Пресс-релиз

Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы 2013 жылдың 1 маусымында жаңа жобаның тұсаукесерін өткізді. Тараз қаласында облысымыздың тұрғындары мен қонақтары үшін «Тараз – Жібек жолындағы Оазис» атты тарихи және архитектуралық ескерткіштер орындарына шолу экскурсиясын Жібек жолы тақырыбында безендендірілген жаңа Toyota микроавтобусы өзінің бірінші сапарын бастады. Айдархан Қалиевтің студиясы экскурсоводтар үшін экскурсияның және экскурсиялық автобустың безендендірілген тақырыбына үйлестіріліп ұлттық нақышта арнай көкірекше тікті.
Бұдан былай автобустық экскурсия аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері сағат 10.00-ден бастап жүргізілетін болады. Экскурсияның құны 500 теңгені құрайды.
Туристік экскурсия барысында Тектұрмас, Қарахан, Айша бибі, Бабажы қатын кесенелерінің және Төрткүл керуен сарайының тарихтары таныстырылады.
Жобаның алғаш жіберілуі және Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты 1маусымда іс-шара тегін өткізілді. Үшсағаттық экскурсиялық автобус «Достық» алаңында балалар мен үлкендерді екі рет сағат 10.00-де және 16.00-де қабылдады. Экскурсияға қатысушылар көпғасырлық тараздық кесенелер мен басқа да тарихи ескерткіштердің тарихымен таныстырылды және туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан Жібек жолы символдық мәні бар киізден жасалған түйе сувенирлерін сыйға алды.
Автобус ішінде көрсетілетін қызметті жақсарту мақсатында, пікір, шағым және ұсыныстар кітапшасы бар.
Жобаның басты мақсаты- Жамбыл облысындағы көзтартымды жерлерді және экскурсиондық туризмді танымды ету.
 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні