Аудандық мұражай ашылды

 

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Салтанат Дүйсенғалиеваның айтуынша, мұражай қоғамдық негізде 1998 жылы ұйымдастырылған болатын. Биыл аудан әкімі Табылғали Сапаровтың қолдауымен кітапха­надан жеке ғимаратқа көшкен мұ­ражайдың бір бөлмесінде қазақ тарихына байланысты жәдігерлер жинақталған. Онда ескі құмыра, самаурын, қаймақ былғайтын ыдыс, аспалы шам, патефон, радиоға дейін бар. Мұражайда сондай-ақ осы өңірден шыққан атақты адамдардың фотосуреттері мен тұтын­ған дүниелері қойылып, Қазақ­станның тәуелсіздік алғаннан кейінгі жиырма жылындағы өңірдегі же­тістіктер де көрініс тапқан. Киіз үй жабдықтарымен қатар кіреберіс бөлмеде табиғат байлықтары, аң-құс, өсімдіктер әлемі қамтылған.

 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні