Тараз- әлемдік туризмнің бөлшегі болмақ

Экскурсия маршруты бойынша Тектұрмас, Қарахан, Айша бибі, Бабажы қатын кесенелерін, Төрткөл керуен сарайын және облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралаудан тұрды.
Тараз қаласы Ұлы Жібек жолында бой көтерген қалалардың бірі екендігін естіген қонақтардың қызуғышылығы арта түсіп, өңірдің тарихимын жақын танысуға ықыластарын білдірді.
Экскурсияның соңында Форум қонақтары мен қатысушылар Айша бибі ауылында «Көкпар», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Аударыспақ» ұлттық ойындарының, сонымен қатар аушы құспен аңшылық көрінісін тамашалады.
Дәл осы ауылда ұлттық киіз үй ішінде көшпелі халықтың ұлттық тағамдардарының дәмін татты.
Өткен Форум Тараз қаласының экономикалық және мәдени жоспарларының болашағы зор екендігін танытты. Туризмді дамыту және қолдау өңірдің мәдени-тарихи мұрасын сақтап қалумен қатар өңірдің, сонымен қатар, тұтас алғанда еліміздің экономикалық жағдайының дамуы мен нығаюына қомақты үлесін қосатындығы сөзсіз.
 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні