Оқиғалар
«Даланың дархан дарыны» атты бұл кездесу кешіне Илья ағамен бірге жары Тиыш апа, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы А.Батырханов, Қазталов ауданының әкімі Т.Сапаров, Шыңғырлау ауданының әкімі А.Сейтақов және аудан әкімі Р.Карин қатысты.
- Ұзақ жыл көрсем деп армандаған қасиетті жерге келгенімде, жұмаққа енгендей күй кештім. Жәңгір хан, Салық, Дәулеткерей сынды алып тұлғалардың табаны тиген топырақ, ашық аспан, үп еткен салқын самал жанымды жадыратты. Елдің тоқшылығына ерекше сүйсіндік. Бұл елдің қасиеті - қарағайды кеспейтіні, киікті атпайтыны екен. Аспанмен таласа өскен сол қарағайлардың басында құстар сайрап тұрды. Қандай ғажап! - деді Илья аға.
Композитор әрі жазушы И.Жақановтың ой иірімі бірде тереңге батырып, бірде биікке өрлей көтеріліп, жай ғана жазушы емес, суреткерлік қырын да анық танытты. Музыка зерттеушісінің қазақ өнері қайраткерлерінің өмірін арқау еткен «Екі жирен» (1976 ж.), «Бірінші концерт» (1971 ж.), «Махаббат вальсі» (1983 ж.), «Аққулар қонған айдын көл» (1981 ж.) деректі жинақтарын, 1997 жылы «Қара бура» тарихи-танымдық шығармалары жарық көргенін оқырман қауым жақсы біледі. 75 жасқа қадам басса да, қарт қырандай қомданып отырған Илья аға бір сөзінде: «Осы жерден кетсек те, осы жердің нұрынан жаралған жанмын» деп бөкейліктермен ақтарыла сырласты.
Музыка зерттеушісі бүгінгі әншілердің Ақан серінің «Балқадиша» әнін бұрып айтып жүргеніне қынжылыс білдірді.
- Әнді бұлай қорлауға ешкімнің қақысы жоқ, - деді ол. Сахнаға «Есіл бойы» әнімен Жанаргүл Қуанышева шыққанда сызылта салған әсерлі әнге толқыды ма, қарт музыкант қозғалақтап қалды. Меңсұлу Рамашева шырқаған «Оралдың ерке самалы», трионың орындауында тыңдалған «Жайлаукөл кештері», Арман Әршімов әуелеткен «Әселім», Қуаныш Дүйсекешев салған «Еділ-Жайық» әндерін тыңдай отырып, өз бағасын берді. Әсіресе, Жанаргүл Қуанышева сынды жас әншінің әнін тыңдап, «осы бір әншілердің Толқын Забировалардан қай жері кем», - деп жергілікті өнерпаздардың бағасын асырды.
Бөкей ордасы ауданы 1801 жылы Бөкей Нұралыұлының бастамасымен Еділ мен Жайық аралығында құрылғаны белгілі. Осы екі өзеннің ортасын жайлаған ата-бабалар мекені - біз қоныстанған қасиетті жер. Сол себепті болар, Илья ағамыздың «Еділ-Жайық» әні бөкейордалықтарды әрқашан сүйсіндіріп, шуақты сезімге бөлейтіні ақиқат.
Кеш соңында аудан әкімі Рахман Оразұлы сөз алып, қадірлі ағамызға шапан, Тиыш жеңгейге қамзол кигізді. «Бөкей ордасына - 210 жыл» атты төсбелгіні Нарын топырағына табаны алғаш тиіп отырған ағамыздың кеудесіне тақты. Қазталов ауданының әкімі Табылғали Сапаровтың: «Бұл жердің ерекшелігі - адам осы жерде туылмаса да, өзін туылғандай сезінеді» - деген сөзі көп нәрсені аңғартқандай еді. Кеш жергілікті сазгер, марқұм Хабиболла Әлесовтің «Орда туған мекенім» әнімен аяқталды.
Гүлнар ҚАДЫРОВА,
Хан ордасы ауылы, Бөкей ордасы ауданы
А.Колмогоров атындағы физика мектебімен байланыс мектеп оқушыларына ММУ-де өткізілетін дәстүрлі «Колмогоров оқулары» халықаралық ғылыми семинарға жыл сайын тұрақты қатысуға жол ашты. Аталмыш конференцияларға қатысқан оқушыларымыз 2002 жылдан бері жоғары білім деңгейін көрсетіп, А.Колмогоров атындағы мектепке конкурс негізінде оқуға қабылданып, одан М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Бауман, Губкин атындағы Мәскеу техникалық университеттерінде өз білімдерін жалғастыруда. Қазіргі таңда біздің мектептің 16 түлегі аталмыш оқу орындарының студенті атанып, білім алып жүр.
2010-2011 оқу жылынан бастап А.Колмогоров атындағы физика-математика мектебіне оқуға қабылдау ережесі өзгерді. Енді оқушылар аталмыш білім ошағына оқуға түсу емтиханын мектеп қабырғасында тапсырмақ. Осыған орай оқушыларды сынақтан өткізуге Мәскеу мемлекеттік университетінің физика кафедрасының доценті С.Варламов мектебімізге арнайы іссапармен келді. Мектеп оқушылары ішінен Дәурен Қазтуғанов пен Темірлан Сағындықов бағын сынады. Ресейдің түкпір-түкпірінен жиналған оқушылармен жазғы семинарда дәріс алды. Нәтижесінде 9-сыныпта оқитын Дәурен мен Темірлан Ресейде ғана емес, Еуропаның дарынды балаларымен нәтижелі жұмыс жасайтын, 40 жылдық тарихы бар ғылым орталығы - Колмогоров мектебінің шәкірттері атанды.
А.МАҒЗОМОВА,
облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты тәрбие ісінің меңгерушісі
Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша шілденің 1-нен бюджеттік саладағы қызметкерлердің еңбекақысы 30%-ға артты. Жалақыны 30%-ға арттыру туралы Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында атап көрсетілген болатын. Елбасымен уәделерінің орындалуы медицина қызметкерлеріне ертеңгі күнге сенімділік туғызады.
Көптеген елдер каржылық күйзелістің әсерінен осы уақытқа дейін оңалмауда, ал Қазақстан Республикасы әлеуметтік саланы жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда. 2010 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 113 мың, орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 65 мың теңгені құраған болса, 2011 жылғы шілденің 1-нен дәрігерлердің орташа жалақысы-147 мың теңгені және орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 85 мың теңгені құрайтын болады. Сонымен қатар, кезекті еңбек демалысына шығатын кезде берілетін сауықтыру жәрдемақысының да көлемі ұлғайды.
Еңбекақының жоғарылауы - медицина қызметкерлерінің алға қойған мақсаттарға, міндеттерге және еңбек нәтижесіне қол жеткізудегі ынтасы мен мәртебесін арттырады.
Мұндай оң өзгерістерді елеген облысымыздың әр тұрғыны өз болашағына сенімді, әрі келешекке ұзақ мерзімді жоспарлар құру мүмкіндігі бар, көпбалалы отбасылар саны өсуде, өмір ұзақтығы және азаматтардың жалпы жағдайы жақсаруда. Бұл- елімізде жүргізіліп жатырған реформаның жұмыс істейтіндігінің бірден бір дәлелі.
Мұндай оң өзгерістерді елеген облысымыздың әр тұрғыны өз болашағына сенімді, әрі келешекке ұзақ мерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік береді.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Акция жұмысына қатысқандар: Аймұрзиева М.К. - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, Камалиева Р.М.-облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас стоматологы, Мусина М.М.-«Жайық Дент стоматология орталығы» ЖШС директоры, қалалық емхана директорларының орынбасарлары және БАҚ ұйымдарының өкілі.
Қазақстан Республикасының балалар және ересек тұрғындары арасында стоматологиялық аурудың қарқыны мен таралу деңгейін зерттеу Бағдарлама мақсаты болып табылады. Бұл өз кезегінде төмендегілерді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады:
елдің бес өңірінде стоматологиялық тексеру жүргізу;
тұрғындардарға стоматологиялық көмектің барлық түрі бойынша көмек көрсетуде бастапқы деңгейдегі қажеттіліктерімен сәйкестендіру;
тұрғындардың түрлі жастағы тобының негізгі стоматологиялық статусын зерттеп, енгізілетін стоматологиялық бағдарламаларға уақытылы түзету енгізу және жоспарлау.
рисунокӘртүрлі өңірлердегі эпидемиологиялық тексеруден алынған нәтижесін есептеу жолымен Қазақстан Республикасының барлық тұрғындарына ортақ көрсеткішін табуға болады.
Халықты тексеруге іріктеу
Жасына қарай топтау
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдары ұсынбасына сәйкес, тұрғындарды эпидемиологиялық, стоматологиялық тексеру бойынша келесі топтарға бөлу ұсынылады: 6 жас, 12 жас, 15 жас, 35-44 жасжәне 65-74 жастағылар.
6 жастағылар уақытша тістің тіс жиегісінің таралуымен оның емдеу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
12 жастағылар - үшінші қаптама қабысыз барлық тістерінің тұрақты өсу уақыты. Бұл жас тіс жегісі мониторингісі және оның әртүрлі елдерде динамикасының үрдісін анықтауда маңызды кезең болып табылады.
15 жастағылар тістің пародонты тіндері жағдайын бағалау үшін және пародонтоз ауруын емдеуде қажеттілікті анықтауда маңызды жас болып табылады.
35-44 жаста (40 жас орта жас) жалпы тиімді стоматологиялық көмек көрсету мен пародонтқа тарту дәрежесі, тіс жегісін толық тексеруге мүмкіндік береді және ересектер денсаулығы мониторингісі стандарттық тобы болып табылады.
65-74 жаста (70 жас орта жас) -бұл жас тобы егде жастағыларға көмекті жоспарлауға және тұрғындарға тұтас тиімді стоматологиялық қызмет мониторингісін көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының жағдайы үшін, тұрғындарға стоматологиялық қызмет көрсету бойынша дәстүрлі қалыптасқан жүйе тұрғысынан қарар болсақ, жоғарыда аталған барлық топтары арасындағы стоматологиялық мәртебе стоматологиялық көмекті жоспарлау кезінде негізділік маңызына ие.
Эпидемиологиялық тексеруді Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен 5 жылда 1 қайтара өткізуді ұсынады.
«Сау тістер-денсаулық кепілі» Акциясының өткізілу мерзімі Батыс Қазақстан облысында 2011 жылдың маусым айының 13-26 аралығында.
Осы кезең ішінде өз еріктерімен клиника дәрігерлері: 6 жас, 12 жас, 15 жас, сонымен қатар 35-44 жастағылармен 65-74 жастағыларға тексерулер жүргізеді.
Барлық қаралушылар стоматологиялық тексеруді тегін өтеді, тіс тастарын алу және ауыз қуысына күтім бойынша ұсыныс алады.
«Сау тістер-денсаулық кепілі» акциясына қатысушы
стоматологиялық клиникалардың
МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ
ШЖҚ «Облыстық балалар стоматологиялық емханасы» МКК
Орал қ. А.Хусаинов көш., 55 (503985)
«Жайық Дент стоматология орталығы» ЖШС
Орал қ. Дәулеткерей көш., 39 (500270; 506323)
Стоматологиялық кабинеттер
Дәрігер-стоматолог Дускалиева А.Х. Орал қ. 2-Ленейная көш. 1/3 (519995)
Дәрігер-стоматолог Жапбаркулова Г.М. Орал қ. Гагарин көш. 36 (283439)
Дәрігер-стоматолог Шакимова Н.А. Орал қ. Евразия даңғ., 108/1 (539005)
Дәрігер-стоматолог Тюрина С.А. Орал қ. М. Мәметова көш. 105 (543343)
Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы
Шыңғырлау ауылы (87113733200)
Теректі аудандық орталық ауруханасы
Федоровка ауылы (87113240018)
Жәнібек аудандық орталық ауруханасы
Жәнібек ауылы (87113521306)
Ақпараттық орталық телефондары:509414: 511628; 506323; 503985; 505154.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Медицина қызметкерлерінің қалалық спартакиадасы
2010 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің №1113 Жарлығымен бекітілген 2011-2015жж. «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2011 жылдың 21-22 мамырында «Жастар» стадионында медициналық қызметкерлердің қалалық спартакиадасы өтті.
Жыл сайын осы кезеңде медицина қызметкерлерінің қалалық спартакиадасын өткізуді игі дәстүрге айналуда. Командалық және жеке біріншілікте жеңімпаз атану абырой болып келеді. Спорт - ауырмаудың адастырмас тура жолы. Сонымен қатар, салауатты өмір салты қағидаларының барлық аспектілерін толық сақтап, дене шынықтыру мен спортты біз күнделікті өмір дағдысына айналдыруымыз қажет.
Құттықтау сөз сөйлегендер: Қ.М.Ирменов-облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, А.С.Сафималиев-қала әкімінің орынбасары, М.С.Бутина- ҚР денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағының Орталық Кеңесі төрайымы.
Спартакиаданың мақсаттары мен міндеттері: медициналық қызметкерлердің дене шынықтыру бойынша дайындығының деңгейін анықтау мен бақылау, медициналық ұйымдарда көпшілік спорттық және сауықтыру жұмысының жетілдірілуі, медицина қызметкерлері денсаулығын нығайту.
Қатысушылары: қаланың МҰ медицина қызметкерлері
Спартакиада келесі спорт түрлерінен өтті: көңілді сөре, жеңіл атлетика, шағын футбол, дартс, арқан тарту, саябақ волейболы.
Жарыс 20 команданың қатысуымен өтті. 680 адам қамтылды. Жарыс қатысушылары мен жеңімпаздарына грамоталар, ақшалай сыйлықтар, кубоктар тапсырылды.
1 орынға ие болған командалар:
Жеңіл атлетика: ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК;
Көңілді көре: «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКҚК;
Арқан тарту: ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК;
Дартс: Е.М.Шумбалов «Облыстық наркологиялық мамандандырылған емдеу-профилакутикалық мекемесі» МКҚК;
Шағын футбол: ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК;
Волейбол: ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК.
Жалпыкомандалық есеп бойынша: 1 орын- ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК , 2 орын- «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКҚК, 3 орын- ШЖҚ «№ 3 қалалық емханасы» МКК.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: