Фотоальбомдар


Солтүстік Қазақстан облысы – Қазақстанның солтүстігінде орналасып, (Сары-Арқа) Қазақтың ұсақ үстүртінің бір бөлігін және Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстігін алып жатыр. Жер бедерінде ойлы көл қазандықтары, дала ойпаттары, аласа таулар мен ауысып келген жалдар көп кездеседі.
Оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында биіктігі 115 - 120 м биіктер солтүстік-шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 200 м жетеді. Облыстың оңтүстік-батыс бөлігі(Сары-Арқа) Қазақтың ұсақ үстүртіне жатады және Көкшетау қыратының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Сары-Арқа – ежелгі таулы ел, жер қыртыстарының құрылымы палеозойда пайда болған. Уақыттың өтуімен табиғи факторларының әсері таулы бедерге таңғажайып түр береді. Қалың ормандармен қаптаған қыраттар әсем, құмды жағажайлармен тұщы және тұзды көлдердің қазандықтарында орналасқан. Орманды-далалы зоналарда қалың қайың шоқтарын тамашалауға болатын «Ақ қайыңдар аймағы» ақындық атауы осыдан.
Фотосуреттер: 54
Қарау саны: 22296


Демалыс аумағы орта таулық бедермен сипатталады. Шалқар көлi аралас және қарағай орманымен қоршалған, нысаны бойынша таға тәрiздi нысаны бар. Көлдiң оңтүстiк бөлiгiнде емдiк балшық бар. Шалқар көлiнiң суы өз құрамы бойынша Қара теңiз суына сәйкес келедi, терi ауруларын емдеу үшiн емдiк қасиетi бар.
Объектiлердiң материалдық базасы қазiргi заман талаптарына жауап бермейдi.
Осы заманғы туристiк кешен құрылысы үшiн инвестициялар тарту қажет, бұл демалушылардың сапалы туристiк қызметке деген сұранысын қанағаттандырар едi.
Фотосуреттер: 17
Қарау саны: 14622


Солтүстiктен оңтүстiкке 70 шақырымға, шығыстан батысқа 65 шақырымға созылған табиғи шұратты ұсынады. Оның негiзiн су қоймалары және Имантау көлiмен тау-орман массивi құрайды, ол шын мәнiнде өңiрде ең сұлу көлдердiң бiрi болып саналады. Көл суы тұщы. Көл ортасында жүрек түрiнде көркем, орманмен жабылған шағын арал. Көлдiң түбi тегiс. Оңтүстiк және солтүстiк жағынан жағалары құмды, оңтүстiк-батыс шығысынан — жартас.
Ормандар көлдермен бiрлесе ерекше микроклимат жасайды. Бұнда бұғылар, елiктер, борсықтар, түлкiлер, тиiндер, құрлар, кекiлiктер және жануарлардың басқа түрлерi мекен етедi. Котелок шоқысы, «Казачий» аралы, «Буян» шатқалы — табиғат ескерткiштерi өзiне жергiлiктi тұрғындар мен демалушыларды қайталанбас сұлулығымен тартады. Көлге қол жетiмдiлiк оңай, жолдардың көлiк торабы демалыс аумағын Чистополье селосымен, әрi қарай Есiл с., Торғай с., Володар с., Қостанай қ., Челябi қ., Көкшетау қ., Омбы қ., Түмен қ., Новосiбiр қ. байланыстырады.
Имантау демалыс аумағы «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағының Арықбалық өңiрлiк бөлiмшесiне жатады, оның балансына 100 орындық екi ғимараты және 40 орындық асханасымен маусымдық типтегi «Имантау» демалыс базасы жатады.
Жазғы уақытта Имантау көлiнде «Қарлығаш» балалар сауықтыру лагерi жұмыс iстейдi.
«Экос» қорының экотуризм жөнiндегi халықаралық бағдарламасы аясында Имантау селосында жергiлiктi тұрғындармен шетел туристерiн қабылдау үшiн 12-15 адамдық топқа 4 селолық қонақ үйi дайындалған, тарих және табиғат ескерткiштерiне туристiк бағыттар әзiрленген.
Фотосуреттер: 21
Қарау саны: 15011


Көптеген ғалымдар дала қарағай ормандарының пайда болу мәселесіне осы қарағай ормандары Алтай мен Орал ормандарымен байланыста болған бір кездегі кең байтақ ормандардың қалдығы деген көзқараста. Қызылжар әкімшілік ауданында, Большая Малышка селосына жақын орналасқан Реликтілік «Күміс қарағайлы» 83 га аумақты алып жатыр. Ағаштардың жартысынан артығының жасы 100 жылға жуық. Күміс қарағайлыны ақ қайыңдардың шеңбері қоршап тұр. Осыдан «Күміс қарағайлы» атауы пайда болды. Жылдар бойы қарағай түрлі құрылымдар үшін құрылыс материалы ретінде пайдаланды. Бұл жерлерде біріншілердің бірі болып Долматов, Красноярка, Соколовка, Вагулин ауылдары пайда болды. Бірақ осы кезде жергілікті табиғи ландшафтардың кереметтілігін түсінетін чиновниктер болды, сондықтан олар қарағайлы орманды шабуға тыйым салды.
Осының нәтижесінде бүгін бірегей «Күміс қарағайлыны» бақылауға болады. Қазір бұл орман Есіл өзені аңғары терассасының барлығын болмаса да көп бөлігін алып жатқан тек ежелгі орманның кішкене қалдығы ғана. Қарағайлының табиғаты өте сирек. Бұл жерде оңтүстік және солтүстіктің мына жидектері қиылысады: бүлдірген, құлпынай, шие. Мүк және теміреткі шүйіншөп және ұлпа гүлмен көршілес. Күміс қарағайлы табиғат мағынасының мемлекеттік ескерткіші болып табылады.
1924 жылдең басында мұражай алғаш келушілерді қарсы алды. Сол кезде ол керуен көшесінде орналасқан кішірек үйде орналасқан болатын. 1968 жылдан қазіргі Қазақстан Конституциясы деп аталатын көшеде орналасқан. Кезінде көпес Туби Лейбович Аркелге тиесілі болған екі этажды үйге A.M. Чудовтың басшылығымен Қарағанды мен Целиноград көркемдік қорының суретшілер тобымен қайта жоспарлау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа белгілі ғалымдар тартылды. 1949-50 жж. Мұражайдың аға ғылыми қызметкері КСРО ғылым Академиясының археология секторының меңгерушісі, көрнекті тарихшы Евгений Тарленің шәкірті Александр Семенов Солтүстік Қазақстан облысының бірінші археологиялық картасын құрастырды. Көптеген тарихшылар және өлкетанушылар пайдаланатын Петропавл жайлы кітаптың авторы болды. 1949 жылмен 1951 жылдың арасында мұражайда литвалық антропология маманы Антонас Пошка жұмыс істеді. Ол өлкенің табиғатын танып - білуге үлкен үлес қосты. Қазір кешен Қазақстанның ең жақсы мұражайларының бірі болып есептеледі. Оның қорында 134 мыңнан астам көрме қойылымы сақталған. Осында Солтүстік-Қазақстан облысының табиғатымен танысуға, археологтардың табысын, көшпенділердің тұрмыстық элементтерін, түрлі тарихи дәуірлерге қатысы бар залдарды көруге болады.
Фотосуреттер: 8
Қарау саны: 16311


Айыртау ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының картасында барлығы 9,6 мың шаршы шақырымды алады. Бiрақ осындай кiшi-гiрiм аумақ Шоқан Уәлиханов, Ақан серi, Орынбай Бертұлы — ұлы перзенттерiн дүниге әкелдi, оны 17 ғасырда шапқыншылардан Есiм ханның бастауымен шапырашты руынан атақты Қарасай және арғын руынан Ағынтай батырлар қорғаған. Олардың екеуi де Құлшынбай — төбесiнде жерленген. Батырлар жерленген биiк төбеден (1999 жылы кесенесiмен мемориалдық кешен салынған) бүгiннiң өзiнде күш, сүйiспеншiлiк және үмiт беретiн көкше таулармен, ертегiдей көлдермен көмкерiлген Айыртау даласының бұзылмаған сұлу келбетi ашылады. Салынған кесене Қазақстан халқының мызғымас достығы мен бiрлiгiнiң нышаны болып табылады. Конус тәрiздi 16-метрлiк мұнараларды олардың арасында орналасқан үмiт пен сенiмнiң тiрегi — мешiт қосады. Осы жерде жауынгерлердiң көптеген молалары бар. Кезектi қазба жұмыстарында бойы 2 метрдей болған нағыз батырдың мүрдесi табылған, оның жанында ауыр семсер жатқан. Мемориалдық кешендi көруге жыл сайын елiмiздiң түпкiр-түпкiрiнен жүздеген адамдар, көптеген шетелдiк қонақтар келедi. Елiмiздiң Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев та осында екi рет болды. Қажылыққа келушiлер мен туристер үшiн кесененiң жанында мейманхана салынуда. Қарасай батыр есiмi ауыл атына берiлген. Егiн жинау науқанында аудан егiншiлерi арасында «Қарасай» мен «Ағынтай» жүлделерi тағайындалған. Кесенеге жас отау иелерi келедi, осы жерден әскерге, оқуға шығарып салады. Атақты жерлестер атындағы спорттық турнирлер, бәйгелер өткiзiлiп тұрады.
Фотосуреттер: 2
Қарау саны: 11639


Мұражай бірінші келушілерін 1924 жылы қабылдады. Ол кезде ол Керуенді көшесіндегі кішігірім үйде болды. 1968 жылы қазіргі атауы Конституция көшесінде орналасты. А.М. Чудовтың басшылығымен Қарағанды мен Целиноград суретшілерінің тобымен, өз кезінде Туби Лейбович Аркель көпестікі болған, 2 этажды оңаша үйге қайта жоспарлау және реканструкциялау жүргізілді. Жұмысқа әйгілі ғалымдар тартылды. 1949-50 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының 1-ші археологиялық картасын құрастырған көрнекті тарихшы - Евгения Тарленің шәкірті Александр Семеновтың СССР ғылым Академиясының археология ғылымының ғылыми сектор меңгерушісі, мұражайдың аға ғылыми қызметкері болды. Ол көптеген тарихшы-өлкетанушылар пайдаланған Петропавл туралы кітабының авторы. 1949-1951 жылдары Антонас Пошка есімді литва антропологы жұмыс істеді. Ол аймақтың табиғатын тануға үлкен үлес қосты. Қазіргі уақытта кешен Қазақстанның ең жақсы мұражайларының бірі болып табылады. Оның қорында 135 мыңнан астам экспонат сақталған. Солтүстік Қазақстан облысының табиғатымен, археологтардың тапқандарымен, переселендердің тұрмысымен танысуға болады және әр түрлі тарихи дәуірлеріне жататын залдарды тамашалауға болады
Фотосуреттер: 16
Қарау саны: 17499


Сырымбет ауылында 19 ғасырдың сәулетшілік ескерткіші Ш. Уәлихановтың әжесі «Айғаным» қонысы жаңадан жасалды. Қоныс, маңында мешіт пен медресесі бар үлкен үй мен шаруашылық құрылысынан тұрады.
Мұражай кешенінде 8400 экспонат бар. Жыл сайын оған мыңнан астам адам келеді. Айғаным қонысына үш елдің президенттерінің: Қазақстан - Н. Назарбаевтың, Өзбекстан - И. Кәрімовтың және Қырғызстан - А. Ақаевтың әр уақытта келгендері мәнді факт болып табылады
Фотосуреттер: 11
Қарау саны: 17759


«Сардоник» қорығы Шал ақын ауданының әкімшілік орталығы Сергеевкадан 40 шақырым жерде орналасқан. Аудан орталығы Сергеевканың атағын шығарған -оның суқоймасы. Бұл суқойма Есіл өзенінің бойымен Сергеевкадан Куприяновкаға дейін 100 – шақырымдай жерді алып жатыр. Су бетінің ауданы – 117 шаршы шақырым, ал ең үлкен тереңдігі 20-метрдей. Мұнда су туризмінің түрлерімен жағажайлық демалыс орындарын дамытуға мүмкіншіліктер бар.
Шал ақын ауданы орманды-дала аймағында орналасқан. Шудасай, Бағанаты және Иман Борлық деген Есілдің ғажайып салалары бар. Бұл жерде 100-ге тарта кішірек көлдер кездеседі. Кіші Торанғұл және Козловское көлдері балықтың молшылығымен аты шыққан. Мәдени – ағарту саласында: белгілі жазушы – Зейнел – Ғаби Иманбаевтың, ақындар – Ахметжан Нұртазиннің және Ермек Қонарбаевтың мұражайларын. Бектеңіз археологиялық ескерткіштерінің қорғандарын, Сергеев суқоймасын, «Ольховая роща» атты шағын аймақта облыста сирек кездесетін өсімдіктерді, оның ішінде қара «ольханы» қызықтауға болады. Бұл аудан төрт қазақ академикгі: Евней Бөкетовтің, Аманжол Қошановтың, Қазез Ташеновтің, Мырзатай Серғалиевтің және ғарышкер - Александр Викторенконың отаны.
Фотосуреттер: 11
Қарау саны: 22952


Мұражай бірінші келушілерін 1924 жылы қабылдады. Ол кезде ол Керуенді көшесіндегі кішігірім үйде болды. 1968 жылы қазіргі атауы Конституция көшесінде орналасты. А.М. Чудовтың басшылығымен Қарағанды мен Целиноград суретшілерінің тобымен, өз кезінде Туби Лейбович Аркель көпестікі болған, 2 этажды оңаша үйге қайта жоспарлау және реканструкциялау жүргізілді. Жұмысқа әйгілі ғалымдар тартылды. 1949-50 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының 1-ші археологиялық картасын құрастырған көрнекті тарихшы - Евгения Тарленің шәкірті Александр Семеновтың СССР ғылым Академиясының археология ғылымының ғылыми сектор меңгерушісі, мұражайдың аға ғылыми қызметкері болды. Ол көптеген тарихшы-өлкетанушылар пайдаланған Петропавл туралы кітабының авторы. 1949-1951 жылдары Антонас Пошка есімді литва антропологы жұмыс істеді. Ол аймақтың табиғатын тануға үлкен үлес қосты. Қазіргі уақытта кешен Қазақстанның ең жақсы мұражайларының бірі болып табылады. Оның қорында 135 мыңнан астам экспонат сақталған. Солтүстік Қазақстан облысының табиғатымен, археологтардың тапқандарымен, переселендердің тұрмысымен танысуға болады және әр түрлі тарихи дәуірлеріне жататын залдарды тамашалауға болады
Фотосуреттер: 1
Қарау саны: 13806

Абылай (Әбілмансұр) Қазақ ордасының ханы – қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы мемлекет қайраткері. Абылай ханның арғы ата тегі Шыңғысханның ұлы, Жошы ханның ұрпағы ,әйгілі Қазақ ордасының негізін қалаушы Әз Жәнібектен шыққан. Ол ақылды саясаткер, сауатты дипломат, талантты қолбасшы болды. 1771 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір хандықтың астына бірігіп Абылайды Қазақ хандығының ханы етіп көтерді.
Абылай ханның сұрауымен және патша үкіметінің рұқсатымен Әулие Петрдің бекінісіне келу үшін 1765 жылы Яңғыстау тауында Есіл өзенімен жоғары ағаш үй салынды. Үй және оның айналасындағы жер мекендеу ғана үшін емес сонымен қатар дау-жанжалды шешетін жерге арналды. Бұл үйдің тұрғын орны туралы әртүрлі пікірлер бар. Шамаммен ол бекіністен төрт шақырым жерде Есіл өзенінің жоғары жағында тау етегінде ( жердің төменірек жері туралы айтылады) орналасқан деп айтылады, кейін қаланың сыртында болып шыққан. Бір жағынан бекіністен 15 шақырымнан астам жерде Ресей империясының бөгде адамдарына жер үзілді-кесілді берілмегені белгілі. Кейінірек,аңыз бойынша үй сол кезде жиі болатын өрттен күйіп кеткен дейді, ал оның орнына тастан үй салынған (Поляков диірменінің ғимараты) Ел аузынан түспейтін аңыз бойынша патша үкіметінің бекітуімен 1821 жылы Орта жүздің ханы - Абылай ханның ұлы Уәли хан болғаннан кейін Петропавлдың жоғары форштадында екі қабатты тас үй салынды. Содан бері Петропавл қаласында Орта жүз ханының қысқы резиденциясы болды. Өлкетанушылардың айтулары бойынша Абылайдың резиденциясы таудағы бірінші құрылыс болған.
21.08.2008 ж. резиденция Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ашылды. Кешен құрамына Абылай ханның үйі, Абылай ханның кеңсесі, келушілерге арналған үй және монша кіреді.
Фотосуреттер: 0
Қарау саны: 12844
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау