Жол көрсеткіш /
Атырау /
Оқиғалар
Оқиғалар
Қарабатан зауыты мен Атыраудың екі ортасы жасылға жамылмақ
22 қараша күні NCOC консорциумы орман қорғау алқабы құрылысының жобасы іске қосты. Бұл «Болашақ» зауыты мен «Самал» вахталық поселкісінің арасы.
Құрылысқа «Аджип ККО» компаниясының бас мердігері жергілікті «Адани» компаниясы жауапты болады. Шыбықтарды отырғызуда 120-дан астам қазақстандықтар жұмыс жасайды.
95 отбасы жаңа пәтер кілтін алды
Кеше Атырау қаласының тұрғын үй қоры Нұрсая ықшамауданы мен Датов көшесінің бойындағы үш коммуналдық үймен толықты. Жаңа пәтердің кілттері бұрын апатты үйлерде тұрған және 30 жыл бойына кезекте тұрған 95 отбасының қолына тиді.
Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, бүгінде жаңа пәтерлерді кезекте тұрғандар мен Құлманов көшесі, 139/8, Мырзағали Қазірет көшесі, 74, Дүйсен Суесинов өткелі, 33-36 үйлер, С. Датов, 29-33, А. Байжігітова, 74 және Азаттық, 122 мекен-жайындағы күрелген апатты үйлердің тұрғындары алған.
Azh.kz
КҚК серіктестікке дайын
Сейсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов «Каспий Құбыр Консориумы» ЖАҚ-ң директоры Платонов Николай мен қызметкерлерін қабылдады.
Мәскеуден келген қонақтар қонақжайлыққа риза болып, алдағы уақытта КҚК жобасының кеңейуін айтқан. Болашақта әлеуметтік жобалар – Махамбет және Индер аудандарында балабақша салынуы жоспарда. Және қала ішіндегі 8 мектептің жөндеуін мойынға алды.
ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Жексенбі күні мұсылман қауым ұлық мереке – Құрбан айт күніне орай, орталық “Иманғали” мешітіне Айт намазына жиналды. Екі мыңға жуық жамағаттың ішінде шет мемлекеттерден келгендер де болды. Айт намазы басталмас бұрын аймақ басшысының орынбасары Асқар Керімов жиналғандарды облыс әкімі Бергей Рысқалиевтың атынан Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
- Қадірлі мұсылман бауырлар! Облыс халқы мен облыс әкімі атынан Ұлыстың ұлы күні, қасиетті мейрам – Құрбан Айт мерекесімен баршаңызды құттықтаймын.
Құрбан Айт – бүкіл еліміз, күллі ислам әлемі айтулы оқиға ретінде қабылдайтын, орны ерек, ұлық мереке. Мұсылман қауымы бұл күнді таза ниетпен, ашық жүрекпен, ізгі істермен қарсы алады. Себебі, бұл күндерде мұсылман адам өзінің мүлкіне мал алып, оны құрбандыққа шалып, материалдық жағдайы төмен азаматтарға көмек береді. Күнәсі үшін кешірім сұрап, Алладан тілек тілейді. Адамзат ұлт пен ұлысқа бөлінген болса, біз, қазақстандықтар, кең жазира ұлы даламызда, тәуелсіздіктің туын тіктеп, өмір кешудеміз.
Елбасы дәйім татулық, ынтымақты айтумен келеді. Себебі, мынау жаҺандану заманында еліміздің биікке шығуы тек қана бірлікке байланысты болмақ.
Енді қазақ қазақ болғалы жиған осы бір баға жеткісіз құндылықтардың бәрін ел ішінен шыққан бүлдіргілер – бірен-саран адамға таптатып, бүлдіріп, қиратуға жол беріп қойып, қарап отырамыз ба?! Ешқашан, ешкімге іріткі туғызуға жол бермеуіміз қажет!
Қазір еліміздің бетке ұстар азаматтары мен тұрғындары індетке қарсы күресуге дайын екендерін білдіріп, қолдау көрсетіп жатыр. Көріп отырсыздар, Ауғанстанда, Пәкістанда не болып жатырғанын. Бізге бұл керек емес!
Сондықтан, құрметті мұсылман бауырлар, Сіздерді осындай ел арасына іріткі салып, тыныштықты бұзғысы келіп жүргендерді орталарыңыздан аластатып, бейбітшілік пен иман, ынтымақты уағыздайтын асыл дінімізді осындайлардан тазартуға үлес қосуға шақырамын.
Біз Сіздермен біргеміз. Барша мұсылман қауымына Құрбан айт мейрамы құтты болсын деймін! Алла тағаланың шапағатына бөленіп, еліміз аман болсын, ырыс молайсын, – деді.
Құрбан айт – күллі мұсылман үшін қасиетті мереке. Оның тарихы сонау Ибраһим Пайғамбардан бастау алады. Содан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғаса келіп, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) өмір сүрген алтын ғасырда мұсылмандардың Қиямет күніне дейін атап өтетін ең ұлық екі мерекенің біріне айналды. Әр жыл сайын жер бетіндегі бүкіл мұсылман жұртшылығы осы Құрбан айт мейрамын ерекше көңілмен мерекелеп, құрбандық шалып, көрші-көлем, ағайын-туыс немесе тұрмыстары төмен отбасыларына таратып, жоқ-жітікке көмектесіп, Жаратушысына бір табан жақындауды абзал тұтқан.
Облыстық мешіттің бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің айтуынша, бұл күні мал базарында 30 бас ірі қара мал құрбандыққа шалынып, аз қамтылған 310 жанұяға таратылған.
- Бұдан басқа, аталмыш отбасыларына ұн, күріш, құмшекер және күнбағыс майлары мен басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік үлестірілді, – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, облыстық “Иманғали” мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет.
Atr.kz
Атырау облыс әкімінің жеке қоғамдық қабылдауы
2011 жылдың 1 қарашасында облыс әкімі Б.С.Рысқалиев «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелермен қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген азаматтардың тоқсан бес пайызы тұрғын үй мәселесін шешуді сұрап келді. Тұрғындардың кейбіреуі мүгедектік жәрдемақы тағайындау, шетелден ем алуға көмек беру мәселесін көтерді. Қабылдау барысында аймақ басшысы Б.Рысқалиев салынып жатқан пәтерлердің алдымен мемлекеттік қызметкерлерге бөлінетіндігін, жетім балаларға да баспана берілетіндігін айтты. Сондай-ақ, ол жарамсыз үйлердің де ретімен қиратылып жатқандығын, бұл жұмыстардың жыл аяғына дейін аяқталатындығын жеткізді.
e-atyrau.kz
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Броньдау
Жаңалықтар