Оқиғалар
«Бейбарыс» хоккей клубы – облыс намысын абыроймен қорғап, жұртшылықты үнемі қуантып келе жатқан команда. Өткен жылдың күзінде басталған шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатында да Атыраудың «Бейбарысы» ұпай санымен алға шығып, бүгінде 1-орынды иемденіп отыр. 125 ұпаймен қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, соңғы ойында Теміртаудың «Арыстанын» 5:2 есебімен ойсыратқан жерлестеріміз үстіміздегі жылдың 3-4 наурызында Қарағандының «Сарыарқасын» қабылдайды. Х.Доспанова атындағы мұз айдынында өтетін ойын тартысты өтеді деп күтілуде.
«Бейбарыс» хоккей клубының құрылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. 2009 жылдың 14 тамызында Атырау облысы әкімінің шешімімен шаңырақ көтергенін Атырау жұртшылығы жақсы біледі. Одан бері бірнеше жарыстарға қатысып, талай шыңдарды бағындырған команда жанкүйерлердің ыстық ықыласына, атыраулықтардың зор құрметіне бөленіп келеді.
atyrau.gov.kz
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» жастар мәдени-спорт кешенінде «Ректор кубогі үшін» профессор-оқытушылар арасындағы дәстүрлі 60-шы спартакиада өтті. Бұл ойындардың бірден бір ерекшелігі-ойыншылар құрамының ұстаздардан іріктелгені.
Жарысқа ректорат және жалпы университеттік кафедралар құрамасы, физика –математика, әлем тілдері, экономика, заң, тарих-филология, педагогика және өнер, жаратылыстану факультеттері, ақпараттық технологиялар орталығы құрамасы, сондай–ақ , шаруашылық бөлімі қатысты.
«Педагогика және өнер» командасы шахматтан 1-ші, ал волейболдан, үстел теннисінен, кіші аяқ добынан, арқан тартудан 2-ші орынды иеленіп, жалпы есепте 1-ші орынға көтерілді.
«Экономика» факультеті командасы аталған ойын түрлерінен жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жалпы еспте күміс жүлделі болса, жалпы есепте қола жүлдені қанағат тұтқан «Заң» факультеті иемденді.
«Үздік ойыншы» атағына Динара Қисметова, Гүльмира Өтеген, Алдар Сарсенов, Жалғас Шагиров, Анаргүл Кенжешова, Ғаділбек Турдалиев, Арман Жұмағазиев, Ақмарал Хайыржанова, Өтеміс Хасанов, Анар Қабошева, Гүльфара Рысмағамбетова ие болса, «Үздік қорғаушы» Мырзатай Мәжитов, Салтанат Батырғалиева, Бердібек Тумышев, «Үздік қақпашы» Бекет Кенжегулов, «Үздік шабуылшы» Руфхат Баймұсынов, Нұрдос Ғинниетуллиндер атанды. «Жеңіске деген жігері үшін» Әділбек Сапаров, Амангелді Зайнов және «Үздік айла-әдісі үшін» Жексенбек Рахметов, Шынар Ележанова мараппатталды. Шара соңында оқу орнының өнерлі жастары Аяулым Бахитова, Абзал Баташев әннен шашу шашты.
Газета «АТЫРАУ»
Салауаттылыққа бастаған спартакиада

Өткен жұма күні Атырауға келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірінші наиб-мүфтиі Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, облыстың жаңа бас имамы Амантай САДИЕВТІ таныстырды.
Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, Алматыдағы ислам институтын тәмамдаған, Жылыой ауданының бас имамы лауазымын атқарған. Соңғы жұмыс орны – Құспан молда атындағы мешіттің (Самарқанд көшесіндегі) наиб имамы. Сол күні Амантай Садиев облыстың бас имамы ретінде алғашқы жұма намазын оқыды.
Бұрынғы бас имам Нұрбек ЕСМАҒАМБЕТКЕ келер болсақ, наиб-имам Мұрат ҒАЗИЗОВТІҢ айтуынша, оны Алматыға ауыстырады екен.
Azh.kz
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы - 20 жұлдызды күн» шеңберінде «Білім» тақырыптық күні аясында «Біз - қуатты Қазақстан үшін!» атты мектеп оқушыларының облыстық форумы өтті. Бұл шараға облыс бойынша пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, спорттық жарыстар жеңімпаздары, оқу озаттары, балалар қоғамдық ұйымдарының мүшелері қатысты.
Форум аясында оқушылардың жеткен жетістіктері, жалпы орта білім берудің дамуы туралы баяндамалар оқылып, бейнефильм көрсетілді, танымдық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылардың алған марапаттары, ғылыми жұмыстары қойылды.
Соңында «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжі оқушыларының концертік бағдарламасы ұсынылды.
e-atyrau.kz
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: