Жол көрсеткіш /
Атырау /
Оқиғалар
Оқиғалар
Астрахань қаласында Бөкей хан кесенесі ашылды
«Бұл ескерткіштің ашылуы – көршілес екі мемлекеттің тарихындағы маңызды оқиға» деді Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин.
Ресей Федерациясы Астрахань облысының Кіші Арал ауылында Бөкей ордасының негізін қалаған Бөкей ханның кесенесі бой көтергені туралы еліміздің Мәдениет министрлігі хабарлады. Мемориалдың ашылу салтанатына Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбеков, Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев қатысты. Бөкей хан мен емші Сейіт баба жерленген қорымға салынған мемориалды кешен бірнеше ғимараттан тұрады. Кешеннің орталығында Бөкей хан кесенесі орын тепкен. Кесененің төменгі жағы Қордай гранитімен қапталып, жоғарғы жағы қызыл қыш кірпіштен өрілген. Ал мемориалдың қабырғалары Маңғыстау жерінен жеткізілген құмды әктаспен өрнектелген.
«VIII-ХIХ ғасырларда Бөкей хан халқымен бірге осы жерде, Астрахань даласында тіршілік етті. Қазақтардың басын біріктіріп, Ресеймен тығыз байланыс орнатты. Біздің арамыздағы достық қарым-қатынастар сол кезден бастау алады десек те болады. Біз халықтарды бір-бірімен байланыстырған адамдардың рухына бас иіп тағзым етеміз. Бөкей хан мен оның досы, халық емшісі Сейіт баба да осындай адамдардың қатарына жатады», – деді Александр Жилкин.
«Қазақ тарихында Бөкей ханның алатын орны ерекше. Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы кең далада Бөкей ордасын құрған ол өз халқын сақтап қана қоймай, қазақтардың алғашқы мемлекеттік құрылымының шекарасын да кеңейткен болатын. Біз мұны ұмытқан жоқпыз. Ал мына мемориалды кешен бізге ғана емес, келешек ұрпақ үшін де қажет. Олар біздің халықтарымыздың 300 жыл бұрын достасқанын және кейінгі уақытта да тату көршілер ретінде өмір сүретінін білуі тиіс», - деді қазақ елшісі Зауытбек Тұрысбеков.
Халықаралық тілдер орталығы ашылды
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында Атырауда «Language Link» Халықаралық тілдер орталығы ашылды.
Бірінші бағыт бизнес бастамаларын қолдауға арналған. Жоба сомасы 30 млн. теңгені құрайды және Атырау қаласындағы «АТФ Банк» АҚ арқылы қаржыландырылады. «Ресейдегі халықаралық тілдер орталығы 1994 жылдан бері жұмыс жасайды. Британдық Cambridge ESOL емтихан палатасының сертификатталған орталығы боп, сондай-ақ, Ресейдегі Америка сауда-өнеркәсіптік палатасының мүшесі боп табылады, - дейді орталық директоры Алтыншаш УТАЛЕЕВА. – Осы аймақтың таңдалуы кездейсоқтық емес. Атырауда мұнай-газ саласында жұмыс жасайтын шетелдік және отандық компаниялар көп. Барлық қызметкерлерден дерлік ағылшын тілін білуі талап етіледі». Оның айтуынша, субсидия алу оншалықты қиын болмапты, бастысы – несие алу үшін банктен келісім алу процедурасынан өтсе жеткілікті.
Орталық жас ерекшелігіне қарамастан барлық ниет білдірушілерді оқытпақ. Ағылшын тілін отандық және шетелдік мамандар оқытатын болады. Әкімшілік бірінші жылы төлемақының көп болмайтындығына уәде береді. Ал төлемақының одан да аз болуын қалайтындарға арнайы конкурстар өткізеді. Атап айтқанда, төменгі сыныптарда оқитындар үшін «Әлемді тану. Англияның көрнекті жерлері» тақырыбында түрлі қолдан жасалған бұйымдар мен аппликациялар конкурсы жарияланды. Бірінші орынды иеленуші сыйлық түрінде орталықта бір ай тегін оқиды. Екінші және үшінші орын иелері – 50 және 25 пайыздан жеңілдіктерге ие болады. Конкурс 28 қыркүйек пен 12 қазан аралықтарында өткізіледі. 7-11 сынып оқушылары өздерін хат түріндегі жанрда сынап көре алады. Олар үшін «Менің болашақтағы амбициям» тақырыбында 1 қарашаға дейін жазба жұмыстарының конкурсы өткізіледі. Конкурс сыйлықтары бірдей.
Ал студенттер сыйлыққа қоса «Ренессанс» қонақ үйінің желісінен жұмысқа қол жеткізе алады. Олардың міндеті – Атырау туралы жол көрсеткішін жасау. Жұмысты бағалаудағы басты критерийлер: құндылығы, мазмұндылығы, зерттелу бағыты, шығармашылық тәсілі, таныстыру дағдылары.
Azh.kz
Жилгородокта тағы бір жеке емхана ашылды
26 қыркүйек күні Атырауда Жилгородоктағы АМӨЗ профилакториясының базасында құрылған жаңа «Медикер» емханасының тұсаукесері өтті.
Тұсаукесерге бір сағат қалғанда келген облыс әкімі Бергей Рысқалиев палаталарды, операция залдарын, диагностикалық кабинеттерді және т.б. қарап шықты. Салтанатты рәсімге шақырылғандар арасында компаниялардың (отандық «ҚазТрансОйл», «Қаз-МұнайГаз», «ЕмбіМұнайГаз», «Казахинстрах») корпоративті клиенттері мен қаладағы басқа жеке емханалардың басшылары көп болды. «Медикер» ЖШС бас директоры Гүлжан САДЫРБАЕВАНЫҢ айтуынша, ЖШС-нің атыраулық өкілдігі 5 жылдан бері жұмыс жасап келеді әрі 40 мыңдай адамға қызмет көрсетеді екен. Олардың басым бөлігі мұнай компаниялары. Бірнеше жыл бұрын ЖШС бұрынғы АМӨЗ профилакториясының ғимаратын сатып алып, қайта жарақтауға миллиардтан астам теңге қаржы салған. Медициналық және кеңсе жабдықтары ішінара «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында жеңілдік несиесімен сатып алынған. Емхана қуаттылығы енді Атырау қаласының, тіпті облыс халқын медициналық қызметпен қамтуға қабілетті.
Ғимарат күніне 50 келім саны мен 24 кереуеттік стационарға есептелген. Әр палатада теледидар, жеке себілгі бөлмесі мен канализациялық жүйелер, сондай-ақ тамақ ішетін бөлме бар. Компания басшыларының айтуынша, жуырда балалар бөлімшесіне лор-комбайн әкеледі. Ол жоғарғы тыныс алу мүшелерінің түрлі сырқаттарына дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді. Емханада 4D форматындағы УЗИ, Roshe, Hitachi, Sysmex фирмаларының жабдықтарымен, соның ішінде Cobas 6000 автоматты анализатормен (инфекциялар, гормондар, онкомаркерлер) жарақталған толыққанды зертхана бар. Бұл жерде МРТ томографиясы жоқ.
Екі операция кабинетінде келесі бағыттар бойынша операциялар жүргізілетін болады: жалпы хирургия, травматология, гинекология, көз микрохирургиясы (көз алмасына операция жасау), лор-операциялар және т.б. Қолда бар жабдықтар ішкі ағзаларға лапароскопиялық әдіспен (үлкен тілік жасамай) операциялар жасауға мүмкіндік береді.
Емхана пациенттерді қазаннан бастап қабылдай бастайды. Қызмет құны әзірге жарияланған жоқ. «Медикердегілер» қызмет бүкіл халыққа қолжетімді болу үшін «қолайлы баға саясатын» ұстануға уәде берді. Ал басқа емханаларда жоқ медициналық қызмет құны Алматы мен Астанадағы бағалармен теңестірілетін болады.
Azh.kz
ДШСК, балабақша және 60 пәтерлі үі тапсырылды
26 қыркүйек күні Атырау қаласында екі әлеуметтік нысан тапсырылды. Олар: Балықшы поселкісіндегі ДШСК (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) және Привокзальный ықшам ауданында балабақша ашылды. Сонымен қатар осы күні Нұрсая ықшам ауданында жаңа тұрғын үйдің кілттері тапсырылды.
Атырауда Жайық өзенiнiң дельтасында Бiрiншi Туристiк маршрут көрсетіледi
Жақын күндерде Атырау тұрғындары және қонақтары Жайық өзенiнiң дельтасында сирек кездесетiн демалыс мүмкiншiлiгіне ие бола алады. Оларға мұндай мүмкiндiктi Болон университетінің қоры және Орхус орталығының ықпалымен Мемлекеттік табиғи резерват «Ақ Жайық» ұсынады. 111, 5 мың гектарды алып жатқан аймаққа автокөлікпен жетуге болады. Резерватының аумағында – 292 түрлі құстар, 48 түрлі аңдар, 69 түрлі балықтар және 560 түрлі өсімдіктерді кездестіруге болады. Осы аймақта орын тапқан өсімдіктер мен жануарлардың көбі қызыл кітапқа енген.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Броньдау
Жаңалықтар