Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері

Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері

Облыс туристік бизнесті дамытуға аса қолайлы аумақты алып жатыр. Демалыс аймақтарының индустриалды көп орналасқан өңірлердің жақын болуымен байланысты ыңғайлы географиялық орналасуы бар. Бірегей табиғи-климаттық жағдайларымен – жартасты таулардың, қарағайлы орманның, ыңғайлы жағажайы бар көлдердің, «Бурабай» курорттық аудандарындағы көлдердің, Жөкей, Қатаркөл, Майбалық, Үлкен және Кіші Шыбыш өзендерінің тынығуға арналған аймақтарының тамаша үйлесімділігі бар ландшафттың сұлулығымен ТМД мемлекеттерінің ең белгілі курорттарымен бәсекелесе алады. Облыс аумағында «Бурабай», «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, сондай-ақ бүкіл Еуро-Азия континентінде бірден-бір жерлердің бірі болып табылатын халықаралық мәндегі Қорғалжын қорығы бар.
Щучье-Бурабай курорттық аймағы – бұл керемет табиғи-климаттық жағдайлары, бай емдеу-тынығу ресурстары мен тарихи-мәдени қоры, Республиканың орталығындағы географиялық Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын орналасуы бар курорттық жерлер. Болашақта оның Еуразияның ірі қазіргі заманғы орталығы болуын күтудеміз. Мұнда іскер, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру, сондай-ақ ойын-сауық мәніндегі объектілер салу жоспарлануда. Курорттық аймақтың алдағы уақыттағы дамуына шетел капиталын қызықтыру үшін инфрақұрылымның дамуына көп көңіл бөлінуде. Жаңа жолдарды салу, әуе хабарламаларын ашу, тұрақты сумен және энергиямен қамсыздандыру бойынша іс-шаралар әзірленді. Осы шаралар тұруға, белсенді демалуға және туристердің қарым-қатынас жасауына арналған ғимараттар мен мекемелер салуға қаржы салу үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ қолайлы инвестициялық климат жасау және отандық және шетел инвестицияларын қызықтыру мақсатында аумағында туристік ойын-сауық орталығын дамыту перспективасы бар «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Туристік ойын-сауық орталығы - әлеуметтік жоба: ойын үй-жайларын ауыстыру осы ауданның инвестициялық климатын жандандыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, салық түсімдерін арттыруға, сондай-ақ ілеспелі инфрақұрылымның дамуына мүмкіндік береді. Щучье-Бурабай курорттық аймағының дамуына ойын бизнесі дамытылатын арнайы бөлек алынған екі орталықтың біреуінің орналасуының анықталғаны септігін тигізеді.
Жалпы, облыс өңірдің экономикасынының дамуына инвестицияны, оның ішінде халықаралық туристік бизнесті қызықтыру үшін бай әлеуетке ие.

 

Щучье-Бурабай курорттық аймағы

Қазақстанның солтүстігінде, Астана және Көкшетау қалаларының арасында таң қалдырар өңір – Бурабай мекені орналасқан.
География тұрғысынан бұл аймақ Көкшетау қыраты деп аталады, ал жергілікті жолбасшылар оны «Қазақстан Інжуі» деп атайды.
Щучье-Бурабай курорттық аймағының табиғат кешендері тек Қазақстан Республикасының туристерін ғана емес, сонымен қатар таяу және алс шетелдерінің туристерін де қызықтырады: ол керемет табиғи-климаттық жағдайлары, бай емдеу-тынықтыру ресурстары мен тарихи-мәдени қоры, пайдалы географиялық орналасуы, трансмемлекеттік авиациялық, теміржол және автокөлік магистральдары бар курорттық жерлер.
Бурабай тауы (690 м.) – керемет кең көлемді жер. Бурабай – бұл түйе. Оңтүстікке қарай Щучье шоқылары, олардың ішіндегі ең үлкені Жеке батыр (826 м.) деп аталады. Бурабай өңірінің таулы аймағы жұмбаққа толы. Бурабай – Қазақстанның тынығуға арналған інжу орны тылсым ғажайыптарға толып тұрған қиял-ғажайып таулы жерде орналасқан. Тамаша қарағайлы ормандар, үлкен жартастар, кейде көз алдыңа египет пирамидаларын елестететін колемі жагынан орасан зор шыңдар тынық мөлдір көлдермен бөлінген. Парктің аумағындағы өсімдік әлемінің түрі орманды, далалы, шабындық, шалшықты және сортаңды, 800-ге жуық өсімдік түрі бар. Омыртқалы жануарлардың 305 түрі бар. Бурабайда 86 стационарлық демалыс мекемесі шоғырланды. Парк аумағындағы ландшафтың қазіргі кездегі құрылымында дала, көл, орман, орман-дала ландшафтары және төмен таулы ландшафтар бар.
Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағында 14 көл бар, оның ішіндегі көпшілігі кіші көлдер. Жасыл орман айналасында Щучье, Бурабай, Үлкен және Кіші Шыбыш, Қотыркөл көлдері жарқырап жатыр. Көкшетаудың айдарынан кіші көлдер: Светлое, Карасье, Горное, Лебединое көрініп тұр. Өзен желісі онша дамымаған, тек кіші өзендер, жылғалар және уақытша су ағыстары ғана бар. Бурабайдың көрнекті жері сол атаулы көлдегі Голубой залив шығанағы болып табылады. Дәл шығанақтың суынан сфинкске уксайтын Жұмбақтас жартасы шығып тұр, бауоайында ағаштары жайылып өскен Оқжетпес жартасы көтерілген. Мұнда әр атаудың өз аңызы бар.

Зеренді

Көкшетау қаласынан 50 км жерде Зеренді кенті орналасқан. Зеренді Көкшетау үстіртінде орналасқан тау-қыраттары бар, орман, кішігірім көлдер мен өзендер жайылған көлемді аумақтың бір бөлігі. Бұл өңірге жеке-жеке шоқылары бар жазық жерлер мен тау жүйесі тән. Жазық жерлер өзен аңғарларымен қиылысады. Кей жерлерде жазық жерлер өз арналарымен терең каньондар жасайтын кішігірім өзендермен жиі қиылысады. Көп жылдар бойы мұнда жел, жаңбыр, аяз және аптап ыстық сияқты табиғат құбылыстары қожайын етуіне байланысты биік таулар отырып, жарылып, шашылып, үгітіліп қалған. Қазір олар биік емес болса да, нәзік, әдемі көрінеді әрі қызықтырады. Зерендіге кіріп бара жатқанда, алыстан-ақ олардың көкше шыңдары көрінеді.
Көз алдарыңызда Зерендінің жап-жасыл табиғаты, көгілдір таулардың шыңдары, ондаған шақырымдарға созылып жатқан кілемдей жайылған орман суреттеледі. Зеренді көлі үлкен көлемдегі тектоникалық шығу тегі бар, оған теңіз деңгейінен биік орналасуы (370 м) болып табылатындығы тән, жағасындағы демалуға арналған жағажай орындары аз және басым көбі қарағай болып келетін ағаштар сирек өскен. Көлдің түбі тегіс, құмды, малтатаспен және бөлек-бөлек қойтастармен жабылған. Көлдің ұзындығы 7 км, тереңдігі 6 км. Суы тұщы, мөлдір, жаздың күні судың температурасы 24о С-қа дейін жетеді. Көлде шабақ, таутан, рипус, айналы тұқы жүзеді. Зеренді бұл өңірдің ең адемі көлдерінің бірі болып есептеледі. Бұл тек табиғаттың әшекейі ғана емес, сонымен қатар сүйікті демалыс орны болып табылады.
Қорғалжын

Облыста экологиялық туризмді дамыту үшін экологиялық туризмді дамыту үшін бірден бір жер бар: халқы көп емес далалық өлке – Қорғалжын, ол Орталық Қазақстанда, елордамыз - Астана қаласынан 130 км жерде орналасқан. Өлкенің інжуі - Қорғалжын қорығы – Қазақстанның айрықша қорғалатын аумағы, алып жатқан көлемі 2600 ш. км. Бұл дала аймағының ең кең алқабы және бүкіл Еуро-Азиялық континеттегі бірден бір орындардың бірі. Бұл аумақ Азиядағы суда жүзушілер популяциясының ірі мекендеу жерлерінің бірі болып табылады. 1974 жылы Рамсар суда жүзетін құстарды қорғау конвенциясына сәйкес бұл аумақ халықаралық мәндегі орындардың тізіміне енгізілді, ал 2000 жылы Жаһандық Табиғат Қорының «Тірі көлдердің» желісіне кірді. Бұл ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасына номинацияға қою үшін ұсынылған Қазақстанның алғашқы табиғи аумағы. Қорықтың аумағында құстардың 23 отрядының ішінен 299 түрі тіркелген.
Бұл жуық шамамен Қазақстанның құстар әлемінің барлығының 60%-ын құрайды, 120 түрі ұя басады, 63-і ұшып келетіндер, қалған 116-сы ұшып өткен кезде белгіленді. «Қызыл кітапқа» құстардың 32 түрі енгізілді, бұл қорықтың құстар әлемінің 14%-ын құрайды. Мұнда Қазақстанның қызыл кітапқа енген жуық шашамен 60%-ы (26 түрі), су-шалшықты құстардың 112 түрі, оның ішінде сұқсыр үйректер - 4, гагарлар - 1, ескекаяқтылар - 3, сирақтылар - 9, қоқиқаз - 1, пластина тәрізді тұмсықтылар - 28, тырна тәрізділер - 6, тырналар - 3, балшықшылар - 42, шағала мен біз тұмсық шағала - 15.
1994 жылдан бастап, қорықтың аумағында қызғылт бірқазан жиі кездеседі, қызғылт және бұйра бірқазанның 80-120 жұп популяциясы саналды. Қоқиқаз бен ақбас үйректердің ұя басатындар популяциясы Орта Азиядағы ірілер қатарында болып табылады, сәйкесінше 16000 және 120 жұп, лапланд қазы – шіңкілдектер саны - 5000. Ихтиофаунасының 12 түрі бар, бұл жуық шамамен Қазақстанның балықтарының түр құрамының 10%-ын құрайды, көбінесе мөңке балық, алабұға, торта, шортан көп болады.
Қорықта өсімдіктер әлемінің төрт түрі қорғалады. Көбінесе сулы-шалшықты және шабындық жерлер, дала өсімдіктерінің шағын участкелері (бетеге мен селеу формацияларының қоғамдастығы). Өсімдіктер әлемінде гүл өсімдіктерінің 331 түрі бар. Қорықта омыртқалы жануарлардың құрамы жеткілікті түрде тараған. Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, 6 отрядтың өкілі бар. Қазақстанның аңдар әлемімен салыстырғанда, бұл 26,5%-ды құрайды. Қорықтағы омыртқасыз жануарлар мүлдем зерттелмеген.

Сандықтау

Сандықтау ауданында туристік қызмет нарығында 112 орынды 4 қонақ үйі, экотуристерді қабылдауға арналған 4 қонақ үйі, 3 ойын-сауық мекемесі, демалу аймақтары (Ботвинов М.И., «Ривс LTD Сандыктау» ЖШС), «КТК Дружба» туристік фирмасы, «Сталкер» мәдени-туристік кешені қызмет істейді.
2005 жылғы қазаннан бастап Сандықтау ауданының аумағында «Экос» экологиялық білім беру жөніндегі үйлестіру және ақпарат орталығы» қоғамдық бірлестігі «Наследие» Евразия, ЮСАИД, Эксон Мобил қорларының, «Ақмола облысының аумағында экотуризмді дамыту» МЭҚ кіші гранттарының бағдарламасы халықаралық бағдарламасы бойынша «Наследие» жобасын іске асырады.
Келешекте ауданның қазіргі заманғы туристік индустриясы ауданның бірден бір табиғи және мәдени әлеуетінде негізделеді. Бұл өлке мәдениет, археология және табиғат ескерткіштерімен бай, оларды тиісті түрде сақтау қажет, өйткені олар туристік өнімнің негізгі түрлерінің бірі. Сандықтау орта мектебінде өлкетану мұражайы бар; кенттің құрылу тарихы, бұл өлкенің белгілі адамдары әлі есінде жүрген байырғы тұрғындар бар.
Сандықтау таулары экотуризмді дамыту үшін қолайлы. Тамаша табиғат ландшафтары, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігі, экологиялық қолайлы аудан жақсы туристік өнім ретінде пайдаланыла алады. Шиши аралдық тауларының әлем-жәлем кескіндері, тағы табиғаттың адам қолының тимегендігі, тек осы ауданға ғана тән өсімдіктердің сирек түрлері экотуристерді қызықтыруға қолайлы, ал Түкті су құламасының жартасты тік беткейлері – экстремалды туризмнің дамуы үшін табылған олжа.
Сандықтау ауылында туристерге қызмет көрсету үшін «СВТ-топқа» топтасқан (экологиялық бірлестік) адамдардың бастамашыл шығармашылық тобы бар. Сондай-ақ экотуризм мен экстремалды туризмді дамыту үшін іске дұрыс жол тапқан кезде өте үлкен материалдық шығындар қажет емес, бұл алдағы уақытта Сандықтау ауданыда туризмнің үлкен перспективаларына үміт береді.

Ерейментау

Щучье-Бурабай курорттық аймағына үлкен антропогендік жүктеуді есепке ала отырып, осы уақытта жоғары туристік-тынығуға арналған әлеуеті бар басқа да аудандарды игеру қажеттігі туындады. Мұндай аудандарға бірінші кезекте Ерейментау ауданы жатады.
Ерейментау ауданының туристік қызметті дамыту үшін барлық алғышарты бар. Өңірдің ерекшелігі болып кеңінен белгілі Қарағайлы тауы немесе Сұңқар таулары табылады. Ерейментау ауданындағы тау ландшафты, бай жануарлар және өсімдіктер әлемі, қазақтың ұсақ шоқыларының араларында орналасқан өзендердің көптігі – бүкіл осы байлық туристік ағындарды қызықтыру үшін әлі әлсіз пайдаланылуда.
Ерейментаудың аласа таулары мен Сұңқар аралдық таулары экологиялық экстремалды туризмді дамыту үшін қалай болса да келеді. Аумақтың кеңдігі, шын мәніндегі халықтың аз тұрақтауы Ерейментау тауларының аумағына табиғи-аумақтық кешенге зиянсыз оңтайлы жүктеме жасауға мүмкіндік береді.
Ерейментау ауданында туристік қызметтер нарығында туризм және демалыс инфрақұрылымы объектілерінің ішінен мыналыр қызмет жасайды: 1 «Достык» қонақ үйі, жалпы сыйымдылығы 28 орын, 79 оырды 1 «Жулдыз» балалар сауықтыру лагері, 9 жол бойындағы сервис объектілері, оның ішінде 4 жол бойындағы кафе, 20 орынды 2 кемпинг, 3 жол бойындағы АЖС. Бұдан басқа, Алғабас жерінде Астана қаласының және жыл сайын І, ІІ қиындық санатындағы маршруттар жасалатын ауданның 500-ге жуық балалары қатысады. Ерейментау қаласында "Акмолатурист" АҚ өкілдігі қызмет етеді.
Табиғат мүмкіндіктері Қалқаман мекенінің төңірегінде демалыс базасын ашуға мүмкіндік береді (бұлақ, орман, су айдыны, қалаға жақын орналасқандық). Осыдан активті және пассивті демалыстың барлық түрі үшін турларды бастауға болады. Сондай-ақ, Тілес, Қоржынкөл, Ордабай, Бозайғыр, Қабыланкөл, Алғабас, Баймен көлдері, Ақдын, Белодымка, Төре таулары, Қарағайлы (Соколинка) мекені экологиялық туризмді дамыту үшін қолайлы жерлер. Ерейментау ауданы демалыс аймақтары мен туристік базаларды салу үшін бірден-бір жер болып табылады.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні