Ақмола облысы туралы ақпарат

Ақмола облысы

Аумағы - 146.2 мың шаршы метр немесе республика аумағының 5.4% құрайды.
01.04.2009 жылғы жағдай бойынша халқының саны - 739,4 мың адам, оның ішінде қала халқы - 333 мың (45%), ауылдық жерлердегі халықтың саны - 406,4 мың адам (55%). Облыс тұрғындарының 2009 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы табиғи өсуі 635 адамды құрады.
Халықтың тығыздығы - 1 шаршы метрге 5,1 адамнан келеді.
Әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы, қаланың іргетасы 1824 жылы қаланды.
Облыс орталығының 2009 жылғы 1 сәуірдегі халық саны - 145,8 мың адам.
Облыстың құрамына облыстық маңызы бар 2 қала, яғни, Көкшетау және Степногорск қалалары, аудандық маңызы бар 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк және Щучье), 17 ауылдық аудан, 5 кент және 660 ауыл мен село кіреді.
Облыс Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан. Батысында - Қостанай, солтүстігінде - Солтүстік-Қазақстан, шығысында - Павлодар және оңтүстігінде - Қарағанды облыстарымен шекаралас.
Облыс қомақты экономикалық әлеуетке және табиғи ресурстарға бай.
Болашақтағы даму алғышарттары өңірдің шикізат ресурстарын экспорттаумен ғана шектелмей, орта- және жоғары технологиялық тауарлар мен сервистік қызметтерді жеткізуші ретінде де көріну мүмкіндігімен айқындалады.
2008 жыл бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 457,5 млрд. теңгені, ал соңғы үш жылдағы орташа жылдық өсу қарқыны 39% құрады. Адам басына шаққандағы ЖІӨ 206 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 80.7% өсуімен 614,3 мың теңгені құрады.

Табиғи-климаттық жағдайлары

Аумақтың жер бедері әртүрлі: басым көп бөлігін жазық дала, ұсақшоқылық жерлер, шамалы тармақталған және көлдік аңғарлар мен орман жамылған таулар алып жатыр.
Облыстың ауа-райы шұғыл континентальды. Жазы қысқа және жылы, ал қысы ұзақ, ызғарлы желдері мен ұйытқыған борандары араласқан аязды болады. Ауаның ең төменгі температурасы минус 40С жоғары, ең жоғарғы температурасы + 40С жетеді.
Өсімдіктері, әсіресе облыстың солтүстік бөлігінде өзінің алуан түрлігімен және тиісті ландшафтымен, атап айтқанда қарағайлы-қайыңды ормандарымен және тау беткейлерін көмкерген түрлі өсімдіктерімен ерекшеленеді. Таулы қарағайлы орман - облыстың байлығы.
Облыстың жануарлар әлемі өзінің айтарлықтай молдылығымен және әртүрлігімен ерекше көзге түседі: сүтқоректілердің - 55 түрі, құстың - 180, балықтың - 300 түрі мекендейді.
Облыстың аумағында «Көкшетау» және «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктері мен Қорғалжын Мемлекеттік халықаралық маңызы бар қорық орналасқан.

Жер қойнауы

Облыс аумағында құрамының өзгешелігімен және ауқымдылығымен ерекшеленетін алтын, күміс, уран, молибден, техникалық алмаз, каолин мен мусковит, сондай-ақ темір рудасы, тас көмір, доломит, жалпы таралымды пайдалы қазбалардың мол кен орындары, минералды су мен емдік саз-балшықтардың орындары шоғырланған. Баланстық қорлардың өлшемдік құндылығы шамамен 20 млрд. АҚШ долларын, ал болжалды ресурстар - 100 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Облыстың жері ауыр механикалық құрамымен, тұздылығымен және су өткізгіштілігімен ерекшеленеді.
Жер қойнауы құнарлы қарапайым қара топырақты және ауыр механикалық құрамымен  зор және тұзды, төменгі су өткерімімен ерекшеленетін бозғылт түсті болып келеді.

Экономикасының бағыты

Ауыл шаруашылығы экономиканың басым салаларының бірі болып табылады. Өңірде өндірілетін жоғары сапалы азық-түлік бидайы жалпыреспубликалық көлемнің төрттен бір бөлігін құрайды. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамыту үшін шикізат базасы да, мүмкіндіктері де бар. Ауыл шаруашылық саласын дамыту Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және Ауылдық аумақты дамыту бағдарламаларының аясында жүзеге асырылуда.
Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті тау байыту және қайта өңдеу кәсіпорындарымен ұсынылған және олардағы негізгі күш азық-түлік өнімдерін, машина жасау және түсті металлургия өнімдерін өндіруге тиесілі. Сонымен қатар, молибден өндірісі, химия өнеркәсібі, құрылыс индустриясы дамып келеді.
Облыс туристік бизнесті дамытуға өте қолайлы. Демалыс аймақтары индустриалды адам тығыз орналасқан өңірлерге жақындығымен байланысты болатын қолайлы географиялық жерлерде орналасқан.
Бірегей табиғи-климаттық жағдайы - жартасты таулы, қылқан жапырақты орман мен қолайлы жағажайлары бар көлдер үйлесім тапқан сұлу ландшафты бар «Бурабай» курорттық аймағындағы Жөкей, Қатаркөл, Майбалық, Үлкен және Кіші Шабақты көлдері ТМД елдеріндегі белгілі курорттармен бәсекелесе алады. Облыстың аумағында «Көкшетау» және «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, сондай-ақ Еуро-Азиялық құрылықтағы ең бір теңдесі жоқ бірегей орны болып табылатын Қорғалжын Мемлекеттік халықаралық маңызы бар қорық орналасқан.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы - өңірді дамытудың басым бағыттарының бірі. Ауыл шаруашылығының 2008 жылғы жалпы өңірлік өнімнің құрылымындағы үлесі 18,1% құрады.
Ақмола облысы ең ірі астықты және қазіргі уақытта, сонымен қатар болашақта да астықтың мықты және қатты бидай түрін шетке шығаратын елдің негізгі экспортер өңірлердің бірі болып табылады.
Ортажылдық есептеулердегі жалпы астық жиналымы шамамен 4 млн. тоннаны, сондай-ақ жоғары сапалы астықты экспорттаудағы әлеуеті 1,5 млн. тоннаны құрайды.
Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өндіріс көлемінің 1/3 мал шаруашылығының өніміне тиесілі. Барлық мал түрлерінің санын және мал шаруашылығының өнімдерін өндіру көлемін жыл сайын тұрақты түрде арттыру қамтамасыз етілуде.
Облыс, елдегі ең ірі ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі ретінде ауыл шаруашылығының өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту бойынша нақтылы орын алды. Көрсетілген бағытты дамыту мәселесіндегі облыстың ең бәсекеге қабілеттілік артықшылығы - жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан Астана қаласының төңірегінде орналасуы.
Астана қаласының төңірегінде азық-түлік белдігін құру, елорда тұрғындарын сапалы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, азық-түлікті жеткізу көлемін арттыру, сондай-ақ астананың базарларына, облыстың өзге өңірлеріне және дамып келе жатқан демалыс аймақтарына өнімді жеткізушілердің арасында сенімді науашасына орналасу негізгі міндеттер болып табылады.
Оған сүт өнімін қайта өңдеудегі аяқталған топтамасымен қоса бордақылау алаңдары мен ірі-тауарлы сүт фермаларын құру жөніндегі жобаларды жатқызуға болады. Мысалға, Щучье ауданы, «Есіл Агро» ЖШС 1200 мал басы бар ірі сүт-тауарлы фермасы, Еңбекшілдер ауданындағы «Ақ Бас» ЖШС 5000 басқа арналған мал бордақылау алаңы. Еңбекшілдер ауданындағы «Қазгер» ЖШС қазіргі уақыт талабына сай келетін жаңа құс фабрикасы іске қосылды.
Щучье ауданында аусымына 10 тонна ет өндіретін етті қайта өңдеу кешені салынып, пайдалануға берілді.
Қазақстандық нарыққа қызығушылық танытқан кәсіпорынға осы бағыттағы жобаларды жүзеге асыруға қатысуына мүмкіндік беріледі.
Агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту мақсатында негізінде шет елдік жоғары өнімді техникамен машина-тракторлы паркті жаңарту және алдыңғы қатарлы технологияны енгізу жөніндегі үдерісті белсендіруге септігін тигізетін ауыл шаруашылық құрылымдары мен олардың мамандануын одан әрі нығайту жөніндегі жұмыстар атқарылуда. Облыс көрсетілген бағытты жүзеге асыру үшін шет елдік әріптестерді және инвесторларды тартуға мүдделі.

Өнеркәсібі

Жалпы өңірлік өнімнің 18,3% тиетін өңірдің өнеркәсіптік кешені негізінен тау байыту саласымен, машина жасау, түсті металлургия, химия және тамақ өнеркәсібімен, құрылыс индустриясымен ұсынылады.
Облыстың негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындары:
- «Қазақалтын» ТКБК» АҚ және «Васильковск ТКБК» АҚ - алтын өндіру;
- «Тыныс» АҚ - авиация техникасының бөлшектері мен агрегаттарын, өрт сөндіру құралдарын, газдықтұйықтау арматурасын, медициналық және өлшем техникасын, полиэтилен трубаларын шығару;
- «Степногорск подшипник зауыты» АҚ - темір жол жылжымалы құрамға подшипниктер шығару. Ішкі тұтынудан басқа өнімнің басым бөлігі Ресейге жеткізіледі.
- «Бәйтерек - А» АҚ - электровоздарды күрделі жөндеу;
- «Степногорск тау-химиялық комбинаты» ЖШС - уран, молибден концентратын өндіру;
- «Көкшетау минералды сулары» АҚ - арақ-шарап өнімін, алкогольсыз сусындар және минералды суларды шығару;
- «КамАз-Инжиниринг» АҚ - автомобиль техникасын шығаруды ұйымдастыру;
- «Өркен-Атансор» ЖШС - темір рудасын өндіру;
- «Қазшпал» АҚ - темірбетон құрылымын шығару.
Ауыл шаруашылығы шикізатын (ет комбинаты, май зауыты, диірмен, нан қабылдау кәсіпорындары, сусындар шығару жөніндегі кәсіпорындар) қайта өңдеу жөніндегі және жеңіл өнеркәсіптері (тігін және текстиль өндірісі) бойынша кәсіпорындардың тораптары дамыған.
Алдыңғы қатарлы технологияны енгізу, жоғарғы өндірістік мәдениеті бар жаңа жұмыс орындарын құру, еңбекті тиімді ұйымдастыру облыс экономикасына шет елдік инвестицияны тартуға септігін тигізетін экономикалық ынтымақтастықтың бір нысаны болып табылады.

Көлік инфрақұрылымы

Өңірдің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын көліктік инфрақұрылымды дамыту инвестицияны салу үшін ең маңызды салалардың бірі болып табылады.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына баса назар аударылады. Облыс аумағында Қазақстанда алғаш рет ұзындығы 205 шақырымдық Астана-Щучье алты жолақты автобан құрылысы жүзеге асырылуда, жергілікті автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуға бағытталған қаржыландырудың көлемі жыл сайын арта түсуде.
Көліктік инфрақұрылымды дамыту мақсатында Көкшетау қаласындағы әуежайды осы қызмет түрін қазіргі уақыт талабына жауап беретін деңгейге жеткізу үшін қайта жөндеу мәселесі қарастырылуда.
Өңіраралық көліктік ағымды жүйелендіру және облыстың экономикалық белсенділігін ынталандыру үшін, сонымен қатар оның орналасқан географиялық қолайлы жағдайын ескере отырып, болашақта ірі көліктік-логистикалық орталыққа қайта құрылу мүмкіндігімен көліктік-логистикалық тораптарды құру қажет.
Бұл бағыт болашақта инвестиция салу үшін тиімді.

Туризм

Облыс туристік бизнесті дамыту үшін қолайлы аумақта орналасқан.
Облыстың көпшілік аудандарында ішкі туризмді дамытуға арналған үлкен мүмкіншіліктері бар. Демалыс үйлері, санаторийлер мен туристік базалар, алдын ала емдеу орындары мен пансионаттар және т.б. бар.
Щучье-Бурабай курорттық аймағы - тамаша табиғи-климаттық жағдайы, бай емдеу-рекриациондық ресурстары, тарихи-мәдени қоры, Республиканың орталығында орналасқан географиялық тұрғыдан қолайлы, Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын орналасқан курорттық орын.
Курорттық аймақты одан әрі дамытуға шет елдік капиталды тарту үшін инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылады. Жаңа жолдарды салу, әуе байланысын ашу, тұрақты түрде сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар әзірленді. Аталған шаралар өмір сүру, белсенді түрде демалу және туристердің қатынасы үшін қажетті ғимараттарды және имараттарды салуға инвестицияны тарту үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, қолайлы инвестициялық ауа-райын құру, отандық және шет елдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ болашақта оның аумағында туристік ойын-сауық орталығын дамыту мақсатында «Бурабай» арнайы экономикалық аймақ құрылды.
Туристік ойын-сауық орталығы - әлеуметтік жоба: ойын мекемелерін көшіру осы ауданның жағдайын жақсартуға, қосымша жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық түсімдерінің бюджетке түсуін арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар тиісті инфрақұрылымдарды да дамытуға септігін тигізеді.
Ойын бизнесінің дамуына арналып белгіленген екі арнайы орталықтардың біреуінің орналасу орнының анықталуы да Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз.
Тұтастай алғанда, облыста өңірдің экономикасын, атап айтқанда халықаралық туристік бизнесті дамытуға инвестиция тарту үшін зор әлеует бар және ынтымақтастық жөніндегі кез келген ұсыныстарды қарауға дайын.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні