Байқоңырға қалай жетуге болады

Байқоңыр – экскурсиялар мен танымдық туризм орталығы, бұл жерде адамзаттың ғарыш кеңістігін зерттеуі туралы мол мағлұмат алуға болады. Байқоңырға баратын болсаңыз, келесі ақпарат өте маңызды.

Астанадан

Астана қаласынан Байқонырға Қызылорда қаласы арқылы пойызбен немесе ұшақпен бара аласыз. Астана қаласынан Байқоңырға (Төретам станциясы) тікелей пойыз жоқ, Қызылорда қаласында пойыз ауыстыруға тура келеді.

Алматыдан

Алматыдан Байқоңырға Төретам станциясына дейін) тікелей жүретін күнделікті пойыздар бар, сонымен қатар Қызылорда қаласына дейін авиабилеттер сатып алып, әрі қарай пойызбен немесе автобуспен баруға болады.

Әуе көлігі

Байқоңыр қаласына Мәскеуден тікелей әуе көлігі аптасына үш рет ұшып тұрады (Домодедово әуежайынан Крайний әуежайына дейін). Немесе билеттерді Қызылорда қаласына дейін алып, әрі қарай пойызбен (үш-төрт сағат) не автобуспен баруға болады.

Пойызбен

Пойызбен саяхатқа шығатын болсаңыз Байқоңырға (Төретам станциясына дейін) тікелей немесе пойыз ауыстырып жете аласыз. Билеттер мен пойыздыар кестесі pcentre.kz сайтында.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні