ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ – МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 жылғы 2-ші мамырдағы №67 Жарлығына сәйкес, барлық мәслихаттардағы тексеру комиссиясы таратылып, орнына жаңа мемлекеттік мекеме құрылуы тиіс, – деді Атырау облыстық мәслихатының тексеру комиссиясы мен оның аппаратын тарату туралы баяндаған облыстық мәслихат хатшысы Жалғас Дүйсенғалиев. Осыған орай Жалғас Мәтешұлы ҚР-ның 2011 жылғы 21-ші шілдедегі ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №465-ші заңды басшылыққа ала отырып, Атырау облыстық мәслихатының тексеру комиссиясы мен оның аппаратын таратуды ұсынды. Республиканың өзге өңірлерінде де осындай шаралар жүріп жатыр. Сессияға қатысқан депутаттар шешімнің жобасын бірауыздан мақұлдады.
Жоғарыда аталған Жарлыққа сәйкес Атырау облысында штаттық саны 30 бірліктен тұратын “Атырау облысының тексеру комиссиясы” мемлекеттік мекемесі құрылды. Аталмыш құрылым жергілікті бюджеттің орындалуы жөнінде есепті ұсыну арқылы мәслихатқа тікелей есеп береді. Жаңа мекеменің төрайымы болып облыстық мәслихаттың шешімімен Лариса Жұмағалиева бес жылға тағайындалды. Лариса Жасталапқызы осы уақытқа дейін қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың судьясы, облыс әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету және бақылау мәселелері жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып келді. Мемлекеттік мекеме қыркүйек айынан бастап өз жұмысына кіріседі.
Депутаттардың шешімімен кезекті ХХХІV сессия төрағасы болып, №4 сайлау округінің депутаты Айбек Ғабдуллин тағайындалды.
Жастарымыздың дауыстары ең мықтысы
Болгарияның Обзор қаласында өткен «Балалық шақ әлемі» халықаралық фестиваль-конкурсында Кіші өнер академиясының «Еркемай» вокалдық ансамблі бірінші орынға иеленді. Болгарияға жерлестеріміз шақыруды былтырғы жылы Белоруссияда өткен конкурста алған.
Фестивальде 12-13 жасар «Еркемай» тобынан 7 мүшесі 15 мемлекеттен келген жас вокалшылармен жарысты.
Испаниялықтар атыраулық пианиношылардың өнерлерін бағалады
Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық академия оқушылары демалыс мезгілінде де жұмыстанады. Жақында олар «Fiestalonia milenio» халықаралық фестивалінен оралды.
«Fiestalonia milenio» - еуропалық бірнеше жанрлы байсалды конкурс. Бұл конкурсқа біршама мемлекеттерден орындаушылармен қоса бұрынғы Одоқ мемлекеттерінен де қатысты. Ұйымдастырушысы – Fiestalonia испаниялық фестиваль комитеті.
Атыраудан Дина Нұрпейісова атындағы музыка академиясының оқушылары – бірнеше дүркін республикалық және халықаралық конкурстар лауреаты 4 курс студенті Шакимов Бахыт, 2 курс студенті Кенжегарина Ляззат және 2 сынып оқушысы Ғабитова Алтынай.
Қазақтың классикалық балетінің намысын қорғаған Мырзахан
Атыраулық биші Мыңбаев Мырзахан Волгоградта өткен «Музыкальная волна» халықаралық конкурсында 1 орынға иеленіп, Бас Кубогін ұтып алды. Мырзахан – Н.Тлендиева атындағы Кіші өнер академиясының оқушысы. Балетмейстер Гатауов Талгаттың болашағы зор оқушыларының бірі. Ақтөбе және Астрахан қалаларында өткен халықаралық конкурстарындағы жеңістерінен кейін оны осы «Музыкальная волна» конкурсына жолдама алған болатын.
Алтын медальдан алқа тақты
Шілде айының 30-31 күдері Астана қаласында өткен «Қараөткел – 2011» республикалық жәрмеңкесіне қатысқан атыраулық кәсіпорындар алтын медальдармен марапатталды.
Жыл сайын Қазақстанның барлық облыс өкілдері Астана тұрғындары мен қонақтары өз тауарларын ұсынады. Жәрмеңкеге қатысушылардың арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындар, мал, техника және құрал-жабдық сатушылар, ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілері, Қазақстан мен шетелдік ғылыми және іскер іскер қауымдастық өкілдері болған
«Атырау» газеті