Павлодар облысының географиясы

            Павлодар облысы республиканың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Облыс аймағының рельефі – негізінен жазықты. Ертістің оң жағалауын Барабин ойпаты мен Құлынды жазығы алып жатыр. Сол жағалауда абсолюттік биіктігі 100-200 м-ге жететін Ертіс жағалауы жазығы жатыр. Оңтүстік-батыс бөлігінде Баянауыл, Ақбет (1026 м.), Қызылтау (1055 м.), Желтау (959 м.) таулары - ерекшеленген Сарыарқаның ұсақ шоқылары алады.
           Павлодар облысы Ертіс өзенінің екі жағалауында шөлейт және жартылай шөлейтті жерде орналасқан. Облыс аумағынан шығыстан батысқа қарай Оңтүстік-Сібір теміржол торабы өтеді. Облыс солтүстіктен – Ресей Федерациясының Омбы облысымен, солтүстік-шығысында – Жаңасібір (Новосибирь), шығысында – Алтай өлкесімен, оңтүстігінде – Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облысымен, батысында – Ақмола мен Батыс Қазақстан облысымен шектеседі. Облыс халқы 748,9 мың адамды ққұрайды. Экономикалық белсенді халық - 430 068 адам. Мұнда 70-тен аса ұлт өкілдері тұрып жатыр. Облыс аумағы –124,8 мың шаршы шақырым.
            Аймақтың көп бөлігі қара-қоңыр және қоңыр топырақты соқпақты қыр далада жатыр. Ертіс алабы – шабынды алқап. Баянауыл тауларында қарағайлы - қайыңды орман өседі, сонымен қатар сұңғат көлдер өте көп (Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл және т.б.). Мұнда сондай-ақ, Баянауыл Ұлттық табиғи паркі де бар. 
           Жер қойнауы тас көмір, түсті және сирек металдар, ас тұзы, құрылыс шикізаттарына бай.  
           Өзендері: облыс аймағымен Ертіс өзені ағады (облыс шегінде 500 шақырымға жуық), Ертіс-Қарағанды каналы жүргізілген (ұзындығы 458 шақырым).
           Көлдері: облыста негізінен тұзды көлдер көп. Олардың ішіндегі ең ірілері – Қызылқақ (көлемі 175 шаршы шақырым), Жалаулы (171 шаршы шақырым), Қарасор (75,5 шаршы шақырым), Маралды (54,7 шаршы шақырым).
           Климаты: климаты қатаң-континентті. Қаңтардың орташа температурасы -17 -190С, шілде +20 +220С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 220-300 мм.

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні