Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбавтың 85 жылдығын еске алуға арналған қазақ күресіен ашық обыстық турнир

           Қайырбаев Махмет Қайырбайұлы 1925 жылғы 1 қаңтарда бұрынғы Семей губерниясының Құлмырза ауылында дүниеге келді. 12 жасында әкесіз қалған, ол 1937 жылы жалған айыппен жазаға тартылды. Мектепті үздік аяқтаған Махмет «халық жауының ұлы» ретінде мақтау қағазымен марапатталмаған және комсомолға қабылданбаған.
          1941 жылдың жазында М.Қайырбаев өз еркімен майданға баруға өтініш берген, бірақ жасы келмегендіктен оның өтініші қабылданбады. Әскери комиссариатқа бірнеше рет өтінген соң, оны 1942 жылғы тамызда Бұхара қаласына көшірілген Подольск артиллериялық училищесіне қабылдайды, сонда ол жеделдетілген курсты үздік бітіреді де кезектен тыс лейтенант атағын алады. 
          1943 жылғы сәуір айынан бастап Ұлы Отан соғысының ұрыстарына қатысады. Басты Командование Резервінің 712-ші танкіге қарсы-жойғыш артиллериялық полкінде батарея командирі болып қызмет етеді. Ең алғаш марапат – Александр Невский орденін М.Қайырбаев 18 жасында алады.
          1944 жылғы 19 тамызда Литвадағы Шауляй қаласының батысына қарай М.Қайырбаев 15 артиллеристпен бірге фашистер қоршауында шайқасып жатқан батареяға көмекке жіберіледі. Оған біздің сарбаздарымыз, жолда кездескен 70 қарсылас жауынгерді жойып, шайқаспен өтеді. Бұйрықты орындай отырып, кеңес жауынгерлері дұшпанның басым күштерімен соғысады. Батареяның барлық офицерлік құрамы қатардан шығады. Махмет Қайырбаев батарея қолбасшылығын өзіне алып, айнала қорғаныс пен жаудың 7 қарсы шабуылына тойтарысты шебер ұйымдастырады. Осы қиян-кескі айқаста батыл офицер басқарған жеке құрам 3 танкі мен бір батальон шамасында дұшпандарды жойды. Фашистер Шауляйға өте алмады. 
          1945 жылғы 24 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен қолбасшылық әскери тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін және көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін аға лейтенант Махмет Қайырбаевқа «Алтын Жұлдыз» медалі мен Ленин орденін табыстаумен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Әскерден қайтарылғаннан кейін, 1946 жылдан бастап М.Қайырбаев кеңес және партия органдарында сайланбалы лауазымдарда қызмет етеді. 1950-60-шы жылдарда Павлодар облысының бірқатар аудандарын басқарды, тікелей тың жерлерді игеруге қатысты.
          Ленин, Қазан Төңкерісі, Александр Невский, Отан соғысының 1-ші дәрежелі 2 орденімен, Отан Соғысының 2-ші дәрежелі орденімен, 4 Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, 18 медальмен марапатталды.
          Батыр мүсіні Павлодар қаласының Даңқ алаңында орнатылған. М.Қайырбаевтың екі зеңбірегі Санкт-Петербург және Павлодар қалаларының мұражайларында көрмеге қойылған. ҚР қорғаныс Министірінің бұйрығымен ол мәңгілікке Семей қаласының 28738 ә/б бірінші зеңбірек батареясының бірінші дивизионы құрамына енгізілген. 1996 жылғы 14 шілдеде қайтыс болды. Павлодар қаласында жерленген.

 

 

         

 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні