Бурабай

Көне халықтың ежелгі мекені Ақмола - көркем әрі бай өлке. Ол республикамыздың солтүстігінде шарықтап ұшуға қомданған қыран қанатындай болып кең көсіліп, кербез жатыр. Оның құнарлы топырағы мен таспадай тартылған өзен-көлдері, алабы атшаптырым жайылымдықтары мен бай кен орындары, таусылмас орман байлығы, кәсіпшілік аң мен балық молшылығы әлмисақтан-ақ оған деген адамдар қызығушылығын арттырып, өзіне баурап келеді. Бурабай, Шортан, Үлкен және Кішкентай Шабақты, Зеренді көлдері мен жүздеген өзен-сулар өлкенің таратылған бұрымындай, алқасына тағылған інжу-маржандай. Жаз күндері демалушыларға көп қызығушылық әкеледі.Алайда үнсіз және көңілсіз күз мезгілі де ерекше. Ағаштар алтын сырғаларын киіп, соңғы жылы күн шуақтарында жылтырай бастайды. Дәл осы кезде саңырау құлақтар өсіп шығады.Бурабайда олардың жүзден астам түрі бар. Табиғат ананың өзі жасаған гранит мүсіндерінде де бір құпия тартылыс күші бар. Одан сәл қашықтап қиялыңызға қанат бітіріп көріңізші, тасқа «Жан» біткенін сезген болар едіңіз. Бурабай өлкесінде материалдық мәдени ескерткіштер жоқ.Алайда табиғат өз күшімен тауларды жаратып, терең шұңқырларды көгілдір көлдерімен толтырып, маңайна қарағайлар мен қайындарды өсіріп бұл мекенді не бір таң ғажайып өлкеге айналдырды.Ертеде қазіргі ағаш- ормандарының орнында теңіз болған екен.Ал жерді мұз басқан кезде тау –жаратылу процесінен теңіз жоқ болып кетті де, оның орнына қазіргі тандағы ландшавт пайда болды. Күн шуақарының желдің және жаңбырдың әсерінен таулар көркемдікке бөленді.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні