Қорғалжынға қалай жетуге болады?

Қорғалжын қорығы – еліміздегі ғажайып жерлердің бірегейі. Жыл сайын көптеген туристтік ағымдар қорықтағы ерекше тіршілік иелерін тамашалауға ағылады.
Қорғалжын қорығын көруге асық болсаңыз, келесі жолдармен жетесіз.

Астанадан
Қорғалжын Астана қаласының оңтүстік-батысында 130 шақырым жерде орналасқан. Ол жерге автобус немесе маршрутты таксимен жетуге болады. Жол ұзақтығы 2-2,5 сағатты құрайды.

Алматыдан
Алматы қаласынан Қорғалжын қорығына Астана қаласы арқылы жетуге болады. Әрі қарай автобуспен, жеңіл көлікпен немесе таксимен бара аласыз. Астана қаласына Алматыдан барлық көлік түрлері қызмет көрсетеді.

Пойызбен
Қорғалжынға пойызбен бару үшін билетті Астана қаласына дейін алып, әрі қарай автобуспен, немесе жеңіл көлік түрін таңдауға болады. Пойыз маршруттарын pcentre.kz сайтынан қарап, билетті де сатып алуға болады.

Әуе көлігі
Әуе көлігімен көптеген қалалардан Астана қаласына жетуге болады. Әрі қарай автобустар немесе жеңіл көлік таксилері қызмет көрсетеді. Астана қаласына авиарейстер өте мол.

Автобуспен
Автобус Астанадан Қорғалжынға күніне 4 рет жүреді. Жол ұзақтығы 2-2,5 сағат. Автобус билеттерін Астана-Сапаржайдан алуға болады, автобус келмей тұрып жарты сағат бұрын билет сатады. Қосымша ақпаратты автобекет телефондарына хабарласу арқылы біле аласыз.

Автокөлікпен
Қорғалжынға такси алатын болсаңыз, Астана қаласының темір жол вокзалы алдындағы арнайы орыннан жалдай аласыз. Автокөлік арқылы баратын болсаңыз, Ақмола облысының көлік жолдары картасы қажет болуы мүмкін. Өз көлігіңіз болмаса, арнайы агенттіктер арқылы көлікті жалға алуға болады.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні