала жастары екі жоғары оқу орындарында жоғары білім алуына мүмкіндіктері бар - С.Торайғыров ат. Павлодар Мемлекеттік Университеті (ПМУ) және Инновациялық Еуразия Университеті (ИнЕУ), Павлодарда жұмыс істейтін қазақстандық және ресейлік ЖОО-ның филиалдарында, 9 орта арнайы білім беретін колледждерде.
            Балаларға 49 жалпы білім беретін және 20 арнайы мектептің есігі ашық. Павлодарлықтарға 14 кітапхана қызмет көрсетеді. Павлодар бай тарих пен ескі мәдени дәстүрге ие. Сарайлар мен мәдениет Үйлері, сауық орталықтары, парктер, мұражайлар, драмалық театрлар, өз қонақтарын қарсы алуға дайын.

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні