Оқиғалар
- Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрғындар үшін қолжетімді әрі сапалы баспана – біздің мемлекетіміздің аса маңызды басымдықтарының бірі болып қала беретіндігін үнемі айтып келеді, - деді облыс әкімі салтанатты рәсімде.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қарағанды облысында еліміздің басқа өңірлеріндегідей халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып келеді.
Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыруды дамытумен қатар тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын топтарына арналған тұрғын үй құрылысына да үлкен көңіл бөлінеді. Соғыс және еңбек ардагерлері, мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы отбасылар, бюджеттік мекеме қызметкерлері дәрігерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилер аталмыш санатқа кіреді.
Өңірде тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылу үстінде. Тек соңғы 5 айда 115 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жоспарға 106% және өткен жылдың сәйкес кезеңіне 124% құрайды. Бұл ретте Ермеков көшесінің бойындағы жалпы аумағы 12,6 мың шаршы метр жерді алып жатқан 198 пәтерлік үйді де атауға болады.
- Мұндай қуанышты оқиғаның ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығында өтіп жатқаны баршамыз үшін өте маңызды. Бұл мерейлі мерейтойды біз тек той тойлаумен ғана емес, нақты істермен, оның ішінде тұрғын үй құрылысында да жақсы жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Жаңа үй сіздер үшін жайлы әрі ыңғайлы болады деген сенімдеміз, - деді аймақ басшысы қоныс иелеріне.
Әубәкіров Нұрлан Ерікбайұлы 1975 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және 2000 жылы Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетті тәмамдаған. Мамандығы бойынша – экономист, заңгер. Еңбек жолын 1997 жылы бастады. Қаржы органдарында, экономика және кәсіпкерлікті дамытудың бас басқармасында, Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде еңбек етті. Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы, ТКШ, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысының орынбасары, Қазыбек би атындағы аудан әкімі, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Нұрлан Әубәкіровтың кандидатурасын депутаттық корпус бірауыздан мақұлдады.
Осыдан кейін облыс әкімі Октябрь ауданы активінің кеңесін өткізіп, онда жаңадан тағайындалған басшыны таныстырды. Ол аталмыш ауданның Қарағанды өңірі үшін ерекше маңызға ие екендігін атап өтті. Себебі, мұнда жүйеқұраушы кәсіпорындар орналасқан, демек қаланың бүкіл өнеркәсіптік әлеуеті шоғырланған деген сөз. Әрине, бұл аудан басшылығына үлкен жауапкершілік жүктейтіні белгілі.
Аудан алдында үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, аумақты абаттандыру сынды ауқымды міндеттер тұр. Әрі биылғы жыл Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы екенін ескерсек, мұның бәрінің маңызы еселеп арта түсері анық.
- Сонымен қатар Майқұдық автостанциясынан Солтүстік өнеркәсіптік аймақта орналасқан жаңа кәсіпорындарға барар жолды жөндеу, қаржының тапшылығынан жылдар бойы қаңтарылып тұрған құрылыс алаңдарын ретке келтіру, сондай-ақ санитарлық нормалар мен сәулеттік талаптарға сай келмейтін аудандағы базарлар жайын да үнемі бақылауда ұстау керек, - деді жиын соңында облыс әкімі.
- Қазақстан-герман үкіметаралық жұмыс тобының отырысын Қарағандыда өткізу біз үшін өте маңызды екенін атап өткім келеді. Қарағанды облысының кәсіпорындары герман бизнесінің өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні өңірде германдық әріптестеріміздің қатысуымен құрылған 54 кәсіпорын жұмыс істейді, - деді облыс әкімі кездесу басында.
Ол сондай-ақ ағымдағы жылы Берлинде өткен қазақстан-герман экономикалық форумының барысында қарағандылық делегация өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойғанын тілге тиек етті. Бұл «Силициум Қазақстан» ЖШС-нің «Сименс» компаниясымен энергетикалық кешенді дамыту жөніндегі, «ТиссенКруппМаннекс» компаниясымен «Силициум Қазақстан» зауытының екінші кезеңінің құрылысы туралы, Қарағанды облысы әкімдігінің ферросиликоалюминий өндірісі бойынша бірнеше компаниямен арадағы және Қарағанды мен Мёнхенгладбах қалаларындағы индустриалдық парктердің өзара ынтымақтастығы жөніндегі меморандумдары.
Бұдан кейін доктор Карл-Эрнст Браунер жауап сөз сөйледі.
- Екіжақты қарым-қатынастарды барлық қырынан дамыту бойынша өзара мүдделіліктің бар екенін білемін. Сондықтан сіздерді экономика мен гуманитарлық салада ынтымақтастыққа шақырамын, - деді кездесу соңында Серік Ахметов.
Олардың алғашқысы - «Euro Pack» ЖШС орамдау материалдарының өндірісі. Бұл өнімді пайдалану тамақ өнеркәсібінің ауыз су мен өсімдік майын сақтау мен сатуға арналған 5 литрлік ыдыстарға деген күн өткен сайын артып келе жатқан сұранысын елеулі түрде қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны – 150 млн. теңге, қуаттылығы жылына 23 мың бұйым. Алдағы уақытта шығарылатын өнім көлемін 20-30% арттыру, импорталмастыру өндірісін әртараптандыру мен құру көзделіп отыр. Жобаға «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде көрсетілген мемлекеттік қолдау швейцарлық «NETSTAL» фирмасының жаңа құрал-жабдығын сатып алуға мүмкіндік берді.
Іске қосылған келесі нысан - «Экостройсервис» АҚ бетон өнімдерін шығаратын өндірістік желісі болды.
Аталмыш өндіріске салынған жалпы инвестиция көлемі 234 млн. теңгені құрады. Жобалық қуаттылыққа шыққан соң ол жылына 36 мың куб метр бетон өнімдерін өндіретін болады. Жобаның мақсаты – жылуөткізгіштігі төмен арнайы құрылыс материалдарын әзірлеу. Оның артықшылығы нысандар құрылысы кезінде Қарағанды машинажасау консорциумының ресурстарын тарту есебінен қазақстандық мазмұнды арттыру, жылу жоғалтуды 10-20 есеге дейін төмендететін арнайы жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын технологияны енгізу болып табылады.
Дәл осы күні Бұқар жырау ауданындағы Аман кен орнындағы «Техноиндустрия» ЖШС фракциялық және куб пішіндес қиыршық тас өндіретін зауыт жобасының да тұсауы кесілді.
Осы маңызды шарадағы митингіде сөйлеген сөзінде аймақ басшысы Қазақстанның барлық облыстарында, оның ішінде Қарағанды өңірінде де ел Президентінің тапсырмасына сәйкес экономиканы үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. Тек биылғы жылдың өзінде бізде 24 жаңа өндіріс орны құрылды. Олардың жалпы құны 46 миллиард теңгеден асады, бұл өндіріс ошақтарында 1900-ге тарта адам жұмыспен қамтылады.
- Бүгін біз осындай жобалардың бірі - фракциялық және куб пішіндес қиыршық тас шығаратын зауытты іске қосып отырмыз. Мұнда 150 жұмыс орны құрылады. Бұл біз үшін өте маңызды әрі маған маған зауыт басшылығы хабарлағандай жұмысшының орташа жалақысы 120 мың теңгені құрайтын болады. Әрине, бұл – мұндай еңбекке төленетін лайықты жалақы, - деп атап айтты облыс әкімі өндірісті салтанатты іске қосу сәтінде.
Зауыт құрылысына компания 672 млн. теңге өз қаражатын инвестициялады. Бұл кәсіпорында автомобиль және темір жол құрылысына қажетті жылына 1 млн. тоннаға дейін сапалы қиыршық тас шығаратын заманауи технологиялық жабдық орнатылған. Сондай-ақ жоғары кернеулі желілерге арналған темірбетонды бағаналар мен басқа да темірбетон өнімдерін шығару жоспарланып отыр.
- Осы зауыт пен бүгін іске қосылған басқа да жобалар ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына жасалған тамаша тарту деп есептеймін, - деді облыс әкімі сөз соңында.
– Жүкеңнің бұл келісі жәй келіс емес. Біздердің қолқа салып, арнайы шақыруымызбен ат басын бұрып отыр.
Оған айтарлықтай себеп те бар. Биыл Жүкең 60 жаста. Сондықтан, өзінің туған топырағында, ел-жұртының ортасында мерейтойын жақсылап өткізсек деген жоспарымыз бар болатын. Міне, бүгін сәті түсті. Оған барлықтарыңыз куәсіздер.
Міне, бүгін осы бір қадірлі азаматымыз ортамызда. Жүке, 60 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Деніңіз сау, жасыңыз ұзақ болсын.
Ал, енді облысымыздың атынан азғантай сый-сияпат әзірленген болатын, осыны тапсыруға рұқсат етіңіздер,– дей келіп, Ғ.Матаев облыс әкімінің құттықтау хатын табыстап, қазақтың ата салтымен азаматтың арқасына алқаракөк шапан жауып, астына арқыраған арғымақ мінгізді.
Осынау торқалы тойға Алматы мен Астанадан ат арытып келген қонақтардың атынан Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры, «Алтын тамыр» журналының бас редакторы, ақын Несіпбек Айтұлы, Жүкеңнің жерлес ағасы Серік Тілеубаев, сондай-ақ, қарағандылық зиялы қауым атынан Қазтұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Ерқара Аймағамбетов мерейгерге құттықтау сөздерін айтты.
– Жүрсін, сен бақытты жансың. Біздің буында ең керемет жақсы сөздер саған айтылды. Ақындығың мен қаламгерлігіңді айтпаған күннің өзінде, сенің қазақ руханиятыңда алатын орның ерекше. Сен ХХ ғасырда халқымыздың ежелгі өнері – айтысты қайта тірілтіп, ХХІ ғасырға табыстадың. Қазақтың ұлылығын дәлелдедің,– деп түйіндеді өз сөзін Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының директоры, ақын Серік Ақсұңқарұлы.
Айтса айтқандай, әрі ақын, әрі журналист, айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, қайраткер Жүрсін Молдашұлының есімі мен еңбегі барша ел тұрғындарына кеңінен таныс.
Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде әдеби қызметкер лауазымынан бастап, Қазақ республикалық теледидарында бас редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде және «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Қазақстан» телерадиокорпорациясында Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
Сонау кеңестік жүйеде, яғни 1984 жылдан бастап қазақтың дәстүрлі өнері айтыстың қайта дамуына үлкен үлес қосып келеді. Жүкеңнің осы еңбегінің арқасында айтыс өнері кеңінен дамып, қазір онсыз той-думан, ойын-сауық өтпейтін болды.
Жүкеңнің жазба ақындық өнері де өз алдына мол қазына. Әсіресе, «Жанартау», «Арайлы күн, армысың», «Ұлытауға бардың ба...», «Құдіретке жүгіну» деп аталатын жинақтары қазақ әдебиетіне тыңнан серпін берді.
Мазмұнды да тартымды кездесудің соңында тәуелсіз мемлекетіміздің өнер саласын дамытуға зор үлес қосып келе жатқан ардақты азамат, арқалы ақын, ел мақтанышы, даңқты жерлесіміз Жүрсін Ерман өзінің жүрекжарды жауап сөзінде облыс басшылығына, жиналған көпшілікке және 17 жасар бала жігіт кезінде тұсауын кесіп, қанаттандырған, сол балауса кездің тірі куәсі «Сәт сапар» тілеген газеттің қиындысын тауып көзайым етіп жариялаған «Орталық Қазақстан» газетінің ұжымына риясыз ризашылығы мен мың да бір алғысын жеткізді.
Бір өзі бір елдің брендіні айналған Ұлытаудың ұланын ұлықтау жарасымды жалғасын табады. Әуелі Қарағанды қаласында, сосын Жезқазған, Ұлытау өңірінде мерейтой рәсімі, мәдени іс-шаралар өткізілетін болады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: