Оқиғалар
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Өткен жылы Алакөл көлінің жағасында дүрілдеп өткен «Алабұға-2011» фестивалі бізге осы іс-шараны дәстүрге айналдыру туралы ой салды. Оның былтыр қалай өткенін мына сілтеме арқылы көруге болады: http://2.veters.kz/2011-03/okunkol.php
Бұл жолы біз оны өткізу мерзімдерін сәл ғана өзгерттік.
Фестиваль 7-9 қырқүйекте болып өтеді. Оның қатысушылары, меймандары өздерін жайлы сезінуі үшін, қоңыр күздің күншуағында маужырауға мүмкіндік болуы үшін барлығы жасалады!
Көлдің бірегей минералдық құрамы бар, оған ежелгі түркілер де, онда оңалтудан өткен тұңғыш ғарышкерлер де лайықты бағасын берген. «АЛАБҰҒАКӨЛ-2011» балықшылар турнирінің қатысушысы болыңыз. Бұл нағыз әуесқой балықшыларға арналған турнир. Баршаңызды жанды суы бар бірегей көлдің жағасындағы жағажай күтеді. Ал соңында ұтыс ойындары мен музыкаға толы мерекелік банкет өтеді!
Іс-шараның басты мақсаттары мен міндеттері ішкі туризмді дамыту, қазақстандықтардың балық аулағанда ма, не жай ғана достардың ортасында таза ауада болған кезде ме, бәрібір, табиғат аясында демалу мәдениетінің деңгейін көтеру. Әлбетте, қазақстандықтарға табиғат аясындағы демалысын әлдеқайда жайлы етуге көмектесетін компаниялар да осыныдай акцияларға қосылуға тиіс!
Ұйымдастырушылар: «Ветер странствий» журналы, «Пеликан» демалыс базасы, SteK туристік компаниясы. Бас демеуші«Корган Центр» ЖШС. Толық ақпаратты www.veters.kz сайтынан табуға болады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|