Жол көрсеткіш /
Атырау облысы /
Оқиғалар
Оқиғалар
Атырауда Жайық өзенiнiң дельтасында Бiрiншi Туристiк маршрут көрсетіледi
Жақын күндерде Атырау тұрғындары және қонақтары Жайық өзенiнiң дельтасында сирек кездесетiн демалыс мүмкiншiлiгіне ие бола алады. Оларға мұндай мүмкiндiктi Болон университетінің қоры және Орхус орталығының ықпалымен Мемлекеттік табиғи резерват «Ақ Жайық» ұсынады. 111, 5 мың гектарды алып жатқан аймаққа автокөлікпен жетуге болады. Резерватының аумағында – 292 түрлі құстар, 48 түрлі аңдар, 69 түрлі балықтар және 560 түрлі өсімдіктерді кездестіруге болады. Осы аймақта орын тапқан өсімдіктер мен жануарлардың көбі қызыл кітапқа енген.
«Агент» алаңға да шықты
Атырау қаласының орталық алаңдарында Wi-Fi технологиясы бойынша Интернетке тегін кіру аймағы ашылды.
Атырау облыстық «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялар дирекциясының облыстық әкімдікпен бірігіп жүзеге асырған жобасының мақсаты – қала тұрғындары мен меймандарға жағдай жасау әрі мобильдікпен қамтамасыз ету. Енді адамдар үйге кірмей-ақ, «агенттегі» достарымен сөйлесіп, «одноклассники» немесе «в Контакте» деген іздеу сайттарына кіріп, электронды пошталарын тексере алады.
Wi-Fi технологиясы бойынша желісіз байланыс арқылы Интернетті жалпы пайдалану аймағы «Атырау қаласындағы Wi-Fi желісінің құрылысын жүргізу» жобасының аясында облыстық әкімдіктің бастамасымен пайда болды. Қазіргі кезде желісіз Интернетке тегін кіру қала тұрғындары мен меймандарына танымал тоғыз жерде іске қосылған. Бұлар Исатай-Махамбет, Дина Нұрпейісова алаңдары, облыстық және қалалық әкімдіктердің маңындағы саяжолдар, Құрманғазы саяжолы, Жеңіс саябағы мен Жилгородок бағы, өзен жағалауы мен «Атырау» сауда орталығының маңы. Жыл аяғына дейін қаланың он алты аймағын қамтыған осындай жиырма алты нүкте ашу жоспарлануда.
Атырауда Wi-Fi желісінің құрылысы жөніндегі жобаны қаржыландыру қалалық бюджет арқылы жүзеге асырылады. Бұған қала барлығы 13 млн. теңге жұмсаған.
– Таяу болашақта біз Wi-Fi желісімен ойын-сауық орталықтарын, мейрамханаларды, кафе, сауда орталықтарын қамту үшін қала кәсіпкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Біздің жобамыздың аясында қала тұрғындары демалатын алаңдарда, саяжолдарда, сондай-ақ, вокзал мен әуежайда желісіз Интернетке тегін кіре алады, - деп хабарлады облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ. Ол Wi-Fi желісін іске қосатын күні Исатай-Махамбет алаңындағы рәсімге қатысқан еді.
«Қазақтелеком» АҚ Атырау ОТД бас директоры Ерсайын ДҮЙСЕМАЛИЕВТІҢ айтуынша, іске қосылған нүктелердегі Интернет жылдамдығы секундына 54 Мегабитке жетеді. Бір нүкте аймағында Wi-Fi желісіндегі Интернетті бір уақытта 130 адамға дейін пайдалана алады.
Wi-Fi желісіндегі сымсыз Интернетті пайдалана алу үшін ноутбук немесе Wi-Fi стандарттарын қолдайтын телефон болу керек. Бүгінгі күні Атырау Қазақстанның басқа қалаларының арасында Wi-Fi желісін жаппай пайдалану үшін енгізу жөнінде көш басында тұрғанын атап өткен жөн.
Azh.kz
Кеше кешкісін елбасы Атырауға келді
Бүгін, 16 қыркүйекте ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Атырау облысына жұмыс сапарының ресми бөлімі басталды. Президент Атырауға кеше сағат 21.00-де Астраханнан келген еді. Ол жерде әріптесі Медведевпен кездескен болатын. Елбасы Атыраудан 17 қыркүйекте аттанбақ.
Атырауға келу бағдарламасы әлденеше рет өзгерді. Жергілікті биліктің соңғы кездері абаттандыруды күшейтіп жатқан Балықшы поселкесіне елбасының бармайтыны, соған орай «Жайық-Балық» (бұрынғы «Атырау Балық») кәсіпорнынан айналып өтетіндігі мәлім болды. Назарбаевтың жұмыс сапары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне арналған сорғы жабдықтарын жөндейтін «Флоусерв Казахстан» зауытына барып, жергілікті кәсіпкерлермен кездесуден басталады. Содан соң жеделдетілген индустриалдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған бір рет пайдаланылатын шприцтер, инфузиялық ерітінділер құю жүйелері мен бір мәрте қолданылатын қолғаптар шығаратын «Брандо» зауытын араламақ. Одан әрі қарай сценарий бойынша «Медикер» медицина орталығына (АМӨЗ-дің бұрынғы «Жемчужина» профилакториясының базасында) барып, Қашаған кенішіндегі «Д» аралына барып, Солтүстік Каспий жобасы бойынша жұмыс барысымен танысады. Сол жерде «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесу жоспарланған. 17-сі күні таңертең Назарбаев металл-пластик тұрбалар шығаратын «Шеврон» зауытының жаңа цехына барады. Президенттің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, бұдан кейін ол шетелдік іссапарға аттанбақ.
Azh.kz
Су үстіндегі жарыстар
Атырау қаласында каноэ және байдаркадан ескеуден жарыс өткізілді. Ескекшілердің көбі 1000, 500, 200 метрлік шақырымдарды жоғарғы нәтижеде көрсетті. Жеңімпаздар және жүлдегерлер алқалар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Аңшылық маусымы
Атырау облыстық аң және балық аулау қоғамы келесі аптадан бастап жабайы құстар мен аңдарға аңшылық маусымы басталатынын хабарлады. Атырау облыстық аумақтық инспекциясының орман және аңшылық инспекциясының бұйрығы осы аптада қабылданды.
- суда жүзетін жабайы құстарға – 2011жыл қыркүйектің 3 мен қарашаның 30 аралығында
- кекіліктерге – 2011жыл қыркүйектің 3 мен қарашаның 14 аралығында
- егеуқұйрыққа – 2011 жыл қыркүйектің 3 мен желтоқсанның 31 аралығында
- қоянға – 2011 жыл 1 қараша мен 31 желтоқсан және 2012 жылғы 1 қаңтар мен 15 ақпан аралығында
- қорсақтар мен түлкілерге – 2011 жылғы 1 қараша мен 1 желтоқсан аралығында
- қабандарға – 2011 жылғы 3 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Броньдау
Жаңалықтар