«Туризм.Сауықтыру.Саяхат жасау-2012»ІХ- Ақмола өңірлік туристік жәрмеңкесінің қорытындысы туралы ақпарат

2012 жылдағы туризм дене шынықтыру және спорт басқармасының іс-шаралар жоспарымен сәйкес 2012 жылдың 4-6 сәуір аралығында Зеренді демалу зонасы жаңа спорттық-сауықтыру кешені аумағында Кожамжаров К.П., және әкімнің орынбасары Квятковский Э.О., қатысуымен Ақмола облысы әкімі «Туризм.Сауықтыру.Саяхат жасау-2012» атты 9- Ақмола өңірлік туристік жәрмеңкесі (Akmola Regional Tour Fair «Tourism. Health enhancement. Tours-2012» (ARTF-2012) өтті.
Ақмола өңірлік туристік көрмесі - туризм аясында тығыз қарым-қатынастағы Қазақстан өңірлері мен Ақмола облысының туристік жағдайының күшейтуіне және құрылуына бағытталған іс-шаралардың негізгісі болып табылады. Халықаралық нарыққтағы отандық туристік өнімнің қозғалысы, серіктестік қатынастардың орнатылуы, Қазақстанның, шетел туристік компаниялары арасында пайдалы келісімдердің жасалуы көрменің негізгі мақсаты болып табылады.
Көрмеге Қазақстанның 11 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан сонымен қатар Ресей Федерациясының Омбы облысынан туристік компания делегациялары келіп қатысты. Көрмелік тұрақтарға 100 экспоненттер ұсынылды. Келісім компаниясын өткізу үшін 200 астам тамашалаушылар келді. Көрме қонақтарына мынадай бөлімдер ұсынылды: белсенді және таңғажайып, емдік-профилактикалық және санаторлы-курорттық демалыс, экологиялық және спорттық туризм, қонақ үй ісі, автобустық және экскурсиондық турлар, қонақ үй шаруашылығы, сувенирлік өнімдер, мұражай ісі, мәдени-тарихи ескерткіштер және т.б. Жәрмеіке көрмесіне 1 мың адам келді. Туроператорлардың көбі Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды областарынан, Астана қаласынан келді. Ақтөбе облысы стендінде саз өнімдерінен сувенирлер жасау бойынша мастер-кластар көрсетілді. Аталмыш жәрмеңке Ақмола облысына және одан тысқары туристік келулер ағымын кеңейтіп жақсартуға мүмкіндік беретін Қазақстандағы дәстүрлі туристік іс-шараға айналды.
Жәрмеңкенің ашылу шарасына арнайы тұлғалар қатысты: Любомир Регак -Қазақстандағы Славян өкілі, Кертешев Т. С. -БҰҰ даму жоспары бағдарламасының Ұлттық менеджері, Шайкенова Р.Р. -Қазақстан Түрік қауымдастығының басшысы және басқалары.
Жәрмеңкенің қатысушылары мен қонақтарына алғысөзді Облыс әкімі Кожамжаров К.П., Қазақстандағы Славян өкілі Любомир Регак жәрмеңкеге арнайы шақырылымы үшін алғысын білдіріп, туризм саласы бойынша Қазақстанмен тығыз қатынас орнату ықыласын білдіріп сөйледі. Жәрмеңкенің қатысушылары мен қонақтарына арналған алғысөзінде Ақмола облысында бұрын болған Қазақстан Түрік қауымдастығының басшысы Шайкенова Р.Р. қатысушылар тобының кеңейгенін және туристік инфрақұрылымдардың жақсарғанын атап өтті.
Көрме тұрақтарын тамашалағаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін пресс-конференция, ал жәрмеңке қатысушылары үшін дөңгелек үстел отырыстары болды.Масс-медиа мен отырыс қатысушылары кездесуде Қазақстандағы туризмнің даму қарқыны мен жағдайы, шетел инвестициясы көмегімен республика аумағында кейбір проектілерді жүзеге асыратын және экономикалық қиындық шарттарына төтеп бере алатын туроператорлар туралы айтылды.
Жәрмеңке аумағында әрбір қатысушы жеке шақыру талондарын иеленіп, жақсы санаторий, демалу үйлері және қонақ үйлерге Щучинск-Бурабай курорттық және Зеренді демалу үйлеріне тегін жолдамалар, Ақмола облысы қолөнер шеберлерінің сувенирлік сыйлықтары, сонымен қатар басқа да өнімдер түріндегі сыйлықтарды алу үшін арнайы ұтыстарға қатысты.
Сонымн қатар жәрмеңке басталмас бұрын қатысушылар үшін жәрмеікенің 4 номинациясы бойынша сайыс бағдарламалар туралы ақпараттар берілді.
-«Ең жақсы көрмелік тұрақ»
-«Туристік қызметтердің ең жақсы презентациясы»
-«Ең жақсы ақпараттық жарнама пакеті»
-«Өңірдің өзіндік мәдениеті мен таризы және ұлттық дәстүрі бойынша ең жақсы көрініс»
Барлық сайыстар бойынша қатал әділ қазылар қорытынды жасап және қатысушыларды арнайы марапаттау шарасы жүргізілді.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
«Ең жақсы көрмелік тұрақ»
1 орын – Академия «Көкше» Көкшетау қ.
2 орын – Солтүстік Қазақстан облысы
3 орын - «Сұңқар» СК Зеренді ауданы
«Туристік қызметтердің ең жақсы презентациясы»
1 орын – Ақмола облысының тарихи-мәдени мұраларды қолдану және сақтау Орталығы
2 орын – Қостанай облысы
3 орын – Жамбыл облысы
«Ең жақсы ақпараттық жарнама пакеті»
1 орын – Павлодар облысы
2 орын – Актөбе облысы
3 орын – «Зерен Тур» ҚО Зеренді ауданы.
«Өңірдің өзіндік мәдениеті мен таризы және ұлттық дәстүрі бойынша ең жақсы көрініс»
1 орын – Бұланды ауданы
2 орын – Зеренді ауданы
3 орын – Сандыктау ауданы.
Жәрмеңкенің ең белсенді қатысушылары жәрмеңке ұйымдастырушыларының арнайы алғысхаттарымен марапатталды. Жәрмеңкенің басты қорытындысы Ресей Федерациясы және Қазастан, Ақмола облысы туристік ұйымдары арасында серіктестік туралы 300 аса келімдер жасалуы болып табылады.
Жәрмеңке жұмысы Зеренді, Щучья-Бурабай курорттық зоналарында жаңа демалу обьектілеріне бару жарнама-ақпараттық турының өтуімен аяқталды. Жәрмеңкенің өтілуі мен қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен «Хабар», «Қазақстан» телеарналары , республикалық және жергілікті БАҚ -да берілді.
Өткен жәрмеңке Қазақстанның, Ресей федерациясы және басқа да мемелекеттердің барлық өңірлерінен келген қонақтар мен қатысушыларға Ақмола облысының туристік дамуы және демалу индустриясының м.мкіншіліктерін тағы да көрсете білді. Жәрмеңкенің қатысушылары мен қонақтары өз елдеріне орлу барысында облыс басқармасы мен жәрмеікенің ұйымдастырушыларына көрсетілген керемет бағдарламалары үшін үлкен алғыстарын білдірді.Ақмола облысындағы өңірлік туристік іс-шараларында жаңа кездесулерді тіледі.


Ақмола облысы
Туризм, дене шынықтыру және
спорт басқармасы


 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні