Оқиғалар
Биылғы жылдың қараша айында облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Б.Ғұбайдуллиннің атына хат жазып, тұрған үйімнің салқындығы, коммуналдық баспананы жөндеуге жергілікті басшылардан көмектің мардымсыздығы жөнінде баяндаған едім.
Арыз редакцияның хат қоржынына түскен соң «Орал өңірі» газетінің Сырым ауданындағы меншікті тілшісі М.Айташев үйімізге келіп, арызда жазылған жағдайлардың мән-жайын біліп, редакция басшылығына хабарлауға тиіс екендігін тілге тиек етті. Біз бәрі де анық, шындық екендігін айтып, «Орал өңірі» газеті редакциясынан қолдау күтіп отырғандығымызды жеткіздік.
Көп уақытты созбай газеттің тілшісі Тоқтар Кенжеғалиев Оралдан арнайы келіп, үйіміздің жағдайын көзбе-көз көрді. Сол жерде аудан әкімі Ерлан Нысанғалиев те болып, үйімізге газбен жылыту желісін тартып беруге уәде етті.
Көп кешікпей газетте Т.Кенжеғалиевтің «Жаңа жылды жылы үйде қарсылайық» атты көлемді мақаласы шықты. Үміт оты лаулап, көңілімізді қуаныш кернеді. Мақала жарыққа шыққан соң жергілікті басшылар да күрт іске кірісті. Осы орайда аудан әкімі Ерлан Нысанғалиевтің, ауыл әкімі Сәлімгерей Тәжібаевтың, аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесінің бастығы Жұмағали Молдашевтың бізге үлкен көмектерінің болғандығын айтқан жөн.
Осы кезге дейін елеусіз, сазарып, салқын күйде тұрған үйімізге жан бітіп, отбасы мүшелерінің беттеріне қан жүгіре бастады. Жылу жүйелері үйге жүргізілген соң көгілдір отын қосылып, үйіміздің іші жылып сала берді. Міне, қуаныш, шатты өмір деген осы. Осы кезге дейін жөнделуі сөзбұйдалыққа салынып келген үйімізге «Орал өңірінің» араласуымен газ желісі кіргізіліп, отбасы болып зор қуанышқа кенелдік.
Осындай қамқорлық, адам баласына деген шынайы ақ ниеттеріңіз үшін «Орал өңірі» газеті редакциясының басшы-қосшысына аналық алғысымды айтамын. Жаңа жылды жылы үйде қарсылайтын болғанымызға бек қуаныштымын.
Мәншүк МЕРҒАЛИЕВА, көп балалы ана, Жымпиты ауылы, Сырым ауданы
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Салтанат Дүйсенғалиеваның айтуынша, мұражай қоғамдық негізде 1998 жылы ұйымдастырылған болатын. Биыл аудан әкімі Табылғали Сапаровтың қолдауымен кітапханадан жеке ғимаратқа көшкен мұражайдың бір бөлмесінде қазақ тарихына байланысты жәдігерлер жинақталған. Онда ескі құмыра, самаурын, қаймақ былғайтын ыдыс, аспалы шам, патефон, радиоға дейін бар. Мұражайда сондай-ақ осы өңірден шыққан атақты адамдардың фотосуреттері мен тұтынған дүниелері қойылып, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі жиырма жылындағы өңірдегі жетістіктер де көрініс тапқан. Киіз үй жабдықтарымен қатар кіреберіс бөлмеде табиғат байлықтары, аң-құс, өсімдіктер әлемі қамтылған.
Сара Алпысқызының қолдаумен бұл мереке 2009 жылдың 26 қарашасынан бастап балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің өмір салтына нық еніп, олардың жүрегін Махаббат пен Қуаныш жылуымен толтыра отырып ізгі дәстүрлі мерекеге айналды.
Осы жылғы Ризашылық күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсанында мерекеленуі айрықша маңызды. Мерекенің өту күні «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» 20 жұлдызды күннің басталуымен тұспа-тұс келуі де қуантарлық жайт.
Көптен күткен мерекелік залдары барлық балалар үйлері балалардың өз қолдарымен жасаған ертегілер әлеміндегідей әдемі, түрлі-түсті шарлармен, гүл тізбектерімен, жалаушалармен, түрлі-түсті қағаздардан жасалған ойыншықтармен безендірілген. Көңілді әуенмен, мейірімді жүздерімен әдемі киінген балалар өздерінің сүйікті қонақтарын қарсылады.
Облыстық балалар үйінде өткізілген мерекеге облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ғұмарұлы Салыков қатысты, ол тамаша мерекемен балаларды құттықтап, оларға Сара Алпысқызы мен «Бөбек» қорының атынан ноутбуктарды, кәсіби фотоаппараттарды, түрлі-түсті принтерлерді, конькилер мен жарыс шаңғыларын, велосипедттерді сыйға тартты.
Осындай сыйлықтар облыстық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің, жасөспірімдер үйінің, №15 көмекші мектеп-интернатының, Январцево ауылындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де тарту етілді. Ал облыстық «Мейірім» бөбектер үйінің кішкентай тәрбиеленушілерімен Көшім балалар үйі-интернатына ЛЕГО дамыту ойыншықтары мен бейнелеу студиясы құралдарытабыс етілді.
Сондай-ақ, балалар үйлерінің барлық тәрбиеленушілеріне Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Сара Алпысқызының жылы лебізі мен құттықтау сөздері жазылған ашық хаттар табыс етілді.
Мерекелік шаралар жылы, достық пен мейірімділік, игiлiктi қарым-қатынаста өтті. Еліміздің Тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында балалар өздерінің туған мемлекетіне, Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа, Сара Алпысқызына балалар үшін, олардың берекесі мен өркендеуі үшін жасалып жатырған барлық жақсылықтары үшін зор ризашылықтары мен алғыстарын айтты.
Мереке күні балалар алдына келген қоңақтарда керемет көңіл-күйлерімен қонақтарда бөлісті. Олар: «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының, «Ақ қайнар» АҚ-ның, «Конденсат-Келешек» АҚ-ның, «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның, «Желаев» НӨК АҚ-ның, «НефтеГазДем» ЖЗҚ АҚ-ның, «Отан» ЖЗҚ АҚ-ның, «Атамекен» ЖЗҚ АҚ-ның, «Ақсайгазсервис» ЖШС-нің, «Экспо» ЖШС-нің, «ЖайықМұнайГаз» ЖШС-нің, «Топан» ЖШС-нің, «Лебедь» ЖК, Ұлттық сот сараптамасы облыстық филиалының өкілдері, облыстық және қалалық БЖСМ-нің бапкерлері мен спортшылары, Орал қаласының жалпы білім беру мектептерінің директорлары, атақты спортшыларымен жеңімпаздар және әр алуан спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттары мен Азия ойындарының жүлдегерлері, Зеленов аудандық маслихатының, БҚО экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыспен күрес департаментінің, облыстық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің» МҚКК қызметкерлері, облыстық ұлттық шығармашылық орталығының, қалалық жастар мәдениет сарайының әртістері, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің мәдениет және өнер факультетінің студенттері.
«Мейірім» облыстық бөбектер үйінің тәрбиеленушілеріне олардың құрдастары Орал қаласының №26 «Тұлпар» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиеленушілері келіп, облыстық қазақ драма театрының әртістері өздерінің тамаша концерттік бағдарламасын ұсынды.
Мерекелік түскі астан кейін сурет, би байқаулары өтіп, көркемдік фотоға түсіру және спорт түрлері бойынша мастер-класстары ұйымдастырылды: көркемдік фотоға түсіру бойынша облыстық және республикалық фото байқауларының жүлдегері, облыс әкімдігінің баспасөз-қызметінің штаттан тыс фототілшісі, кәсіби фотограф Виктор Предыбайло, коньки мен велосипед бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің олимпиадалық резервтегі бапкерлері мен спортшылары және «Ақжайық» клубының мүшелері, «Азияда-2011» доппен хоккей бойынша чемпиондары, «Мейірім» облыстық бөбектер үйінде көркем сурет өнері бойынша №26 МдҰ-ның жоғары санаттағы педагогы Евгения Эдуардовна Бургер өткізді.
Балалар күн сайын өздеріне қамқорлық, мейірімділік пен жылы жүрек, түсіністік пен махаббат сыйлайтын тәрбиешілерге, күтушілерге, аспазшыларға, күзетшілерге және балалар үйінің өзге де қызметкерлеріне, өздерінің үлкен достарына - демеушілерге алдын ала жасалған және сәнді безендірілген алғыс хаттарымен, қолөнер бұйымдарын, суреттер мен өлеңдерді сыйға тартты.
Мерекенің шарықтау шегі - майшамдар жағылған мерекелік дастархан басында жылулық пен қуанышты қарым-қатынаста балалар мен үлкендердің бір-бірімен Ризашылық күнінен алған әсерлері туралы емін-еркін ой бөлісіп, барлық адамдарға, достары мен жақындарына алғыс сөздер, достық, бейбітшілік пен махаббат жайлы өлеңдер оқу болып табылды.
Ең бастысы – денсаулығында кінәрат болмай, ерік-жігері мықты, отансүйгіштік, елжандылық қасиеті жоғары болуы тиіс.
Қазан айынан басталған күзгі шақырылым желтоқсанның аяғына дейін жалғасады. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді жинақтау және шақыру басқармасының бастығы, подполковник Қалеш Қангелдиевтің (суретте) айтуынша, кейінгі жылдары Отан алдындағы борышын өтеуге тілек білдірушілер саны күрт өскен. Оның бір себебі - 1 жылдық әскери өмірден кейін ішкі істер органдарына, әскери бөлімшелерге, басқа да қызмет орындарына жұмысқа орналасуға мүмкіндік болады. Оның үстіне әскери бөлімшелердің бәрі ел ай
мағында орналасқан. Ал шетелдік қонақтар қатысатын ресми жиындарда құрметті күзетте тұратын, әскери шеруге қатысатын республикалық «Ұлан» гвардиясының қатарында міндетін өтеу - әрбір сарбаздың арманы. Оған қоса болашақ сарбаздар ҚР қарулы күштері, шекара қызметі, ішкі әскер, төтенше жағдайлар министрлігіне шақырылады.
Жас жігіттер негізінен арнаулы мамандық алып үлгерген. Көпшілігінің жоғары білімі бар. Жергілікті жерде медициналық тексеруден өтіп келгендер, оны нақтылау үшін әскери комиссариаттағы бақылау-медициналық комиссиясынан қайтадан өткізіледі. Арнайы психологиялық тест жүргізіледі.
Кейінгі жылдардағы әлеуметтік тұрғыдағы оң өзгерістер тұрғындардың ас мәзіріне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сергек қарап, денсаулығына мән беруіне ықпал еткені сезіледі. Бүгінде салауатты өмір салтын ұстанып, шылым мен шараптан бас тартып, спортты серік еткен жастар қатары өскен.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Альберт Жақияев мекемедегі ішкі тәртіптің сақталуымен қатар, болашақ сарбаздардың ден
саулығын қадағалайтын дәрігерлердің де тиімді жұмыс істеуіне барлық жағдай туғызған.
Әскери-медициналық комиссия құрамында тоғыз жылдан бері еңбек етіп келе жатқан дәрігер хирург Николай Повытчиковтің (суретте) айтуынша, соңғы үш жылда әскерге шақырылушылардың денсаулығы біршама жақсарған. Бұрын кездесетін майтабан, қуық аурулары, омыртқаның қисаюы дегендер азайған. Күнделікті қызметінде елу шақты шақырылушының денсаулығын бақылаудан өткізетін Николай Борисович жастарға ақыл-кеңесін беріп, дұрыс тамақтанып, жаман әдеттен аулақ жүруге үндеп отырады.
Комиссия құрамында биыл екінші жыл қызмет етіп келе жатқан дәрігер рентгенолог Табиғат Әжіғалиев (суретте) те әріптесінің сөзін қостап қояды. Табиғат Жоламанұлы өз саласына қатысты «Өткен жылы да, биыл да құрт ауруымен ауыратын жастардың облыс орталығындағы комиссияға жіберілу дерегі кездескен жоқ» дегенді айтады.
- Дегенмен, - дейді дәрігер рентгенолог, - кейбір ауданда рентген аппараттары ескірген. Соған орай кейде сұлба дұрыс көрінбей, қайтадан анықтауға тура келеді. Бұл - біздің міндетіміз. Егер денсаулығында кінәрат болса, емделуге жібереміз. Жалпы жігіттердің денсаулығы жақсы. Бұған мектептердегі әскери оқулар мен далалық жаттығулардың да жақсы әсері бар сияқты.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің медициналық-бақылау комиссия мүшелері орналасқан бөлігінде көңілдері алып-ұшқан жас жігіттер қаз-қатар сапта тұр. Олар - болашақ сарбаздар. Солардың бір-екеуін әңгімеге тарттық.
Самат Юсупов:
- Отан алдындағы борышымды атқаруға дайынмын. Тасқаладағы №20 кәсіби лицейді аяқтадым. Еркін күрес, самбомен айналыстым. Спорт шеберлігіне кандидатпын (бүгінде Самат Қарағанды қаласындағы төтенше жағдайлар қызметінде әскери борышын өтеуде).
Мейірман Жүсіпов:
- Мен Қазталов ауданынан келіп, медициналық бақылаудан өтіп жатырмын. Әскери міндетімді шекара күзетінде атқарсам деген арманым бар. Жалпы, бүгінгі жастар салауатты өмірді қалап, өз болашағына сергек қарайтын болды. Өзім саз колледжін аяқтадым. Оған қоса таэквандо спортымен айналысамын.
Міне, биылғы шақырылымның аяқталуы да жақын. Ел аймағындағы әскери бөлімшелер
де міндетін өтеп жүрген батысқазақстандық сарбаздар туралы түскен жақсы хабарлар көңілді қуантады. Күзде әскер қатарына алынған жігіттер енді келесі жылы осы мезгілде туған жерге оралады.
Алдағы уақытта әскер қатарына шақырылушылар саны тағы 30 пайызға өседі деген болжам бар. Бұл - жас жігіттерге беріліп отырған мол мүмкіндік.
Тәрбие СМАҒҰЛОВА, «Орал өңірі»
«Менің отбасым», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Өнерлі отбасы», «Эрудиттер» бөлімдерінен құрылған бұл сайыстың басты мақсаты - отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау, ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықты дамыту болып табылады.
Әр отбасы өз әулетінің шежіресімен таныстырып, ата-әжеден қалған қолөнерін, кәсібін дәріптеп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, шеберліктерін, тапқырлықтарын танытты. Сонымен қатар ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салып, сайыстың сәнін келтірді.
Қаратөбе мектеп-гимназиясының атынан шыққан Бимұхановтар отбасы 13 команда ішінен ең үздік деп танылып, бас жүлдені иеленді. Жеңімпаз отбасы желтоқсан айында облыста өтетін «Алтын ұя» байқауына жолдама алып, диплом мен сыйлыққа ие болды.
I орын Б.Қаратаев атындағы мектебінен Тінәлиевтер жанұясына, II орын Қаракөл мектебінен Нұғымановтар отбасына, III орын Егіндікөл мектебінен Ниязовтар және Б.Аманшин атындағы мектебі атынан қатысқан Құмаровтар жанұяларына бұйырды. Жүлдегерлерге сыйлықтар табыс етіліп, алғысхаттармен марапатталды. Сонымен қатар сайысқа қатысқан отбасыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. «Өнерлі отбасы», «Шежірелі отбасы», «Ата салтын қастерлеген...», «Ынтымағы жарасқан» деген аталымдар анықталып, сый-сияпат жасалды.
Жанұя жарасымы, шаңырақ шаттығына арналған шара үлкен-кішінің бірдей көңілінен шықты.
Гүлімхан Қалиева,
Қаратөбе ауданы
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: