Оқиғалар
Жалпы, жарыстарға 46 мемлекеттен келген спортшы қатысты, ал жас дәрежесінде 36 мемлекеттен атлеттер ұсынылды. Еркебұлан Абдуллаев акробатикалық жолында секіруде қола медалін ұтып алды. Спортшы 5 жасынан акробатикамен шұғылданады, Еркебұлан ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР спорт шебері және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері. Еркебұлан Абдуллаевты Ольга Назарова жаттықтырады.
Облыс әкімі Қанат Бозымбаев құттықтай келе, жерлестеріміз әлемдік деңгейде Қазақстан Республикасының намысын абыроймен қорғаған спортшыларымыздың жетістіктерімен мақтан тұтатындығын айта кетті. Оларға зор денсаулық, жетістіктен жетістікке жете берулерін және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өнеге болуын тіледі.
Барлық спортшылар Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары және құнды сыйлықтарымен марапатталды.
Жамбыл облысында 57 спорт түрі қамтылған, оның ішінде 22-сі олимпиадалық, 21-і олимпиадалық емес және 14 ұлттық спорт түрлері. Облыстық спорт мекемелерінде 15 мыңнан астам спортшы кәсіби түрде спортпен шұғылданып, 600-ден астам оқытушы-жаттықтырушы жұмыс атқарады.
14 облыс пен Астана және Алматы қалаларынан 184 спортшы 2011 жылдың 12 -19 қараша аралығында Тараз қаласында өткізілген бокстан жастар арасындағы ҚР чемпионатына қатысты. Жамбыл облысының құрама командасы 3 алтын медалін ұтып алды. Астана қаласы және Оңтүстік-Қазақстан облысының командалары екі «алтыннан» және Ақмола, Қызылорда, Қарағанды мен Манғыстау облыстарының командалары бір жоғарғы құндылықтағы медальден үйлеріне әкеледі.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбеков жарысты ашқанда өз құттықтау сөзінде Ғ.Жайлауовтың сәтті көрсетуі туралы баса айтты. Ол барлық қатысушыларға спортта жоғары жетістіктерге және чемпионатта табыстарға жетуге тіледі. Ал облыстық бокс федерациясының вице-президенті Қайрат Шотбеков жас боксшыларға жамбылдық беделді Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ермахан Ыбрайымов, Серік Қонақбаев, Болат Жұмәділов және Бақтияр Артаевтан үлгі алуға кеңес берді. Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков жарыстардың барысына қарап отырды.
ҚР ТСМ-нің Спорт Комитеті, Қазақстан Бокс Федерациясы және облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасымен ұйымдастырылған жарыстарға мемлекетіміздің 14 облыс және Астана мен Алматы қалаларынан келген 200-ден астам былғары қолғабының шебері қатысты. Спортшылар 46 кг және жоғары салмақ дәрежелерінде күресті.
Бірінші сайыс күнін 49 және 56 кг салмақ дәрежелеріндегі 13 жарыс ашты. Дәстүрлі түрде, старттық жарыста ақтөбелік Аслан Қойбағарға қарсы рингке жамбылдық спорт мектебінің тәрбиеленушісі – спорт шеберлігіне кандидаты Әлішер Жұматаев шықты, және екі техникалары мол боксшының табанды мен көңіл жадырататын тұспа-тұс тұруы қонақтың жеңілуімен аяқталды.
Чемпионат апта ішінде «Олимпик» атты спорттық кешенде өтеді. Он тоғызыншы қараша күні ақтық жарыстар өткізіледі, содан кейін ең қайсар спортшылардың тізімі анықталады.
Осы жарыстардың нәтижелері бойынша келе жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатына қатысу үшін мемлекетіміздің ұлттық құрама командасы құрылатындығын баса айтып өткеніміз керек.
Оның ашылу салтанатына облыс басшысы Қ.Бозымбаев қатысты. Мұнда алғашқы құрылыс жұмыстары 1981 жылы басталып, «Турист» қонақ үй кешені ретінде жоспарланған нысан 1989 жылы қаржыландыру мәселесі шешімін таппағандықтан, тоқтап қалған еді. Қаланың қақ орталығында осылай «сақалды құрылысқа» айналған нысанға 2008 жылы облыстық басқармаларды орналастыру жөнінде шешім шығарылды. Соған сәйкес, ғимарат қайта жобаланып, ол жұмыстармен «ЖамбылРемЖылПроект» ЖШС айналысты. 2010-2011 жылдары құрылыс жұмыстары қайта қарқын алып, мердігер «Ремэнерго» ЖШС оны толық бітірді. Ғимараттың сметалық құны 592786970 теңгені құрайды.
Салтанатта сөз сөйлеген облыс әкімі Қанат Бозымбаев:
— Бүгін қаладағы еңселі де әсем ғимараттың ашылуына қатысып отырмыз. Қазіргі заман талабына сай бой түзеген бұл нысанға облыстық ардагерлер кеңесі бастаған 12 мекеме орналасатын болды. Бұл игілікті іс ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен қатар келіп отыр. Биыл облыс бойынша жаңадан 48 ғимарат бой көтерді. 730 шақырымнан астам жолдар жөнделді. Бес елді мекенге ауыз су беріліп, 25 ауылға газ тартылды. Мұның барлығы елдегі экономикалық өсімнің және өңірде өнеркәсіптің өркендеуі арқасында мүмкін болып отыр. Осындай өсу қарқыны облысымыздағы мемлекеттік органдардың бірлесіп атқарған жұмысының жемісі деп ойлаймын. Мемлекеттің жетістігі әрбір адамның табысымен өлшенеді. Олай болса, сіздерге еңбекте табыс тілеймін. Ашылып отырған жаңа ғимарат құтты болсын! - деді.
Одан кейін сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеуқабыл Төребеков бұл орынның қаладағы көрікті жерлердің біріне айналғаны үшін облыс ардагерлері атынан ризашылығын білдірді. Мердігер фирманың директоры Ербол Амантаев облыс әкімдігі білім басқармасының бастығы Сұлушаш Құрманбековаға символикалық кілтті табыс етті. Әкімшілік ғимараттың лентасы салтанатты түрде қиылған соң, облыс басшысы көпқабатты нысанды аралап шықты. Төменгі қабаттағы «Интерактивтік анықтаманың» сенсорлы экранын пайдалану арқылы мұнда қандай мекемелердің орналасқандығын, қызметкерлердің лауазымы мен жұмыс телефонын, қабылдау уақытын білуге болады. Анықтамалықтың жұмысымен танысқан облыс басшысы білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының интерактивті кабинеттеріне, мемлекеттік тілді оқыту орталығының оқу кабинеттеріне бас сұғып, қазақ тілін меңгеріп жатқан тыңдаушылармен пікірлесті. Орталықта оқып жатқан төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өртке қарсы қызмет қызметкерлері мемлекеттік тілді түсінетіндіктерін, алайда, сөйлеуге ыңғайсызданатындықтарын жеткізді. Қанат Алдабергенұлы оларға осындай жағдай жасалып, тегін оқытып жатқандықтан, қазақ тілін қалайда меңгеру керектігін айтты. Мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Жаңабай Миллионов мұнда тыңдаушылардың тілді меңгерулеріне мүмкіндік жеткілікті екендігін жеткізді.
Ардагерлер де жаңа қоныстан орын тепкеніне ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді. Сәулеті мен келбеті келіскен көрікті ғимаратқа орналасқан өзге де мекемелер – облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, мәдениет басқармалары, облыстың тексеру комиссиясы, Тараз қаласы оқу бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясы қызметкерлерінің қуанышында шек жоқ. Бұған дейін қаланың әр бұрышында кеңсе жалдап келген мемлекеттік мекемелердің біразының бір орталыққа шоғырлануы әлбетте, қуанышты оқиға.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: