Оқиғалар
Жамбыл ауданының жеті пенсионері ерекше жарысқа қатысты. Сахына төрінде, ақсақалдар ең жақсы деген атақ үшін жеті номинация бойынша атсалысты. Соның ішінде, ақсақалдырдың қалай бата беретіңдеріне әділ қазылар алқасы ерекше назар аударып отырды.
Конкурс – презентациядан басталды. Көрермендер мен қазылар ерекше өнерімен көзге түскен қатысушылардың есімдерін бірден жатап алды. Сахынада нағыз шайқас басталды. Ал аталарының сайысын тамашалауға келген ұл-қыздары мен немерелері, оларға барынша қолдау көрсетіп отырды. Ал, олардың ішінен ең мықтысы болып, Гродикова ауылынан келген - 70 жасар Төлебай Юсупов атанды. Ол кісі осымен тамамдалған жоқ. Бұл сайыстан кейін, облыстық ақсақалдар конкурсына қатысып, құрметті 3-ші орынды иелені.
Осы аудандық конкурста - Болат Оспанов пен Абдыр Койшыбаев жүлдегерлер болып танылды. Ауданның ішкі саясат бөлімінің бас маманы Махамбет Рахымжановтың сөзіне сүйенсек, қазіргі жастар еліміздің үлгі-мұрағатын мен дәстүрлерін тек осындай құрметті ардагерлерден алады, дейді. Шындығына келгенде, осындай керемет сайыстан кейін, жас жігіттей темсенген құрметті азаматтарды «ақсақалдар» деп айтуға аузымыз бармайды.
Іс-шараға ракетамоделизімінің Еуропа және бірнеше рет әлем чемпионы атанған Анатолий Ключков қатысты. Ол жас балаларға бұл қиын кәсіптің егжей-тегжейін түсіндіріп қоймай, өзімен бірге шет елден алып келген, бейе таспалар мен фотографиялар және дипломдарын көрсетті.
Владимир Витальевичтің балалар техникалық шығармашылығы үйірмесін - сонау 1997 жылы құрған.
«Ракеталарды құру кезінде ең бастысы – шыдамдылық, нақтылық және мұқиятты болу керек» - дейді, Владимир Корчагин. Қазіргі уақытта, ұшатын аппараттарды 10-12 жас аралығындағы дарынды балалар жасап шығарып жатыр. Ондай конструкторлардың бірі: Денис Малых және оның көмекшісі Гулам Ахметжанов.
Сонымен қатар, мерекенің барысында көрсетілім ретінде, олардың ракеталарын аспанға жіберген болатын.
Балалар техникалық шығарма үйірмесіне тек қаланың оқушылары ғана емес, соңымен қатар, жақын маңдағы ауылдардың балалары келіп, тәжірибе алып тұрады. Соның бірі - Гродикова ауылынан келетің аса қабілетті жас конструкторшы Александр Назаров.
Осындай жас кәсіби ракета конструкторшыларының ішінен болашақ ұлы ғарышкерлер шығады деген үміттемін. Өйткені, ғарышқа алғашқы қадамдар Жер атты планетасында жасалды.
«Жұлдызай» қорының директоры Гүлхан Исабаеваның сөзіне сүйенсек, кем-тар балаларға арналған Республикалық «Жұлдызай» фестивалі алғашқыда, қалалық одан кейін, аймақтық, содан кейін мәртебесі жоғарылап, республикалыққа дейін көтерілді. Бас ұйымдастырушылардың бірі - Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі. Осы іс-шараның негізгі ұстанымы – әр балада бір дарындылық бар!
Бұл фестивальға барлығы 50-ге жуық жас әртіс қатысты. Олардың ішінде: «Үміт» мектеп-интернатының оқушылары, «Мейірім» мектеп-интернаты, «Болашақ» мектеп-интернаты, интелекті бұзылған арнай мектеп және тағы да басқа да мектеп оқушылары қатысты.
Облыстық іс-шаралар өткізу орталығының әсем әзірленген сахынасы, ән мен биге толы болды. Алғашқы минуттардан бастап, жас әртістеріміз әдемі ұлттық киімдерімен залда отырған көрермендердің назарын жаулап алды. Балалар осы щығармашылық кеште әнге беріліп орындағандары соңшалықты, тіпті, бір сәттері көз алдымызда кәсіби әншілер орындап тұрғандай көрінді.
Әділ қазылар құрамына: «Жұлдызай» фондының директоры Гульхан Исабаева, фестивальдің көркем жетекшісі Альмира Сеитова, облыстық білім басқармасының психо-медико-педагогикасының меңгерушісі Гулнар Күлсимақова, «Жас мүгедектер қоғамы» төрағасының орынбасары Айтолқын Даулетбаева, облыстық халықтар шығармашылығы орталығының директоры Майра Алим кірді. Сонымен, финалға 17 конкурсант іріктелді. Олар бұдан кейін болатын конкурстар мен Астана қаласының галла-концертінде өнер көрсететің болады.
2010 жылы тамыз айында ЖШС «Бином» ұйымы №12 «Астана» мөлтек ауданынан балабақшаның құрылысына кіріскен. Ал қазір, жаңа ғимаратта кішкентай бүлдіршіндердің дауыстары естіледі.
Өз құттықтау сөзінде, қала әкімі Бекболат Орынбеков бұл балабақшаға 280 баланың кіретінің атап өтті.
Балабақшаның кілті мен қызыл лентаның қиылылғаннан кейін, ғимарат бойынша экскурсия болды. Құрылысшылар мен жобалаушылар, кішкентай бүлдіршіндер өздерін жақсы сезіну үшін барлық жағдайларын жасаған. 12 топқа арналған бөлмелер мен ұқыпты жиналған төсектер мен жиһаздар, өз иелерін күтіп тұр. Жақсы жабдықталған, үлкен залдар да бүлдіршіндер музыка және физкультурамен айналысатын болады.
Балалардың денсаулығы мен көңіл-күйлеріне тәрбиелеушілер ғана емес, сонымен қатар, психолог және медбике қарап отырады. Балбақша заманға сай құрал-жабдықтар мен жабдықталған. Оның ішінде методикалық кабинет, қарауылдар бөлмесі, жуухана және тағы да басқа бөлмелер бар.
Мерекелік іс-шара, балалардың қатысуымен өткен әсем концертпен аяқталды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: