Фотоальбомдар


Здесь можно посмотреть фотографии достопримечательностей казахстанского города Уральска.
Фотосуреттер: 21
Қарау саны: 19557


Здесь можно посмотреть фотографии достопримечательностей восточного города Казахстана - Семея.
Город образован в 1782 году.
Территория города равна 27,8 тыс.кв.км.
Фотосуреттер: 12
Қарау саны: 16850


Демалыс аумағы орта таулық бедермен сипатталады. Шалқар көлi аралас және қарағай орманымен қоршалған, нысаны бойынша таға тәрiздi нысаны бар. Көлдiң оңтүстiк бөлiгiнде емдiк балшық бар. Шалқар көлiнiң суы өз құрамы бойынша Қара теңiз суына сәйкес келедi, терi ауруларын емдеу үшiн емдiк қасиетi бар.
Объектiлердiң материалдық базасы қазiргi заман талаптарына жауап бермейдi.
Осы заманғы туристiк кешен құрылысы үшiн инвестициялар тарту қажет, бұл демалушылардың сапалы туристiк қызметке деген сұранысын қанағаттандырар едi.
Фотосуреттер: 17
Қарау саны: 14623


Солтүстiктен оңтүстiкке 70 шақырымға, шығыстан батысқа 65 шақырымға созылған табиғи шұратты ұсынады. Оның негiзiн су қоймалары және Имантау көлiмен тау-орман массивi құрайды, ол шын мәнiнде өңiрде ең сұлу көлдердiң бiрi болып саналады. Көл суы тұщы. Көл ортасында жүрек түрiнде көркем, орманмен жабылған шағын арал. Көлдiң түбi тегiс. Оңтүстiк және солтүстiк жағынан жағалары құмды, оңтүстiк-батыс шығысынан — жартас.
Ормандар көлдермен бiрлесе ерекше микроклимат жасайды. Бұнда бұғылар, елiктер, борсықтар, түлкiлер, тиiндер, құрлар, кекiлiктер және жануарлардың басқа түрлерi мекен етедi. Котелок шоқысы, «Казачий» аралы, «Буян» шатқалы — табиғат ескерткiштерi өзiне жергiлiктi тұрғындар мен демалушыларды қайталанбас сұлулығымен тартады. Көлге қол жетiмдiлiк оңай, жолдардың көлiк торабы демалыс аумағын Чистополье селосымен, әрi қарай Есiл с., Торғай с., Володар с., Қостанай қ., Челябi қ., Көкшетау қ., Омбы қ., Түмен қ., Новосiбiр қ. байланыстырады.
Имантау демалыс аумағы «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағының Арықбалық өңiрлiк бөлiмшесiне жатады, оның балансына 100 орындық екi ғимараты және 40 орындық асханасымен маусымдық типтегi «Имантау» демалыс базасы жатады.
Жазғы уақытта Имантау көлiнде «Қарлығаш» балалар сауықтыру лагерi жұмыс iстейдi.
«Экос» қорының экотуризм жөнiндегi халықаралық бағдарламасы аясында Имантау селосында жергiлiктi тұрғындармен шетел туристерiн қабылдау үшiн 12-15 адамдық топқа 4 селолық қонақ үйi дайындалған, тарих және табиғат ескерткiштерiне туристiк бағыттар әзiрленген.
Фотосуреттер: 21
Қарау саны: 15012


Айыртау ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының картасында барлығы 9,6 мың шаршы шақырымды алады. Бiрақ осындай кiшi-гiрiм аумақ Шоқан Уәлиханов, Ақан серi, Орынбай Бертұлы — ұлы перзенттерiн дүниге әкелдi, оны 17 ғасырда шапқыншылардан Есiм ханның бастауымен шапырашты руынан атақты Қарасай және арғын руынан Ағынтай батырлар қорғаған. Олардың екеуi де Құлшынбай — төбесiнде жерленген. Батырлар жерленген биiк төбеден (1999 жылы кесенесiмен мемориалдық кешен салынған) бүгiннiң өзiнде күш, сүйiспеншiлiк және үмiт беретiн көкше таулармен, ертегiдей көлдермен көмкерiлген Айыртау даласының бұзылмаған сұлу келбетi ашылады. Салынған кесене Қазақстан халқының мызғымас достығы мен бiрлiгiнiң нышаны болып табылады. Конус тәрiздi 16-метрлiк мұнараларды олардың арасында орналасқан үмiт пен сенiмнiң тiрегi — мешiт қосады. Осы жерде жауынгерлердiң көптеген молалары бар. Кезектi қазба жұмыстарында бойы 2 метрдей болған нағыз батырдың мүрдесi табылған, оның жанында ауыр семсер жатқан. Мемориалдық кешендi көруге жыл сайын елiмiздiң түпкiр-түпкiрiнен жүздеген адамдар, көптеген шетелдiк қонақтар келедi. Елiмiздiң Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев та осында екi рет болды. Қажылыққа келушiлер мен туристер үшiн кесененiң жанында мейманхана салынуда. Қарасай батыр есiмi ауыл атына берiлген. Егiн жинау науқанында аудан егiншiлерi арасында «Қарасай» мен «Ағынтай» жүлделерi тағайындалған. Кесенеге жас отау иелерi келедi, осы жерден әскерге, оқуға шығарып салады. Атақты жерлестер атындағы спорттық турнирлер, бәйгелер өткiзiлiп тұрады.
Фотосуреттер: 2
Қарау саны: 11642
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау