«20 жұлдызды күн»
«20 жұлдызды күн» шаралары аясында «Бақыт» мейрамханасында Балқаш қаласы әкімінің көпбалалы аналармен кездесуі ұйымдастырылды.
Қабылдауға қалалық мәслихат хатшысы И.Д.Сторожко, әкім орынбасары Б.К. Молдабаева қатысты.
Кездесуге Қазақстан Республикасының лайықты азаматтарын дүниеге келтіріп, тәрбиелеген және экономиканың түрлі салаларындағы ерен еңбектері үшін орден мен медальдармен марапатталған, Ауған соғысындағы ұрыс әрекеттерге қатысушылардың аналары, жетім балаларды патронаттық тәрбиеге алған 20 көпбалалы ана шақырылды.
Кездесу жылы шырайлы жағдайда өтті, барысында шәй беріліп, музыкалық нөмірлер, слайд-шоу қонақтар назарына ұсынылды. Шақырылған аналарға гүл мен сыйлықтар табыс етілді.
Кездесу соңында қатысқан көпбалалы аналардың бірі ризашылығын білдіре отырып, көрсетілген ықылас пен құрметке алғысын айтты.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Пікірлер