Фотоальбомдар


Тараз қаласы – Жамбыл облысының әкімшілік орталығы. Халық саны – 352 500 адам. Қаланың аумағы 120 шаршы шақырымды құрайды. Тараз – жасы екі мың жылдан асқан, мемлекетіміздің жерінде орналасқан ең көне қалалардың бірі.
Фотосуреттер: 10
Қарау саны: 32108


Облыс аумағында қатаң қорғанып жатқан, сирек кездесетін және өте қызықты аңдар мен құстар мекен етеді.
Биік тауларда қар барысын кездестіруге болады, ал аласа тауларда арқар, тау текелер мен Тянь-Шань қоңыр аюы мекен етеді. Құмдардан қарақұйрықты, ал Бетпақдаладан құлан мен анда-санда ақбөкендерді көруге болады.
Бетпақдаланың шөлді аймағынан сирек, қорғаудағы құстардан қарақарынды және аққарынды қаршығаларды, бұлдырықты, дуадақты, безгелдекті, тырнаны, ақсұңқарды, жылқышыны көруге болады.
Сирек кездесетін жыртқыш құстардың өкілдері, сондай-ақ үкі, батпақты жердің жапалағы, үй байғызы кең таралған. Майда құстардан көк құсты, әшекейлі шымшықты, жұмақ шыбыншы торғайын, оңтүстік бұлбұлын және көптеген басқа да құстарды көру қызықты.
Фотосуреттер: 6
Қарау саны: 26328


«Жасұлан және К» фирмасы Тараз қаласында 1993 жылы құрылды. Қазіргі таңда – бұл фармацевтикалық қызметі және гүл бизнесімен айналысатын көпсалалық компаниясы.
2009 жылы өндірілетін өнімнің менеджмент пен маркетингін жақсарту мақсатында «Жасұлан-Флора» атты жаңа фирмасы құрылды. Оның құрамына:
-Тараз қаласындағы жалпы ауданы 2500 шаршы метр құрайтын «Қысқы бақ» жылыжайы, сонда бөлме өсімдіктері голландиялық технологиясы бойынша өсіріледі;
-Байзақ ауданындағы жалпы ауданы 47 гектардан астам құрайтын «Жетібай» агрокешені. Оның құрамына отырғызуға бейімделген сәндік бұталар үшін 21 қысқы және 35 жазғы жылыжайлар және тәлімбақтар кіреді. Агрокешеннің ең жоғарғы қуаты маусымда өсірілетін гүлдер мен шөптердің 10 млн. данасына дейін жетеді.
Фотосуреттер: 10
Қарау саны: 23694


Ақыртастың қираған үйіндісі қазіргі Тараздың шығысына қарай 40 шақырым қашықта орналасқан. Қызыл құмдақтың үлкен кесектері жер астынан шығып, айрықша қатарларға топтастырылған, ғалымдардың тәжірибелі көздері бөлмелерді, лектерді, мұнараларды сұлбаға байланастыра алады, олар ғажайып көріністерді талай рет көрген әуесқойларды таңғалдырады. Қызыл тас жиынтықтармен жайылған кең аумақ орасан зор құрылыстың көлемі туралы мәлімдейді. Елестеу үстіге көтеріліп бара жатқан қабырғалары бар сарайды суреттейді.
Фотосуреттер: 8
Қарау саны: 14862
Нәтижелер: 1 - 4 / 4
< Артқа |
1 |
Алға >
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау