Оқиғалар
Н.Нығматулин сапар барысында облыс кәсіпорындарының ҚР Қорғаныс министрлігі үшін шығаратын тауарларының көрмесін барып көрді, облыстық партия активінің жиналысына қатысты, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалының жұмысымен танысып, партияның аймақтық филиалдарының басшыларымен, бастауыш партия ұйымдары төрағаларымен кездесті, жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.
«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин облыста атқарылып жатқан жұмыстарға көңілінің толатынын білдіріп, оң баға берді.
2007 жылғы 4-шілдеде «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХІ съезінде Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен қазақстандықтардың игілігі үшін біз елдің әрбір азаматының өмірін қалай жақсартамыз» деген партияның халықтық тұғырнама қабылданған болатын. Осыған орай, өткен сәрсенбіде Өскеменде партияның облыстық активінің жиналысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Отан» ХДП халықтық тұғырнамасының іске асырылуы, «100 мектеп, 100 аурухана», «Жол картасы» бағдарламаларының 2008-2009 жылдардағы орындалуы және алдағы міндеттер туралы» есеп берді.
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бас маманы Нурсағила Шамшиеваның ақпаратына сәйкес, атақты артисттің мамандығы - дәрігер- психолог, ол әнші ретінде мансабы 30 жыл бұрын басталды және домбырамен 10 жасынан бастап ойнайды. Атақты артист Оңтүстік Қазақстан облысында туды, орыс мектебінде оқып, қазаққа тұрмысқа шықты, Медикалық институтында оқыды және бір уақытта Айтыс жарыстарына, «Алтыбақан» мен «Тамаша» атақты бағдарламаларына қатысты. Оның концерттерінде Естай Беркімбаев, Мукағали Мұқатаев, Қадыр Мырзағалиев, замандас авторлардың өлеңдеріне ән айтты. Ерекше дәстүрлі өлеңдерін – термені жақсы көреді. Т. Бурмистрова айтуынша - «Олар дана халықтың философиясын қамтиды». Әншіде арнайы музакалық білімі жоқ, бірақ бірнеше ай бойы өз өлеңдерін түпнұсқа түрінде айтуға үйреткен атақты домбырашы Ғарифулла Құрманғалиев шеңберінің сабақтарына қатысты.
4 ноября 2009 года в Усть-Каменогорске в здании КГКП «ФОК» прошло торжественное открытие Республиканского турнира на Кубок акима Восточно-Казахстанской области по боксу среди молодежи и взрослых. В соревновании приняли участие команды из городов Талдыкорган, Кокчетав, Усть-Каменогорска, Зыряновска, Аягозского, Урджарского, Курчумского Уланского районов. Из 22 весовых категорий, 11 – молодеж и 11- взрослые. Всего принимало участие 162 человека.
Айта кететін жағдай, бүгінгі күні Өскеменде мұсылман бауырларымызға арналған 4 діни мекеме жұмыс істеп тұр. Алайда Аллаға құлшылық еткен жандардың барлығын сыйғызуға бұл мешіттердің мүмкіншілігі келмейді. Көбінеки, әсіресе қасиетті Жұма күні адамдардың Өскеменнің орталық мешітінің ауласында намазға жығылып жатқанын көруге болады. Олар жаңбырға да, желге де, қысқа да, суыққа да қарамайды.
Енді жағдай өзгермек. Келесі жылы облыс орталығында сәулеті мен дәулеті жарасқан, жарқын да, кең Алла үйі жұмыс істей бастайды. Жаңа мешіт 1000 адамға арналады. Ішінде ерлер және әйелдерге арнаулы бөлмелер ашылып, жанынан 50 адамдық медресе ашылады. Сондай-ақ, 500 адам емін-еркін жайғасатын қатымхана да қызмет етпек.
Мешіт 4 мұнара мен 1 күмбезден құралатын болады. Әр мұнараның биіктігі 63 метрге, ал күмбез 40 метрге тең болмақ. Бұл өлшемдердің өзіндік мәні бар. Өйткені Мұхаммед пайғамбар 40 жасында пайғамбар атанды, ал 63 жасында ол дүниеден өтті.
Құрылыс басталмас бұрын жобалаушылар еліміздің өзге аймақтарындағы осы сынды мекемелердің сәулеткерлік үлгілерін зерттеді. Құдай қаласа, кезекті Қасиетті Ораза айына дейін жаңа мешіт келемдеушілерге есігін айқара ашады.
«Қазақстандықтар бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Осының арқасында біз мешіттер мен шіркеулер салып, синагогаларды ашудамыз. Бұл еліміздің даму жолын – толеранттылық жолын айшықтайды. Бүгінгі шара осының дәлелі болса керек», - деді аймақ басшысы.
Мына бір жәйтті атап өтпеске болмас. 3,5 гектар жерде орналасатын жаңа мешіт асарлатып салынады, яғни қалаған әрбір жан құрылысқа өз үлесін қоса алады. Бүгінгі күннің өзінде көптеген кәсіпкерлер қыруар қаржы салып үлгерді. Тіпті Өскеменнің ардагерлерді арнайы қор құрып шамалары келгенше қаржы жинамақшы.
Мешітке арналған қажетті заттар арзан бағамен сатылып алынады. Ал құрылыс материалдарын өндіретін кейбір кәсіпорындардың басшылары өз өнімдерін тегін ұсынып отыр. Есеп бойынша бұл құрылысқа шамамен 1,5 млрд. теңге қаржы қажет. Ал бұл көлемді ақшаның әрбір тиынын мақсатына сай пайдаланып, жұмысты үйлестіру үшін арнайы комиссия құрылып, жұмыс істейді.
Кәсіпорын ұжымын және басшылығын облыс әкімінің атынан оның орынбасары Серік Әбденов құттықтады. Облыс әкімі жолдаған құттықтауда: «Елбасымыздың саясатының арқасында ядролық қару жасауға ғана пайдаланылып жүрген атом жоғарғы технологияларды дамытудың негізгі құрамдасына айналды. Осы үрдісте Үлбі металлургия зауытының алатын орны ерекше. Ол атом электр стансаларына арналған ядролық отын шығару жөнінен әлемдегі ең ірі өндірістік қуаттардың біріне ие, әрі посткеңестік аумақта берилий мен тантал өнімдерін шығарушы монополист болып табылады. Үлбі металлургиялық зауытының бүгінгі жетістіктері – көп жылғы табысты әрі табанды жұмыстың нәтижесі. Қазір өнімді кешенді өңдеу жүйесі және сапа менеджменті енгізілді, бірнеше технологиялық учаскелер қалпына келтіріліп, техникалық жағынан қайта жарақтандырылды. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып отырған білікті басшылар мен зауыт ұжымының арқасы» делінген.
Естеріңізге сала кетсек, зауыттағы тантал өндірісі аталмыш металлдың өнімін жасайтын ТМД-ғы жалғыз және әлемдегі төрт ірі өндірістердің бірі болып табылады. Ол тантал және ниобий бар кез келген шикізатты өңдей алатын замануи құрал-жабдықтармен жабдықталған. 60-шы жылдардың ортасында ҮМЗ-да металл берилий мен оның өнімдерін шығару қолға алынды. Кейінгі жылдары зауыттың қызметкерлері өзге де жоғары технологиялық өнімдерді шығара бастады.
Зауыттың мерейтойын атап өтуге «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның президенті Владимир Школьник, Қазатомөнеркәсіптің еншілес және бірлескен кәсіпорындарының басшылары, ғалымдар, алыс-жақын шетелдердегі әріптестер мен серіктестер, Шығыс Қазақстан облысының және Өскемен қаласының басшылығы жиналды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: