Оқиғалар
Сондай-ақ, табылған жәдігерлердің бірі – жеті Түргеш тиыны. Түргеш тиындары 8-12 ғасырларда қолданыста болғандықтан, нақты қай кезде жасалып шыққаны белгісіз. Еденмен жылытылатын ежелгі моншаның қабырғалары біраз аршылып қалыпты. Тас төселген көшенің ізі де сайрап жатыр. Бір өкініштісі, ғалымдар моншаның су құбырларының бүлініп кеткендігін айтады. Ертеде моншаның қоғамдық және сарай қызметкерлеріне арналған түрі болған. Ал, бұл көпшілікке арналған қоғамдық монша болуы мүмкін. «Қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақ ежелгі Тараз қаласының орталығы емес. Себебі, орталықта мешіт сияқты басқа нысандар болады. Бұл – қала аумағы, Шахристан»,- дейді «Археологиялық сараптама» ЖШС-ның директоры Дмитрий Воякин.
Аршылып жатқан аумақта қазіргі заман мен бұрынғы дәуірдің тұрмыстық қалдықтары араласып кеткен. Сөйтіп, аралас қабат құралып, одан аталған жәдігерлер табылуда. Қазба жұмыстарымен айналысып жатқан жұмысшылар күректерінің ұшымен топырақтың бетін мұқият қалқып, қырып алуда. Өйтпесе, тарихи жәдігерлерге зиянын тигізуі әбден мүмкін. Біздің көзімізше-ақ түрлі заттардың сынықтары көптеп табылып жатты. Археологтар осы заманға дейін адамдар қоныстанған қаланың терең қабаттарына дейін бойлап, құнды деректер табатындығына сенімді. Тарихи нысанға жауын-шашынның кері әсері тимеуі үшін мұнда үш жерден шұңқыр қазылып, шатыр құру жұмыстары да қолға алынуда.
Жалпы, елімізде Қ.А.Ясауи кесенесі мен Тамғалы шатқалындағы петроглифтер ғана ЮНЕСКО-мен қорғалатын мәдени мұра ескерткіштерінің тізіміне енген. Оған енудің заңдылығы сол, табылған тарихи нысанды қайта жаңғыртуға (реконструкциялауға) мүлдем болмайды. Сол себепті, көптеген мәдени ескерткіштер бұл тізімге енбей қалған. Ал, мұнда жекелеген реставрация жұмыстары ғана жүргізіліп, тек консервацияланады. Сондықтан, республикада үшінші болып ЮНЕСКО тізіміне енеді. Оған шетел ғалымдарының өзі қызығушылығын білдіріп отыр.
Ғани – екі мәрте Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының және өткен жылдың студенттер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, облыстың аға жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековтың спортшысы, жеңіл салмақтағы қола медальдің иегері болып, 2012 жылы өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды.
Үшінші орын алу оңай емес болды. Ғ.Жайлауов едәуір қайратты қарсыластармен күресті, олардың арасында ұлттық чемпионаттардың жеңімпаздары, халықаралық турнирлердің және Азия чемпионаттардың жүлдегерлері, әлем чемпионы және олимпиада чемпионы да болды. Сондықтан, ірі старттарда көп тәжірибесі болмаған Ғани Жайлауовтың қорытынды кестеде үшінші орын алғаны – үлкен жетістік деп, ойлайды облыстық бокс федерациясы президентінің кеңесшісі, облыстық мамандырылған балалық-жасөспірімдік №6 олимпиадалық резервінің бокс спорт мектебінің жаттықтырушысы Феликс Цой.
Олимпиадалық жүлдегері Болат Жұмәділовты тәрбиелеген тәжірибелі жаттықтырушы Ғ.Жайлауовпен әбден қанағаттанып қалды.
Оның айтқанына сәйкес, жамбылдық жаттықтырушылық құрамасы біздің өкілдерімізден екі олимпиадалық лицензия күтті, бірақ, өкінішке орай, өзі туралы керемет болашағы бар боксшы ретінде айтуға себеп берген (2005 жылда кадеттер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп, ал 2009 жылда Қазақстан чемпионы атанып, Азия чемпионатында қола медалін ұтып алған), Мұрат Әбімселімовтың спортшысы Олжас Сәттібаевтің олимпиадаға жолдама алуға қолынан келген жоқ. Жамбылдық боксшы бірінші кездесуде мароккандық Әбделфаттах Нәфілді жеңіп, екінші іріктеуші жарыста ұтылып қалды. Олжасқа қарсы шығудан бұрын ирландық спортшысы Майкл Конлан әлемдегі ең қайратты деп санаған Ирландия чемпионатын ұтып алғаннан кейін кез келген қарсыласын және қай уақытта болса да жеңе алатындығын мәлімдеді. Оппонентіне тек ... бір ұпайда ұтылған қазақстандық боксшысы Олжас Сәттібаев оның сөздерін жоққа шығара жаздады!
Жамбылдық бокстың тәлімгері Ф. Цой айтуынша, О. Сәттібаевтің Лондонға жолдама алуға нақты мүмкіндігі болды. Бірақ, Астанада өтетін тағы да бір лицензиялық турнир алда тұр, сонда өткен жылдың Қазақстан чемпионы, биылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Іліяс Сүлейменов жамбылдықтың қарсыласы болады.Ф.Цойдың бағалауына сәйкес, астаналық боксшы біздің спортшымызбен салыстырғанда едәуір тәжірибелі екен.
Қазақстандық командасы бакулық рингте өзін көрсеткені туралы жалпы айтсақ, әрине, біздің спортшыларымыз бірде-бір алтын медальді ұтып ала алмағандары үлкен кемшілік болып саналады деп, Феликс Цой түсінік берді.-Басқа жағынан қарағанда, биылғы нәтижелер екі жыл бұрын Чикагодағы нәтижелермен салыстырғанда әжептәуір сәтті болды, өйткені сол кезде ұлттық командадан қазіргі капитан Серік Сапиев тек қана бір қола жүлде ұтып алды. Бұл кез спортшыларымыз екі күміс және екі қола медальдерімен оралды.
Өткен ғасырдың елуінші жылдарында салынған құрылыстардың ішінде орналасқан мектептерде осы күнге дейін оқушылар оқып жатты. 150 орынға арналған жаңа мектептер үлгі жобаларға сәйкес құрылды. Жарық және кең оқу кабинеттер, спорт және акт залдары, еңбекке үйрететін шеберханалар, асхана – мектептерде барлық қажетті бөлмелер мен керек жабдықтар бар. Облыс әкімі мұғалімдерді, оқушылар мен барлық қатысып отырғандарды қоныстоймен құттықтап, оқуда табыстарға жетуге тіледі. Көшек батыр ауылының ақсақалдары Елбасына алғыстарын айтып, енді мұндай керемет мектепте оқитын немерелерінің болашақтары үшін алаңдамайтындары туралы айтты. Ал Тамабек ауылының ақсақалдар өкілдері ескі мәселелерін көтерді: табиғи ғаздың жоқтығын. Облыс әкімі ақсақалдарға қазіргі уақытта газ мұржалары өткізіліп, және қаңтар айында Тамабек ауылы тұрғындарының үйлерінде көгілдір отын болады деп, жауап берді. Жақында ауылда жолдар жөнделіп, балабақшалар ашылады. Содан кейін, өңір басы келе жатқан жылы беру маусымына арнайы «Игілік» Көп салалы кәсіпорны» атты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қазандығын әзірлеуімен танысты. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында салынған қазандық өз қорын екі рет өндірді. Кәсіпорынның директоры Рашид Сейдалиев істердің жағдайы туралы Қанат Бозымбаевке толық түрде баяндап берді. Қалалық жылу орам желістерінің ауыстырылуы жасанып, үш тұрғын үйлердің жертөпелері жөнделді. Қазандық табиғи газбен жұмыс істейді, ал күтпеген жағдайлар үшін 456 тонна мазут бар. Тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін бұл мөлшер жеткілікті. Қаратауда көп қабатты үйлердің төбелерін жөндеу бойынша жұмыстар өткізіліп жатыр. Биыл 13 үйдің жаңа төбелері пайда болды. Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан 1964 жылғы төрт қабатты
үйлерді қарап шығып, олардың сапасын Қанат Бозымбаев бағалады. Жұмыстарды «Қожадар», «Строймастер», «АКМ» және «Қаратау жолдары»
ЖШС-тері демеуші көмегі ретінде жүзеге асырды. Үй тұрғындары пәтерлері жайлы болып істелінгендері үшін алғыс айтты. Іс жағдайда облыс әкімі мен «Нұр Отан» Халық-демократиялық партияның Талас аудандық филиалының аппарат қызметкерлерінің кездесуі өтті. Партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Айтқазы Қарабалаев биыл филиал көшіп келген жаңа кеңсесін Қанат Бозымбаевке көрсетті. Бұл жерде партияның мақсатты міндеттерін шешу бойынша жүргізілетін жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік беретін керекті материалды-техникалық базасы құрылды. Бүгінгі күнде аудандық филиал 5596 нұротандықты біріктіріп отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күресетін кеңес және «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Олардың назар өрісі – мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуы. Таза және жасыл Қаратау байқарлық құлпырап, жақсылап жабдықтанып жатыр. Мұнда мәдениет және демалыс саябағы жұмыс істейді, «Лашин» атты футбол командасы жаттығуларын өткізіп, жергілікті тұрғындар спортпен шұғылданатын стадион бар. Қаратаудықтардың бұл танымал демалыс орындарына биыл тағы да бірі қосылды – Тәуелсіздіктің 20 жылдығы саябағы. Аудан әкімі Айтқазы Қарабалаев Қанат Бозымбаевке жаңа объектті көрсетті. Бір гектар қамтитын аумақ қазіргі уақытта қақталған металл дуалмен қоршалып тұр. Саяжолдар, көгал алаңдар және гүлзарлар жасалып, шағын сәулетті үлгілері орнатылды, жарықтандыру бар. Жақында шыршалар отырғызылады. Саябақ Қаратау тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі болатыны шүбәсіз. Облыс әкімі Қанат Бозымбаев жұмыс сапары кезінде аудандағы әлеуметтік климатын жақсартуға арналған жұмыстың ойдағыдай өткізілгені туралы баса айтып, аудан әкіміне мемлекеттік бағдармаларды нәтижелі түрде іске асырылуы бойынша тапсырма берді.
Бес жас категориядағы екі жүзден астам оқушылар Тараздың орталық көшелерінің бірінде километрлік дистанцияны шығыршықты конькимен теуіп өтті. Дәл сол кезде көшедегі баскетболдың (стритболдың) шеберлері жарысты.
«Көшедегі бидің Академиясы», «Tarsu.kz» би билейтін брейк-данс- ұжымдары, Nurs, Aida, Asel соло-бишілері және басқалары, кім би өнерін ең үздік меңгергенін, анықтады. Оларды ата-аналар мен жақтаушы бойжеткендер қолдады.
Ең белсенді жастар ұйымдастырушылардан кубоктарды, дипломдар мен естелік жүлделерді сыйлыққа алды. Бірақ, спорт фестивалінің өз атмосферасы, яғни қатысушылар бір бірінің шеберлігін бағалай алатын, позитивті қуат алып, денсаулыққа пайдамен демала алатын кезеңі, ең үздік жүлде болып саналады.
Турнирдің бірінші жартысы олимпиадалық жүйесіне сәйкес өткізілді, содан кейін қатысушылардың жартысы ұтылып, турнирден шығарылды. ҰҚК және «Байзақ жастары» құрама командалары финалға жетті. Байзақ ауданының өкілдері турнирдің жеңімпаздары атанды. Оларға кубок, турнирдің бас жүлдесі, және дипомдар сыйланды. Тағы да бір жеңіске үміткер – «СКА-Оңтүстік» командасы – үшінші орын алды. Жүлдегерлер және ең үздік ойыншылар құнды жүлделермен марапатталды.
«СКА- Оңтүстік» және «Байзақ жастары» командалары әуесқойлық командалары болып саналады. Сонымен қатар, қатысушылардың арасында
кедендік тексеру, ІІД, ҰҚК және т.б. облыстық департаменттерден командалар болды. «Тараз» ФК бұрынғы ойыншылары, қазіргі облыстық футболдың ардагерлері, және әуесқойлық футболшылардың бірге ойнағандары барлық қатысушылар үшін көңіл сүйсіндірерлік сыйлық болды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: