Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
«Балалық шағымның аспаны» фильмі ҚР тұңғыш Президенті, Ел көшбасшысының балалық пен жасөспірім шағы туралы баяндайды. Фильмнің негізі болып оның «Без правых и левых», «Эпицентр мира», «В центре Евразии» шығармалары жатты. Фильм Ел басымыздың өмірінен шын уақиғаларды көрсетеді, бас кейіпкердің тұлғасы мен мінезінің қалыптасуы, оның тұңғыш жіңістері, үміттері, орындалған армандары жөнінде баяндайды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы табандылық пен мақсаткерлік өмір жетістігінің кепілі екендігінің жарқын мысалы. Дарынды қазақстандық режиссеры Рүстем Әбдірашевтің фильмі «Балалық шағымның аспаны» деп аталғаны кездейсоқ емес. Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық арманы аспанмен байланысты болды: ол ұшқыш болуды армандаған еді, алайда оның арманы орындылған жоқ. Дегенмен, орындалмаған арман Нұрсұлтан Әбішұлының мінезін тайдырған жоқ, басқа елдердің басшылары сыйлайтын, оны мықты басшы деп санайтын дана саясаткер, көрнекті мемлекет қайраткері болып, ол өмірде басқа биіктерге жетті. Біздің Президентіміздің арқасында Қазақстан әлемнің көптеген елдеріне танымал.
-Осындай мәдени іс-шаралар неміс-қазақстандық берік қарым-қатынастарының қабырғасына қосымша «кірпіштер» болып табылады. 2010 жылы өткен Қазақстандағы Германия жылынын кейін, қазақстандықтардың немістің мәдениетіне қызығушылығы одан әрі күшейгені жанға жайлы – деп Қазақстандағы Германия Федеративті Республикасы елшілігінің атташесі Валерия Герман атап көрсетті.
Ғарыш кемелерін басқару орталығының мәліметі бойынша, экипаж осы жылдың маусым айынан бері халықаралық ғарыш стансасында зерттеу жүргізген. Осы уақыт аралығында ғарыш кемесі Американың «Шаттл-Атлантис» және Ресейдің «Прогресс» жүк экипажымен кездесіп, онға жуық тәжірибелік жұмыстар жүргізген. Бастапқыда «Союз ТМА-02М» ғарыш кемесі елге 16 қарашада оралуы тиіс еді. Алайда, «Прогресс М-12 М» жүк кемесінің құрал-жабдықтары істен шыққандықтан, экипаждың қайту мерзімі кейінге шегерілді. 30-шы экспедиция халықаралық ғарыш стансасында зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Оның борт инженерлері Антон Шкаплеров және Анатолий Иванишин болса, экипаж командирі Дэниел Бербэнк. «Союз ТМА-02М» ғарыш кемесі жерге қонғаннан кейін, зерттеушілер Қостанай қаласынан Мәскеу маңындағы «Чкаловский» әуежайына жеткізілді.
Майкл ФОССУМ, NASA АСТРОНАВТЫ:
- Саяхат ұзаққа созылды. Бірақ мамандардың алдын-ала дайындығынсыз біз мұндай саяхат жасай алмас едік. Ғарыштағы зерттеу жұмыстарын ештеңемен салыстыруға келмейді. Біз ауқымды ғылыми зерттеу нәтижесіне қол жеткіздік.
www.khabar.kz
Бітік шыққан бидайды шашау шығармай жинап алған егіншілердің еңбегі қандай құрметке де лайық. Еліміздің астықты аймағы Қостанайда ауылшаруашылық қызметкерлері күніне арналған жиында мол ырыстың негізін қалағандарға ерекше сый-құрмет көрсетілді. Қостанай облысы бойынша ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 92 миллярд тенгені құраса, бүгінде ол 352 миллярдқа жеткен. Бұрынғы жылдары үлкен жетістік саналатын 5 миллион тонна астық алу межесі соңғы алты жылда тұрақты құбылысқа айналды. Ал, биылғы жиналған 8 миллион 700 мың тонна ел тарихында болмаған жәйт
Конкурсқа облысымыздың әр өңірінен келген 16 мемлекеттік қызметші қатысты, оның ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ жоспарлау және аттестаттау бөлімінің бас маманы Әлібекова Әйгерім де бар. Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша Әлібекова Әйгерім екінші орын алды, ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Конкурсқа облысымыздың әр өңірінен келген 16 мемлекеттік қызметші қатысты, оның ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ жоспарлау және аттестаттау бөлімінің бас маманы Әлібекова Әйгерім де бар. Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша Әлібекова Әйгерім екінші орын алды, ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|