Қостанайлық тәртіп сақшылары аттестацияға дайын

Тәртіп сақшыларын техникалық жағынан жарақтандыру да басым бағыт. Мұның бәрі қылмысқа қарсы күресті жаңа денгейге көтерері анық,-дейді қостанайлық құқық қорғаушылар. Мейрамхана алдындағы жастардың төбелесі, автокөлікті ұрлап, айдап әкетпек болған адамның әрекеті бейне бақылау камералары арқылы полиция қызметкерлерінің көз алдында жүріп жатты. Сондықтан, құқық бұзушылар лезде қолға түсті. Күніне Қостанайдағы жедел басқару орталығы осындай 70-ге жуық оқиға тіркейді екен. Көшедегі бейне камералардың арқасында былтыр 119 қылмыстың ізі суымай ашылған. Енді қаладағы жекелеген аулаларды да бейне бақылаумен қамту жоспарланып отыр.

Мұратбек СЕЙІТҚҰЛОВ, ОІІД ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Биылғы жылы жоспарымызда бар, 60 аула қауіпсіздігіне қойылады. Көбінесе қылмыстар болатын біздің мынау микрорайындарымызда, мөлтекаудандарымызда, одан кейін көп қабатты үйлердің алдына камераларды қойып. Өте бұл өзімізге, елімізге, болашағымызға пайдасы көп.

Қостанайлық тәртіп сақшылары аттестацияға дайын екендіктерін айтады. Өйткені, мұнда қызметкерлердің кәсіби-іскерлік және психологиялық-моральдық қарым-қабілеттері үнемі назарда.

Абылай ЛАТЫПОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Өзіміздің арамыздағы тәртіпсіз қызметкерлерден арылу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Қатаң принципті ұстанамыз бұл жөнінен. Былтырғы жылы 24 қылмыстық іс қозғалды, соның алтауын өзіміз қозғадық. 44 қызметкер теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан шығарылды.

Елбасының Еуразиялық полиция құру туралы ұсынысы Ресейдің 3 облысымен шектесетін Қостанай облысы үшін аса маңызды. Бұл шекаралас жатқан өңірлерде қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізуге мүмкіндік береді, - дейді тәртіп сақшылары.
www.khabar.kz
 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні