Зеренді

Зеренді өлкесі ну тоғай-орманымен, шатқалы мен таулы күмбездерімен әйгілі. Бұл жасыл аймақ тынық ормандарымен, хош иісті шөптерімен және қайын-қарағай сұлулығымен көз тартады. Құрамында озоны бар шипалы ауа бал қарағайлардың еңбегі. Орман ішінде туристтер сүрлеу жолдар бойымен аяңдай алады. Машина және жаяу жолдардан басқа мұнда ат және велосипед жүретін жолдар салынған. Қыстыгүні шаңғы тебу мүмкіндігі де бар. Құстар мен балықтарға бай көлдер мен ориандар, шүйгін жайылымды жазық дала көне дәуірден бастап-ақ адамдардың назарын өзіне аударған болатын.Жаз болса өзінің ыстық лебін әкеліп, жеміс-жидек пен саңырауқұлақтарын кең дастархандай жаяды. Ал көл сулары балықтардың түр-түріне молаяды.

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні