Тәуелсіз Қазақ елінің Ата Заңы – талай тағдыр белестері сынынан мың өліп, мың тіріле шыңдалып өткен халқымыздың мәнді де сәнді, еркін өмір сүруінің кепілді бойтұмары. Өркениетке негізделген зайырлы қоғамда әділеттіліктің, адами және азаматтық құндылықтардың салтанат құруы Конституция қағидаларының берік сақталуына тікелей байланысты. Сондықтан да, халқымыз үшін өмір сүруінің сенімді де басты бағдары саналатын Ата Заңымыздың қабылданған күні – айрықша мейрам. Осы күні еліміздің Астанасында жылма-жыл үлкен әскери шеру өткізілуінің өзі бұл мерекенің өзіндік сипаты тұрғысынан шынайы ҰЛТТЫҚ мәртебе иеленгендігінің көрінісіндей.
Конституция күнін биыл Атырау мен Алтайдың арасын мекендеген қалың еліміз ерекше шат-шадыман жағдайда салтанатпен атап өтпекші. Өйткені, бұл жолғы мереке Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұстас келіп отыр. Мейрамдарыңыз құтты болсын, қымбатты отандастар!
Atr.kz
Жастарымыздың көрсеткен өнерлеріне ризамыз
Өткен сенбі күні Қостанай қаласында жастар арасында футболдан Қазақстан біріншілігінің премьер және бірінші лиганың финалдық этабы өз мәресіне жетті. Атырау командасы күміс жүлдегеріне иеленді.
Атырау жастар футбол командасының болашағы өркендеуде. Былтырғы жылы еліміздің қола жүлдегері атанса, биылғы жылы күміс алақаларын кеуделеріне тағылды.
«Әлем қауымдастығы мойындаған Қазақстан» атты фотокөрме
2011 жылдың 26 тамызында облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ-ы «Әлем қауымдастығы мойындаған Қазақстан» атты фотокөрме және Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған «Алтын заңым-ардағым!» атты жергілікті суретшілердің облыстық көрмесі өткізілді.
Мақсаты: елдің экономикалық-саяси, рухани-мәдени дамуының айшықты көріністерімен таныстыру, өткен өмір, тарихи сәттерді ойға оралту, келешек жас буынды отансүйгіштік сезімге баулу болып табылады.
Фотокөрме 5 салалық тақырыпты қамтиды: 1)«Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы фотосуреттер тұңғыш Президенттің өмір жолын, еңбектегі қажырлылығы мен қызметтегі шынайы келбетін айқындаса, елдің ұлттық өнері мен мәдениетін, рухани үдерістерін айғақтайтын фотодеректер 2) «Ұлттың ұлы мәдениеті» деген атпен берілді. Қазақстанның экономикалық-саяси һәм әлеуметтік жетістіктері 3) «Жаңарған, жаңғырған Қазақстан» тақырыбында қозғалса, 4) «Жер-жаһан жанарындағы Қазақстан» тақырыбы елдің сыртқы саясаттағы беделді орны мен спорттағы жеңісті сәттерін бейнелейді, 5) «Қазақстанның таңғажайып табиғаты» тақырыбы еліміздің сұлу табиғатынан сыр шертеді.
Көрменің ашылу салтанатына (лента қию рәсіміне) «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ-ның әкімшілік-құқық бөлімінің бастығы Ерсеитова Хадиша Әбдіразаққызы, облыстық Мәдениет басқармасының бастығының міндетін атқарушы Мұхамбетов Серік Қалжанұлы қатысты.
Сонымен қатар Ш.Сариев атындағы графика залында Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған «Алтын заңым-ардағым!» атты көрме өткізілді. Көрме жергілікті суретшілердің музей қорындағы 12 туындысынан құралды.
Көрменің мақсаты: Жергілікті суретшілердің еңбектерімен толықтай таныстыру, Ата заңымыздың асқақтай беруіне атсалысу.
Көрмеге жергілікті суретшілер Қ.Аманов, О.Кендір, К.Жапалова, А.Отаралиев, О.Төлешов және басқа да суретшілердің еңбектері қойылды.
Осы тұста көрме залында квартет музыка ойналып тұрды.
Көрмеге Мәдениет басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері, жергілікті суретшілер, қала жұртшылығы мен қала қонақтары, шетелдік компаниялардың өкілдері, және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
e-atyrau.kz
Үмітіміз ақталсын. Алға Қазақстан!
Ағымдағы жылдың тамыз айының 24-і мен 28-і аралығында Париж қаласында дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Болжамдар бойынша жарыс жоғары дәрежеде өтеді. Чемпионатқа Еуропа, Азия, Америка, Африка мемлекеттері қатысады. Оқу-жаттығуларын бітірген соң қазақстандық дзюдошылар да Парижге жол салады. Қазақстан құрамында атыраулық екі спорт шебері өнер көрсетеді. Олар: Ибрагимов Ринат және Майлашев Наурызбек.
Шіркеулік жоғары дәрежелі алғысымен облыс әкімі марапатталды
Оралдық және Гурьевтік архиепископ Антоний Атырау облысының әкімі Б.Рысқалиевке Орыс православиелі шіркеуіне назар аударып жүргені үшін шіркеулік жоғары дәрежелі алғысымен марапатталды. «Алғыс» орденімен Бергей Сәулебайұлы Қазақстан облыстарының әкімдері арасында бірінші болып марапатталды.