Оқиғалар
В целях продвижения велосипедной культуры и популяризации велоспорта и велотуризма, 12 августа 2012 года в Центральном Казахстане, уже во второй раз, проводится кросс-кантри велогонка <<Авалон-Трофи 2012>>.
Участникам соревнований предстоит преодолеть на велосипедах от 11 до 17 километров (в зависимости от категории) по степным дорогам и бездорожью среди живописных холмов.
Место проведения велогонки: окрестности города Караганда, горы Соран (около 18 км на юго-восток от Караганды, 4 км к востоку от поселка Курминка).
Дата и время проведения: 12 августа 2012 года, с 9.00 до 14.30 ч.
Все желающие (с 16 лет) приглашаются к участию в велогонке. Подать заявку на участие можно в офисе Организатора либо непосредственно на старте в день проведения гонки. Все карагандинцы и гости города приглашаются на мероприятие в качестве зрителей. Подробная информация о проведении велогонки и участии в ней доступна на сайте www.guide.kz.
Организатором гонки выступает Историко-географическое общество <<Авалон>>. Гонка проводится при поддержке магазина <<Limpopo Outdoor (Караганда)>>, компании <<Bassar Electronics>> с торговой маркой <<Garmin>>, и компании <<Chocolife.me>>.
За дополнительной информацией просьба обращаться:
г-н Виталий Шуптар, президент ИГО <<Авалон>>:
тел. в Караганде +7 7212 412165, мобильный +7 705 2504256
г-н Михаил Николаев, координатор гонки, действительный член ИГО <<Авалон>>:
тел. в Караганде +7 7212 412165, мобильный +7 702 1128178
Ғылыми кеңестің салтанатты отырысына қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде облыс басшысы университет тарихының Қарағанды өңірінің тарихымен біте қайнасып жатқандығын атап айтты. Алғаш мұғалімдер институты ретінде құрылған оқу ордасы педагогтар даярлауға қомақты үлес қосты. Ал, бүгінгі күні білім мекемесі экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен мәдениет салаларының білікті мамандарын қанаттандырып келеді.
- Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті еліміздің жоғарғы білім беру жүйесінде көш бастап келе жатқан оқу орындарының бірі. Оған ұлттық рейтингте жоғары позицияға ие болып, университет оқымыстыларының жетістіктері әлемдік академиялық қоғамдастық тарапынан мойындалғаны айқын дәлел бола алады. Сіздердің жоғарғы оқу орындарыңыздың Университеттердің Еуразиялық Қоғамдастығы, Болон келісімі – Magna Charta Universitaum сияқты беделді халықаралық ұйымдарының мүшесі болуы да кездейсоқ жағдай емес, - деді облыс әкімі.
Университет Қазақстанның бірінші ЖОО есебінде өзінің білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредитация процесіне енді. 2005 жылы экономика факультетінің 6 мамандықтары менеджменттің Еуразиялық және Орталық Азия даму қорларынан аккредитация алды, 2010 жылы ҚарМУ ұлттық институттық аккредитациядан сәтті өтті, ал 2011 жылы университеттің білім беру бағдарламалары – «Химия», «Экономика», «Физика» - АКВИН/ACQUIN еуропа агенттігінде аккредитация рәсімінен ойдағыдай өтті.
Бүгінгі күні университетте 77 бакалавриат, 49 магистратура және 6 докторантура мамандықтары бойынша жоғары білікті мамандар шығарады. Бұл сапалы білім берудің барлық заманауи әлемдік талаптарына толық сәйкес келеді.
- Мемлекет басшысы өзінің биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында адам капиталының сапалы өсімін басымдықтардың бірі ретінде белгілегендіктен, мұның маңызы еселеп арта түсетіні анық, - деді аймақ басшысы.
Университет ғалымдары тәуелсіз Қазақстан үшін зор маңызға ие үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсене араласып кетті.
- Бүгін біз осы білім шаңырағының бастауында тұрған асыл азаматтарды алғыс сезімімен еске аламыз. Дәлірек айтқанда, ҚарМУ алғашқы ректоры Евней Арыстанұлы Бөкетов, Зейнолла Молдахметұлы Молдахметов, Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев, Айтқожа Биғалиұлы Биғалиев сынды қайраткер тұлғалар оқу орнының аяғынан тік тұрып, қалыптасып, дамуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Сонымен қатар білімнің, ғылымның, экономиканың, мәдениеттің дамуына қосқан үлестері үшін мемлекеттік марапаттарға, халықаралық гранттар мен сыйақыларға ие болған профессорлық-оқытушылық ұжымға да айтар алғысымыз шексіз, - деді сөзінің соңында Әбілғазы Құсайынов.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымға Жанбол Жылбаев тағайындалды.
Жылбаев Жанбол Октябрьұлы 1964 жылы дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 1988 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1995 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің Қарағанды біліктілігін арттыру институтын, ал 1999 жылыД.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университеттің Қарағанды филиалын аяқтады.
Біліктілігі бойынша алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы, экономист-бухгалтер, заңгер. Педагогикалық ғылымдар кандидаты.
1993 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Он бес жылдан аса уақыт Ленин ауданы мен Қарағанды қаласының білім бөлімдерін басқарды. Облыстық білім беру департаменті бастығының орынбасары, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде қызмет етті. Қарағанды облысы бойынша Әділет департаменті бастығының орынбасары, тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитетінің кадрларды басқару және ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
Тағайындалғанға дейін ҚР Әділет министрлігі талдау және құқықтық насихат департаменті директорының орынбасары қызметінде болды.
Облыс әкімінің орынбасары лауазымында әлеуметтік мәселелер мен ішкі саясат саласына жетекшілік жасайтын болады.
Аймақ басшысы Ғабит Матаевтың Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне ауысуына байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылғандығын хабарлады. Сондай-ақ Әбдіжаппар Әбдәкімов те басқа қызметке ауысуына байланысты облыс әкімінің кеңесшісі қызметінен босатылды.
Әбілғазы Құсайынов жемісті еңбектері үшін Ғабит Матаевқа, Арман Қырықбаевқа және Әбдіжаппар Әбдәкімовке алғысын білдіріп, облыс әкімінің Құрмет грамотасын тапсырып, жаңа қызметтерінде табыс тіледі.
Биылғы жылы чемпионат 10 наурызда басталмақшы. Ал, 6 наурызда«Шахтер» өзінің Қазақстан Суперкубогындағы алғашқы ойынын шымкенттік «Ордабасы» командасымен өткізеді.
- Бұл кездесу сіздер үшін жемісті болып, одан кейінгі ойындарыңыздағы жеңістерге жол бастайды деп сенемін. Оның үстіне сіздер УЕФА чемпиондар Лигасында өнер көрсететін боласыздар, - деді облыс әкімі.
Өткен маусымда клубтың тарихында тұңғыш рет қарағандылық «Шахтер» командасы премьер-лига клубтарының арасындағы футболдан Қазақстанның XX чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.
Ал, алдағы маусымға келер болсақ, қазір қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр. Шығындардың бір бөлігі облыстық бюджеттен болса, қалған бөлігін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы мен «ENRC-Көмек» өз мойнына алмақшы. 2012 жылға арналған өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға сәйкес олар жалпы көлемі 477 млн. теңгедей қаражат бөлетін болады.
Жаңа маусымға дайындық шеңберінде команда Түркияда үш оқу-жаттығу ойындарын өткізіп қайтты. Он бақылау матчында «Шахтер» жеті рет жеңіске жетіп, екі мәрте ойын тең аяқталды. Бұл біздің командамыздың бабында екендігін айқын аңғартады.
«Шахтердың» құрамы білікті ойыншылармен де толыға түсті. Дегенмен оның чемпиондық негізгі құрамы сол күйінде қалғандығын да айта кеткен жөн.
Жаңа маусымдағы жоспарлары туралы, оның қандай құрамда ойнайтындықтары жөнінде футбол клубының атқарушы директоры Ерден Халилин, бас бапкер Виктор Кумыков және команда капитаны Андрей Финонченколар айтып берді.
- Биылғы маусымда алдарыңызда чемпиондық атақты сақтап қалу міндеті тұрғандығын өздеріңіз де түсініп отырсыздар. Бұл - өте маңызды міндет. Чемпиондық атақты сақтап қалу арқылы сіздер өткен жылғы жеңістің кездейсоқтық емес, ұзақ уақыт бойғы төккен тер мен еселі еңбектің заңды нәтижесі екендігін дәлелдейсіздер, - деді кездесу соңында Әбілғазы Құсайынов.
ӘнуарМұратұлыАхметжанов 1975 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1996 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2000 жылы «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша Вашингтон қаласындағы (АҚШ) Джонс Хопкинс университетін тәмамдады. Біліктілігі бойынша халықаралық экономикалық қатынастар бойынша экономист, халықаралық қаржы және халықаралық қатынастар бойынша магистр.
Еңбек жолын 1996 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Халықаралық қатынастар» кафедрасында оқытушы болып бастады.
2000-2010 жылдары «Қазақойл» Ұлттық Мұнай компаниясы» ЖАҚ, «ҚазМұнайТеңіз» Халықаралық Ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазМұнайгаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ түрлі қызметтерді атқарды.
Тағайындалғанға дейін «ҚазГерМұнай» бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының бірінші орынбасары болып істеді.
Әнуар Ахметжанов өнеркәсіп пен қаржылық-экономикалық мәселелерге жетекшілік жасайтын болады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: