Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде: өзін таныстыру (5 мин), педагогикалық философиясы, жетістігін қорғау (15 мин), эссе (2-3 мин), пән бойынша тест сынағын тапсыру (45 мин). Бұл кезеңге Өскемен, Семей қаласынан басқа 12 ауданнан үздік мұғалімдер қатысып, 4 мұғалім ІІ кезеңге өтті. Бұл бөлімде мұғалімдер ашық сабақ өткізуден сынға түсті. Барлық кезеңнен жоғары ұпай алған Күршім орта мектеп-гимназиясының жоғары санатты ұстазы Оқас Жайлауқан Қақатайұлы Бас Бәйгені жеңіп алып, облыс әкімі Б.Сапарбаевтың белгілеген оқу грантына ие болды.
Мерекеге жиналған қауымды Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е. Аязбаев, Достық үйінің директоры Э. Төлеубеков мерекемен құттықтап өз тілектерін білдірді. Дастарқан басында этномәдени бірлестіктердің төрағалары: В.П. Магазинщиков, А.М. Нетребич, А.А. Яковлев, С. Ақанов, Р. Дәүітова мұсылман қауымын мерекемен құттықтады. Славян мәдени орталығының төрағасы Яковлев Александр Андреевич жиналғандарды құттықтап, осындай мереке көптеген ұлттарды бір дастархан басына қосады деп ризашылығын білдірді. Құрбан айт меркесінің алғашқы күні орталық алаңда өткен мерекелік шараға Достық үйінің шығармашылық ұжымы «Русская песня» ансамблі қатысып, өнерлерін қала жұртшылығы тамашалады.
Шығармаларда өмірлік терең танымдық мәні бар және сонымен қатар жер шарындағы соғыс пен аштықтан қаза болған балалар үшін қам жеушілік байқалады. Ол жайлы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай орта мектебінің 6 сынып оқушысы Сұлтан Тоқтарханов былай деп жазған: «Мен Жер шарында әр 10 минут сайын аштықтан 1 миллион бала өлетіні туралы оқыдым. Бұл өте қорқынышты жағдай. Мен нені және қалай өзгерту керек екенін білмеймін, бірақ, егер ғаламшарда бәрі бірдей қаласа, онда әр бала қуанышпен және сеніммен «Барлық әлем мен үшін!», - деп айта алатынына сенемін».
Өскемен мен Аягөз қалалары, Зырян, Ұлан, Бородулиха және Глубокое аудандарынан мазмұны мен стилі бойынша мемлекеттік тілде 7 оқушының шығармасы, орыс тілінде 5 оқушының шығармасы үздік деп танылды. Жеңімпаздарға Департаменттің құрмет грамоталары мен ескерткіш сыйлықтар тапсырылады.
Шығыс Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы дипломатиялық миссия басшыларымен кездесу аясында «Алтай» технопаркінде туристік көрме ұйымдастырды. Көрменің барысында қонақтар бай табиғи ресурстарымен, облыстың туристік әлеуетімен танысты. Туристермен алмасу жөнінде келіссөздер ұйымдастырылды.
Чемпионатқа қатысушылар туристік кедергілер жолағы, бақылау-туристік бағыты, туристік дағдылар, туризмді насихаттау, туристік ән бойынша жарыстарға қатысты. Чемпионатқа 170 адамнан астам, Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Жарма аудандарынан 18 команда қатысты. Чемпионаттың бағдарламасы оқушылардың арасында бақылау туристік бағытындағы жарыстарды, клубтар және мектептен тыс оқу мекемелер, Өскемен және облыс мектептерінің командалар арасында туризмді насихаттаудан, туристік өлең бойынша жарыстарды қамтиды. Чемпионаттың жүлдегер командаларына кубоктар, дипломдар, грамоталар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|