Бурабайға қалай жетуге болады?

Қазақстанның ең бір көрікті жерлерінің бірі – Бурабайға бірнеше жолдар арқылы жетуге болады: 

Астанадан
Көптеген авиякомпаниялар Астанаға дейін бірқатар әуе рейстерін ұсынады, ал Астанадан Бурабайға дейін шамамен 250 км. Теміржол вокзалының алдында тұратын маршруттық таксилер арқылы, немесе Сапаржай автобекетінен автобус арқылы Бурабайға жетуге болады. Такси бағасы бір адамға шамамен 2 500 теңге болса, ал автобус билетінің бағасы 1 300 теңге.

Алматыдан
Алматыдан Көкшетауға Scat авиакомпаниясы аптасына үш рет тұрақты түрде ұшып тұрады. Көкшетаудан Бурабайға дейінгі қашықтық 35 км, такси немесе автобус арқылы баруға болады.

Пойыз арқылы
Бурабайға жетудің ең кең тараған жолы пойыз арқылы бару. Бұл көлік түрін таңдасаңыз, «Курорт Боровое» стансасына дейін билеттерді қарауыңыз қажет. Пойыздардың жүру кестесі жайында ақпаратты pcentre.kz сайтынан біліп, сол сайттан билеттерді сатып алуға болады.

Автокөлікте
Автомобиль арқылы баратын болсаңыз, Ақмола облысының көлік жолдары картасы қажет болуы мүмкін.

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні