Оқиғалар
Оқу орындарында, халық көп шоғырланған жерлерде өткізілген акцияға қызығушылық танытқандар аз болған жоқ. Жалпы бұл шара жаз айларынан бастау алған. Содан бергі аралықта он мыңнан астам құттықтау хаты жөнелтілген. Мұның сыртында «Менің жеңістерім - еліме» деген жазуы бар баннер алдында бейнежолдауын жариялау мүмкіндігі жасалды. Әркім өз жетістіктерін баян етіп, құттықтау тілектерін білдірді. Бейне жазбалардың барлығы танымал әлеуметтік интернет желілеріне салынады.
Татьяна ЗУЕВА, АКЦИЯНЫ ҮЙЛЕСТІРУШІ:
- Ел тарихы әрбір жеке адамның тарихынан құралады. Еліміздің жетістіктері мен жеңістері әрбір адамның жеке табыстарынан жемісі. Бұл акция әркімнің мемлекетіміздің өркендеуіне қосқан өз үлесін бағамдап, бағалауға мүмкіндік береді.
www.khabar.kz
Топырақ өңдеуге арналған отандық техникалардың артықшылығын ауылшаруашылығының мамандары да мойындап отыр. Қостанай ғылыми-зерттеу институты астық өндіруге, мал азығын дайындауға арналған техника, құрал-жабдықтарды жетілдіріп, оны сынақтан өткізеді. Теориялық тұрғыда ғана емес, өздерінің өндірістік аумағында жинап, құрастырып, іс жүзінде көрсетеді.
Владимир АСТАФЬЕВ, ҚОСТАНАЙ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Жыл сайын біз Қазақстан және облыс аумағындағы 20-25 шаруашылыққа жаңа техникаларды табыс етеміз. Қандай да бір техниканың енгізілуімен кәсіпорын жылына кем дегенде 500 мың немесе миллион теңге үнемдейді.
Мағауия ҚАЛИЕВ, ТІЛШІ:
- Тас тұғырға орнатылған мынау ХТЗ-7 тракторы 1952 жылға дейін өндірісте болды. Қуаты 15 ат күшіне тең бұл трактор бір сағатта небары 0,3 гектарды жыртатын. Ал қостанайлық ғалымдардың қатысуымен жетілдірілген Кировецтің жаңа үлгісінің өнімділігі бұл трактордан 66 есе артық.
Осында құрастырылатын К-744 Р-1 тракторының қуаты бұрынғы Кировецке қарағанда біршама жоғары. Жылдамдығы жағынан да басым. Ал мынау институттың соңғы жаңалығы, топырақ өңдеуде бірнеше әрекетті қатар атқаратын құрама агрегат. Арам шөбін орып, топырағын қопсытып, тегістеп өтеді.
Алексей ДЕРЕПАСКИН, ҚОСТАНАЙ ҒЗИ ЛАБОРОТОРИЯ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Шетелдік үлгісімен салыстырғанда бағасы үш есе арзан. Осыған ұқсас Германияда агрегат шығарылады. Бірақ оның сапасы біздікнен көп төмен.
Хамит МҰХАМЕТҚАЛИЕВ, «СЕВЕР ПТИЦА» АҚ АГРОНОМЫ:
- Біз өз шаруашылығымызда осы агергатты екі жыл қолдандық. Жер өңдеудің шығынын екі есеге азайтты.
Жаңа агрегат толық сынақтан өтті. Енді техникалық реттеу мекемесі оның сапасын растаса, өндіріске жіберіледі.
www.khabar.kz
Фотода бес тақырыптық бағыт бойынша жұмыстар ұсынылды: Ұлт көшбасшысы, Қазақстан әлем аренасында, ғылыми-техникалық өрлеу, мәдениет және спорт, Қазақстанның таңғажайып табиғаты.
Жылжымалы көрменің басты мақсаты – маңызды тарихи сәттерін отандастарымыздың санасында сақтау, көп ұлтты еркін Отанымыз үшін патриотизмге тәрбиелеу.
Фотокөрменің ашылуына қалалық әкімшілік пен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан бүгінгі күні ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірінші және жалғыз ел болып табылады. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды, кейін бір жылға жетер жетпесте Республика ядролық қару ұстаудан толығымен бас тартты. Сол кезде Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық ірі мемлекет еді және Қазақстанның Көшбасшысы сол уақытта әлем тарихындағы батыл және теңдесі жоқ шешімді қабылдамаған болса, ел ядролық мемлекет болып қала берген болар еді. Еліміздің аумағынан қарулар шығарылды және жойылды, 2000 жылы жазда Семей ядролық полигонындағы соңғы зымыран ұңғымасы жойылды.
Бүгінгі күні Семей ядролық полигоны бейбіт мақсатта жұмыс істейтін ғылыми зерттеу орталығы болып қайта құрылды. Бірақ, жарылыстан зардап шеккен жер, өткен уақыттағы радиоактивтен қорқынышты мұра қалды.
Көрмеге Семей ядролық полигоны туралы, «Невада-Семей» қозғалысының қызметі жөніндегі фотосуреттер мен құжаттар, «Сарыөзен» зымыран полигонынан алынған зымыран сынықтары, бейбітшілік үшін күрес тақырыбындағы кеңестік кезеңнің тақырыптық плакаттары қойылды.
Қала тұрғындары мен қонақтарын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына көрме экспозициясымен танысуға шақырамыз.
Ыбырай Алтынсарин – қазіргі Қазақстанның білімі мен мәдениетінің іргетасын қалауға өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Сондықтан оның бай мұрасын әр қырынан зерттеп-зерделеп, ел кәдесіне асыру бүгінгі ұрпақтың міндеті. Өз заманында ол тек ағартушылық қана емес, ойшыл, қаламгерлік қырынан да танылды. ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік өміріне белсене араласты.
Әділғазы Қайырбеков, мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенінің директоры:
Сәбит Мұқанов бұл кісіні мықты жазушы деп жазған. Бірақ педагогикалық қызметі оның қаламгерлікті дамытуына мүмкіндік бермеді. Сондықтан бүгінде оның көркем шығармаларын зерттеуді дамыта түсу керек деп ойлаймын.
Отаршылдықтың темір бұғауы қол-аяғын матаған қазақ халқын теңдікке жеткізер тек ғылым мен білім ғана еді. Ыбырай осыны дер кезінде алғашқылардың бірі болып түсінді. Түсініп қана қоймай, езгідегі елін тас түнектен жарыққа шығару үшін жанталаса әрекет етті. Бүгінде тәуелсіз қазақ елінің қалыптасу кезеңінің басында тұрған зиялылардың бәрі дерлік кезінде Ыбырай ашқан мектептерде дәріс алған.
Сейітқали Дүйсен, педагогика ғылымдарының кандидаты:
Ыбырай – қолына қару алып, ашық күреске шықпаса да, өз еліне білім-ғылыммен тәуелсіздік алып беруді армандаған адам, өз еңбегімен соған үлес қосқан адам.
Бүгінгі басқосуға негізінен жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттер жиналды. Ыбырай мұрасын зерттеушілер оларды өз еңбектерімен таныстырды. Конференцияда оқылған баяндамалар мен ғылыми еңбектер кейін жеке жинақ болып басылып, қалың оқырманның назарына ұсынылады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: