1-ші маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай балаларды қуанту мқсатнда біраз жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, Ұлы Жеңіс құрметіне орай «Жеңіс» саябағын жөндеуден өткіздік. Негізінен саябақ болған соң мұнда қаламыздың барлық тұрғындары келу керек. Сол үшін осындай жайларды ескеріп, балалардың демалатын орны жайлы болсын, осында келіп көңілдерін көтерсін деп заман талабына сай етіп жасадық бұл саябақты. «Жеңіс» саябағында ролдик алаңы және жергілікті «Нұр Отан» ХДП филиалының ұйымдастыруымен 1 теннис корты іске қосылады. Айта кетерлігі біз бұл жұмыстарды қолға алғанымызбен оның іске асуына өңіріміздегі жаны жомарт, патриот азаматтар Сіздердің игіліктеріңіз үшін қаржы жұмсап, демеушілік жасады. Атап айтқанда, «Отау-строй», «Нур-строй», «Строисервис 21», «Ибрагим», «Югстрой», «Түркістан тазалық» және басқада мекемелер өз тарапынан үлкен қолдау уөрсетті. Сонымен бірге, қаламыздағы Сауран мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлер арасындағы бос орындарды іске қосу үшін екі спорт алаңдарын аштық. Одан бөлек қаламыздың белгілі азаматы Үмбет Жүсіпбаевтің демеушілігімен аквапарк жөнге келтіріліп, іске қосылды.

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні