Тәуелсіздік белгісімен

           Аспанда қалықтаған бүркіт – Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің бейнесі, осы белгімен біздің мемлекетіміздің Тәуелсіздік алған күні, Ақмола облысының Көкшетау қаласына жақын таңқаларлық әдемі табиғи мекен Бұқпа шоқысында жыл сайын «Қансонар» аң аулайтын құстарымен ашық Республика чемпионаты өтеді. Қонақтар мен қатысушылардың қуанышына қарай осы мәнді оқиғада ашық күннің сәулесімен қысқы мерекелік жасауда жаңа түскен ақ ұлпа қармен және шынықтыратын аязбен оларды Көкшетау мекені қарсы алады.
Бүркітпен және сұңқармен аң аулайтын ірі шеберлер Көкшетауға өз Чемпионатына Алматы, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарынан және Астана қаласынан келді. Аң аулаушы құстар шеберлері өздерінің сайыс форумына келе отырып Қазақстан Республикасы әнұранының орындалуымен Чемпионаттың ашылу салтанатында сап түзеп тұрады. Чемпионат 3 іріктеу кезеңінен өтеді, онда аңшы шеберлері өздерінің қанаттыларын қолға түсе бермейтін олжаны ұстап алу үшін, жоғарыдан олжаны бақылап оқ тәрізді лезде тез жүгіретін қояндар мен қу түлкілерді ұстауға кіріседі. Осы жарыстың барлық бөлімдерінің ерекше қиындығын атап өтсек қасқыр сияқты ірі әрі жыртқыш аңды ұстау үшін ең мықты құстарды таңдау. Көптеген көрермендер мен жанкүйерлердің ұмытылмас масаттануы бүркіттің жоғары аспанға самғап өз мақсаты бойынша олжасын алып өз иесіне қайтып оралуы бәрімізді тәнті етеді. Ауланатын аңдар арасында қояндар мен ірі түлкілер де бар, олардың кейбірі аң аулайтын құстардың өлімші қылардай бүрген тырнақтарынан сытылып орманға еркіндікке қашып құтылатындары да кездеседі. Атақты бүркітші шеберлері болып Алматы облысынан Файзулла Бүркітбай, Ақмола облысынан Үмітхан Тастамбек және Аблайхан Збасов, Қарағанды облысынан Абдразаков Серік, Павлодар облысынан Тасыбаев Иманзайып және тағы басқалары.
Сондай құмарлықпен ұмытылмас көрініс сұңқардың аң аулайтын шеберлерінің жарысы көптеген көрермендер мен жанкүйерлерді тәнті етеді. Жоғарыда атап өтілген шеберлер мен бірдей Алматы облысының жас бүркітшілері Сейітжан Алмаз, Әбен Абзал және Бәетбай Сағыныш өз құстарының ұшып барып өз олжаларын таба алатын шеберліктерін көрсете алды.
Чемпионатты қорытындылай келе дәстүр бойынша алғашқы сөз Құрметті қонақ – аты аңызға айналған аңшы-бүркітші «КСРО-ның аңшылық кәсібінің үздігі» жоғары атағын алған Мәсіп Батырханұлының немересі Шынарбек Бүркітбайұлына берілді. Бұл кісінің атасы Мәсіп өткен ғасырдың 30-40 жылдардың атақты аңшы-бүркітшісі болған. Ол барлық кеңес аралық аңшылар жарысына қатысып жүлделі орындарға ие болған және сол кездің құрмет грамотасының иегері болған. Соғыс жылдарында ұлдарын майданға жіберіп ол өзінің үлкен аңшылық кәсібімен туған ауылы Ботай өңірінде бүркіттерімен аң аулап тапқан олжасын Мәскеуге жіберіп түсірген қаржысына майданға қару жарақтармен көмек көрсеткен. Нақ сол үшін Мәсіп Батырханұлына КСРО кеңесінің Жоғары Төралқасы жарлығымен 1945 жылдың 6 маусымында «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында аянбай қажырлы еңбек еткені үшін» медальмен марапатталды. Чемпионаттың қорытындысына қатыса отырып Мәсіп Батырханұлының немересі Шынарбек Бүркітбайұлы Мәсіп Батырханұлы атасымен құрылған арнайы диплом және аты аңызға айналған атасының атымен сыйлықты Қазақстанның әр түкпірінен келген жас үміткерлер аңшы-бүркітшілерге тапсырды. Тек қана соңғы жылдары Мәсіп Батырханұлы атымен аталған диплом иегерлері Қарағанды облысының жас бүркітшісі – жалғыз қыз бүркітші мақпал Абдразакова, Жамбыл облысынан Бауржан Шернияз, Ақмола облысынан Қанат Шүленбаев және Денис Шеер, Астана қаласынан Еркебұлан Тахтыбаев және тағы басқалары.
Қазақстан Чемпионатының ресми орбитры аң аулайтын құстар аңшысы жарысының бас төрешісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Спорт түрлері бойынша мемлекеттікжаттықтырушы Саттыбаев Рамазан Ғайноллаұлы, Ақмола облысы Ұлттық Спорт түрлері бойынша БЖСМ директоры Марат Қойшин және басқалары. Алтын медаль тапсырылуымен Чемпион атағын Астана қаласынан Тоқтыбай Күнтуғанға берілді, күміс медальімен құнды сыйлық тағы Астаналық Күнтуған Серікбекке берілді, қола медальі Қарағанды облысыныңАбдразаков Серікке тапсырылды.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні