Жамбыл облысы әкімі Қ.Бозымбаевтың дарынды жастармен кездесуі туралы

Бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаев 2012-2013 оқу жылында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесті. Кездесуге барлығы 109 дарынды оқушылар және мектеп директорлары, мұғалімдер қатысты.
Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 2012-2013 оқу жылында облыс оқушылары 39 жүлделі орындарды иеленіп, оның ішінде: 6 алтын, 17 күміс, 16 қола медальдармен марапатталды.
2013 жылдың 22-28 сәуір күндері Ташкент қаласындағы М.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті филиалының базасында өткен 47-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында Қазақстанның қанжығасындағы жалғыз алтынды тағы да облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Әшім Қайрат иеленсе, осы мектептің 11-сынып оқушылары Рысқұлбеков Азамат және Биназар Жасұлан қола медальді, сондай-ақ, және Тараз қаласы, №1 гимназияның 11 сынып оқушысы Загрибельный Богдан қола медальдарды иеленді. Аталған олимпиадада Қазақстан құрама командасының алты оқушысы жеңімпаз атанса, оның төртеуі Жамбыл облысының дарынды оқушылары.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пән олимпиадасы 2013 жылдың 12-18 наурыз күндері аралығында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша Талдықорған қаласында және 25-31 наурыз күндері аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Тараз қаласында өткізілді.
Республикалық олимпиадаға барлығы 84 оқушы қатысса, оның 59-ы жүлдегер (2012 жылы – 46 жеңімпаз) атанып, 23 оқушы алтын, 13 оқушы күміс, 23 оқушы қола медальмен марапатталды.
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша облыс командасы екінші жыл қатарынан командалық І орынды иеленіп, «Ең үздік олимпиадалық команда - 2013» атағын жеңіп алса, облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты бесінші жыл қатарынан, сондай-ақ облыстық «Дарын» мектеп-интернаты және облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыздарға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты «Ең үздік олимпиада мектебі» атақтарын иеленді.
Мектеп оқушыларының Республикалық ғылыми жобалар жарысы 2013 жылдың 19-23 ақпан күндері Алматы қаласында өткізілді.
Ғылыми жарысқа облыстан 29 оқушы қатысып, 18 жүлделі орындарды иеленіп, 3 алтын, 3 күміс, 12 қола медальдармен марапатталды.
Жалпы облыс командасы республикалық ғылыми жарыстарда 2007, 2008, 2009 жылдары – үш жыл қатарынан 2-ші орынды, 2010,2011 жылдары 3-ші орынды иеленген болса, 2012 жылы 2-ші орынды, ал биылғы жылы облыс командасы командалық есепте тұңғыш рет І-ші орынды иеленіп, «2013 жылғы республикалық ғылыми жарыстың үздік командасы» атанды.
Кездесу барысында облыс әкімі Қ.А.Бозымбаев халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына смартфондар тапсырып, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні