Жол көрсеткіш /
Ақтөбе /
Оқиғалар
Оқиғалар
Қысқы азия ойындарының алауы жағылды
Карл Дьемнің Алауы
Айта кету керек, бұл Алаудың жасалуының біз үшін маңызды жағы бар. Алматы қаласының маңынан біздің заманымызға дейінгі І-ІІІ ғасырларда өмір сүрген ежелгі сақтардың шамы табылған болатын. VII қысқы Азия ойындарының Алауы осы шам үлгісінде жасалған. Жалпы алғаш рет олимпиада Алауы 1936 жылы Берлинде өткен жазғы олимпиадалық ойындар кезінде жағылған. Алау жағу дәстүрін неміс Карл Дьем ойлап тапқан. Ал оған дейін Грекияда да, Еуропаның басқа да мемлекеттерінде мұндай дәстүр болмаған. Өз халқының өз заманындағы нағыз патриоты Карл Дьем Берлин олимпиадасын ұйымдастырушыларға Олимп тауындағы Гера храмынан бастап Берлиндегі стадионға дейін 3422 арийлік 3422 шақырымдық эстафетаға Алау ұстап жүгіріп өтсе деп ұсыныс жасайды. Және ол Алауды күн сәулесінің көмегімен тұтандыруды айтады. Олимпиадалық ойындар тарихындағы тұңғыш Алау ұстаған Зигфрид Эйфриг екенін де естеріңізге салып қояйық.
Алауды кімдер ұстайды?
12 қаңтарда Алматыда басталып, 30 қаңтарда Астананың «Астана-Арена» стадионында аяқталатын эстафетаға еліміз бойынша 1020 Алау ұстаушы қатысады. Олардың ішінде 100 адам Астанада, 80 адам Алматыда және әрбір облыста 60 адамнан Азиада эстафетасын жүгіріп өтеді.
Қысқы Азиада Алауын алып жүрушілерге аса мән берілді. Алаушыларды іріктеу үшін республикалық комиссия құрылды. Ал комиссияның соңғы мәжілісі 8 қаңтарда өтті. Өткен жылы жарияланған конкурсқа қатысушылар өте көп болды. Ал іріктеу комиссиясы үміткерлердің отансүйгіштігіне, өмірлік белсенді позициясына, олимпиадалық идеалға берілгендігіне, денсаулығына және басқа қасиеттеріне байланысты толтырылған анкетаға мұқият қарады. Мәселен, Әлжан Жармұхамедовтың анкетасын қарайық. Әлжан баскетболдан КСРО спорт шебері, 1972 жылы өткен Мюнхен олимпиадасының чемпионы, КСРО-ның бірнеше мәрте чемпионы. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Ә.Жармұхамедов өзінің туған жері Қызылорда облысында Алау эстафетасында жүгіреді. Зілтемірші Илья Ильин де Қызылордада Алау ұстайды. Ал әншілер Роза Рымбаева Шығыс Қазақстан облысында, Қыдырәлі Болман Қарағандыда эстафетаға қатысады.
Алау эстафетасына қатысушыларды іріктеудің екінші кезеңінде тек атақты спортшылардың табыстары ғана емес, бейбіт кезеңде көрсеткен даңқты ерліктері де ескерілді. Олардың арасында өртсөндірушілер, полициялар, мамандандырылған құтқарушылар, адамдардың өмірі үшін басын қатерге тіккен қарапайым адамдар да бар. Сондай жандардың бірі — Қостанай облысындағы ауыл мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Артем Колесниченко. Артем Тобыл өзеніне батып бара жатқан жас қызды құтқарып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, аман алып қалады.
Ал іріктеудің үшінші кезеңіне еліміздің ең даңқты спортшылары қалды. Бірінші кезекте олимпиада, әлем және Азия ойындарының чемпиондары шақыру алды. Олардың арасында Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Ольга Шишигиналар бар.
Айта кету керек, эстафета Алауын ұстаушылардың арасында ең бірінші сертификат Қазақстандағы Грекия Республикасының елшісі Евагелос Денаксасқа берілді. Өйткені Грекия — олимпиадалық қозғалыстардың отаны. Сондықтан Грекия Республикасының елшісіне көрсетілген құрмет заңды болар.
Алау эстафетасы қалалардағы ең атақты, ең көркем деген жерлермен өтеді. Астанадағы Алау эстафетасы «Қазақ елі» монументінен бастау алып, сол жағалаумен жүріп отырып, астанамыздың символы — «Астана-Бәйтерек» монументі, ең биік ғимарат — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимараты, республикадағы ең үлкен мешіт — «Нұр Астана» жанынан өтеді. Ал Ақтөбеде облыстық әкімдік үйінен бастау алып, Мәңгілік Алау, Батырлар аллеясы, «Нұр Ғасыр» мешіті, «Свято-Николь» шіркеуі, «Бейбітшілік және келісім» саябағы арқылы жүріп, ҚР Тұңғыш Президенті саябағына барады. Алматыда эстафета халықаралық трамплин кешенінен бастау алса, Оралда Еуропа мен Азияны жалғайтын көпірден жүреді, Ақмола облысында Бурабай өлкесіне жол тартады.
Қазақстан — төртінші ел
Қысқы Азия ойындарында төртінші орын алады екенбіз деп ойлап қалмаңыздар. Біз — қысқы Азиаданы өткізіп отырған құрлықтағы 45 мемлекеттің ішінде төртінші елміз. Бұған дейін қысқы ойындар тек үш елде — Жапонияда, Қытайда және Оңтүстік Кореяда өткізіліп келді. Бұл жолы осы «үшбұрыштан» Азиада иесі мәртебесін алып кеттік. Бұған дейінгі ойындардан тағы бір артықшылығымыз — қатысушы мемлекеттер саны екі мемлекетке артып, 27-ге жетті. Ең басты артықшылығымыз — қысқы Азия ойындарында тұңғыш рет эстафета Алауы бізде ұйымдастырылып отыр.
Бірінші орынға ұмтыламыз
«2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ президенті Анатөлі Құлназаров осылай дейді. Ол үшін қазақстандықтар кемінде 25 алтын медаль жеңіп алуы керек. Сонда ғана жалпыкомандалық есепте бірінші орын ала алатын көрінеді.
Дегенмен Азия елдерінің көпшілігінде қысқы спорт түрлерімен айналысуда қиыншылықтар болса да, жақсы қарсыластар бар. Мәселен, Қытай бірінші орын біздікі деп отыр. Оңтүстік Кореяның да спортшылары кілең «Сен тұр, мен атайын». Жапондықтар негізгі спортшыларын әлем чемпионатына дайындаса да, құрлық ойындарының бас жүлдесінен үміткерлер қатарында. Көріп отырғанымыздай, осы үш елдің алдына түсу Қазақстан командасына аса қиынға соғады. Дегенмен, «Қабырға көмектеседі» деп орыстар айтқандай, алаң иелері ретінде тек жеңіске қол созатынымыз анық. «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» дегендей, бақтан гөрі бабымыз қалай? Спортшыларымыз құрлық бәсекесіне әзір ме?
Жүйріктеріміз мұз айдынына сай болса
Астанада салынған жабық конькишілер стадионы Азиада алдында сынақтан өтті. Мұнда алғашқы жарыс — конькиден Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылып, аренаның пердесі ашылды. Конькиден Қазақстан құрама командасының бас бапкері Сергей Цыбенконың айтуынша, ел біріншілігінің өткізілуі шешуші әзірлік болды. Турнирге қатысушылар мұздың сапасын Канаданың Калгари қаласындағы әлемнің ең үздік мұз айдынымен теңестірген.
Ел біріншілігінде ең қысқа қашықтыққа жүгіруде Ольга Жигина, ал ерлер арасында Александр Глущенко жеңімпаз атанды. 1000 метрлік жарыста Александра Поповская алдына жан салмады. Елена Урванцева 1500 және 3000 метрлік сында екі алтынға қол жеткізді. Ерлер арасында Владимир Костин (1500 м) мен Никита Ставцев (3000 м) үздік болды.
Сонымен біздің конькишілер тамаша мұз айдынында жаттығуда. Мамандар жас та болса, биік деңгейдегі жарыстарды көрген конькишілерімізге сенім артуда. Өйткені олардың бірқатары халықаралық жарыстарда, тіпті олимпиадалық ойындарда мұз айдындарын шиырлап үлгерді. Команданың жаттықтырушылары Екатерина Аидованы басты үмітіміз деп санап отыр. Катя 500 метрге жүгіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болып табылады. Ал Ванкуверде өткен олимпиадалық ойындарда азиялық конькишілер арасынан жапондық спортшыға жүзден үш секундқа ғана ұтылды.
Азия ойындарында ерлер — 6, әйелдер 5 медаль комплектісін сарапқа салатын болады.
Хоккейші қыздар алтын сыйласа…
Азия ойындарында хоккейден әйелдер командасы алтын медаль сыйлайды деген ойдамыз. Өйткені Қытайда өткен VI қысқы Азиадада қазақстандық хоккейші қыздарға тең келер команда болмап еді. Қазіргі құрама сапында сол чемпион қыздар негізінен сақталды. Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Александр Мальцевтің айтуынша, бұрынғы құрамның 15-16 ойыншысы осы Азиадада өнер көрсетеді. Сондықтан үмітіміз үлкен. Алайда басқаларды да елемеуге болмайды. Мәселен, әлемдік рейтингіде Қазақстан сегізінші орында болса, Қытай қыздары жетінші орында. Қытай командасын соңғы бірнеше жыл бойы фин бапкері әзірлеп жүргенін еске алайық.
Сондай-ақ әлемдік рейтингінің оныншы орнына орналасқан жапон хоккейшілерінің жарқ ете қалмасына кім кепіл? Сонымен қатар, Солтүстік Корея командасы да оңай шағылар жаңғақ емес. Ал Оңтүстік Корея қыздары жылдан-жылға шеберліктерін арттырып келеді. Швейцарияда өткен турнирде қытайлықтар екінші орын алды. Ал күншығыс елінің қыздары аспан асты еліндегі құрбыларымен жолдастық кездесуде алғашқысында буллит бойынша ғана жеңіліп, қарымта ойында 3:1 есебімен басым түсті. Ал Қазақстан командасының құрамы түгелдей Алматының «Айсұлу» командасының ойыншыларынан жасақталып отыр. Сонымен біздің хоккейшілеріміздің әзірлігі қандай? «Айсұлу» командасы өткен жылы 20 команда қатысқан Еуропа чемпиондарының кубогы үшін бәсекенің алғашқы кезеңінде Түркияда ойнады. Онда француздарды 4:0, словениялықтарды 16:0, түркиялықтарды 15:0 есебімен ойсырата ұтып, жарыстың келесі кезеңіне шықты. Финляндияда өткен екінші кезеңде Норвегия чемпионы «Валеренга» командасын 1:0, жергілікті «Ильвесті» 3:1, Берлиннің «OSC» командасын 3:0 есебімен жеңіп, финалдық турға шықты. Ақтық кезең 25-27 ақпанда Швейцарияда өтеді. Лугано қаласында біздің қыздар айдын иелерімен, «Ильвеспен» (Финляндия) және Новгородтың «СКИФ» командасымен Кубокты сарапқа салады.
Біздің хоккейшілердің ішінде Ғалия Нұрғалиева, Наталья Яковчук, Виктория Сазонова, Ольга Потапова, Виктория Мұсатаева команданы алтынға бастайды деп ойлаймыз. Айтпақшы, қақпашы Дарья Обыденованың орны бөлек. Дарья қазір әлемдік әйелдер хоккейінде үшінші қақпашы болып саналады. Тіпті оны Американың командасы шақырып отыр.
Демек, біздің хоккейшілеріміз Азия ойындарында тағы да алтыннан олжа салады деп тілейік.
Бердібай КЕМАЛ.
Мақсаты бірдің - рухы бір!
7-ші қысқы Азия ойындарының Алау Эстафетасы Кувейттің Азиялық Олимпиадалық Кеңесінің штаб-пәтерінен 2011 жылдың 11 қаңтарында бастау алады.
2011 жылғы 12 қаңтарда Алау чартерлік авиарейспен Алматыға келді, әрі қарай ол республикамыздың облыстық орталықтарына бет алды. Алау эстафетасының негізгі ерекше белгісі шырақ (факел) болып табылады.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аталады, ал Азиада Алауы болса, мерейтойлық жылды алғаш болып ашады.
Эстафета Алауы қысқы Азия ойындары шеңберінде алғаш рет өткелі отыр.
Азиада Алауы Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайына 2011 жылдың 18 қаңтарында Орал қаласынан жергілікті уақытпен сағат 20:00-де чартерлік авиарейспен жеткізіліп, сол жерде қала әкімі А.Б. Мұхамбетовтың қатысуымен пресс-конференция өткізілді.
19 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 12:00-де облыстық әкімдік алдындағы алаңда Өңірлік Эстафета Алауы бастау алып, мерекелік шеруді Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов ашты. Алау Эстафетасына 60 Алаугер – қоғам қайраткерлері, спорт ардагерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.
Эстафета 2 кезеңге тұрды:
I – кезең: 12:00-де облыстық әкімдік алдындағы алаңда басталып, 13:40-да «А. Молдағұлова» мемориалдық кешенінде аяқталды.
II – кезең: 15:00-де «А. Молдағұлова» мемориалдық кешені алдында бастау алып, 16:20-да Қазақстан Республикасы 1-ші Президенті атындағы саябақта өз мәресіне жетті. Осы жерде үлкен мерекелік шеру және гала-концерт өткізіліп.
Эстафета Алауы Ақтөбеде .
7-ші қысқы Азия ойындарының Алау Эстафетасы Кувейттің Азиялық Олимпиадалық Кеңесінің штаб-пәтерінен 2011 жылдың 11 қаңтарында бастау алады.
2011 жылғы 12 қаңтарда Алау чартерлік авиарейспен Алматыға келді, әрі қарай ол республикамыздың облыстық орталықтарына бет алды. Алау эстафетасының негізгі ерекше белгісі шырақ (факел) болып табылады.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аталады, ал Азиада Алауы болса, мерейтойлық жылды алғаш болып ашады.
Эстафета Алауы қысқы Азия ойындары шеңберінде алғаш рет өткелі отыр.
Азиада Алауы Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайына 2011 жылдың 18 қаңтарында Орал қаласынан жергілікті уақытпен сағат 20:00-де чартерлік авиарейспен жеткізіліп, сол жерде қала әкімі А.Б. Мұхамбетовтың қатысуымен пресс-конференция өткізілді.
19 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 12:00-де облыстық әкімдік алдындағы алаңда Өңірлік Эстафета Алауы бастау алады, мерекелік шеруді Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов ашады және бастайды.
Алау Эстафетасына 60 Алаугер – қоғам қайраткерлері, спорт ардагерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады.
Эстафета 2 кезеңге бөлінген:
I – кезең: 12:00-де облыстық әкімдік алдындағы алаңда басталып, 13:40-да «А. Молдағұлова» мемориалдық кешенінде аяқталады.
II – кезең: 15:00-де «А. Молдағұлова» мемориалдық кешені алдында бастау алып, 16:20-да Қазақстан Республикасы 1-ші Президенті атындағы саябақта өз мәресіне жетеді. Осы жерде үлкен мерекелік шеру және гала-концерт өтеді.
Азиада Алауы Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайына 2011 жылдың 18 қаңтарында жеткізіледі.
7-ші қысқы Азия ойындарының Алау Эстафетасы Кувейттің Азиялық Олимпиадалық Кеңесінің штаб-пәтерінен 2011 жылдың 11 қаңтарында бастау алады.
2011 жылғы 12 қаңтарда Алау чартерлік авиарейспен Алматыға келіп, әрі қарай ол республикамыздың облыс орталықтарына бет алды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аталады, ал Азиада Алауы болса, мерейтойлық жылды алғаш болып ашады.
Эстафета Алауы қысқы Азия ойындары шеңберінде алғаш рет өткелі отыр.
Азиада Алауы Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайына 2011 жылдың 18 қаңтарында Орал қаласынан жергілікті уақытпен сағат 20:00-де чартерлік авиарейспен жеткізіліп, сол жерде қала әкімі А.Б. Мұхамбетовтың қатысуымен пресс-конференция өткізіледі.
Пресс-конференция қатысушылары: Ақтөбе қаласының әкімі, Ақтөбе облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы, 7-ші қысқы Азия ойындарының Алау Эстафетасының жетекшісі, Халық банкінің өкілі, «Mitsubishi motors» компаниясының өкілі.
Пресс-конференциядан кейін Эстафета Алауы тасымалдауға арналған шыны сауытта Халық банкінің Ақтөбе филиалына келесі күнге дейін сақтау үшін жеткізіледі.
19 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 12:00-де облыстық әкімдік алдындағы алаңда Өңірлік Эстафета Алуының бастау алады, оған 60 Алаугер – қоғам қайраткерлері, спорт ардагерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады.
Облыс әкімі Е. Сағындықовтың төрағалығымен алдағы өткізілетін «Астана-Алматы 2011» 7-ші қысқы Азия ойындарының Алау Эстафетасын өткізу мен ұйымдастыруды әзірлеу бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.
Эстафета Алауы қысқы Азия ойындары шеңберінде алғаш рет өткелі отыр. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аталады, ал Азиада Алауы болса, мерейтойлық жылды алғаш болып ашады.
Азиада Алауы Ақтөбе қаласына 2011 жылдың 18 қаңтарында келіп жетеді.
Осыған орай, облыс әкімі Е. Сағындықовтың төрағалығымен алдағы өткізілетін «Астана-Алматы 2011» 7-ші қысқы Азия ойындарының Алау Эстафетасын өткізу мен ұйымдастыруды әзірлеу бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.
Кеңестің мақсаты қала қызметтерінің және мекемелерінің Алау Эстафетасын қарсы алу мен өткізу әзірлігінің дәрежесін пысықтау.
Облыс әкімі Өңірлік Алау Эстафетасын әзірлеу мен ұйымдастыру бойынша комитет, облыстық штаб және олардың жұмыс жоспары, қозғалыс бағыты бекітілгенін, сонымен қатар Азиада Алауы Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайына 2011 жылдың 18 қаңтарында Орал қаласынан жергілікті уақытпен сағат 20:00-де чартерлік авиарейспен жеткізіліп, сол жерде пресс-брифинг өткізілетіндігін және 19 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 11:30-да облыстық әкімдік алдындағы алаңда Өңірлік Эстафета Алуының бастау алатындығын, оған жалпы 60 Алаугер - қоғамдық қайраткерлер, спорт ардагерлері, мәдени және өнер қайраткерлерінің қатысатындығын хабарлады.
Облыс әкімінің орынбасары С. Нұрқатова Эстафета Алауының бағытымен (бейне көрсетілім), бағыт бойынша бекітілген Алаугерлер тізімен және Эстафета Алауының жалпы өту барысы мен жұртшылық әзірлігі жөнінде таныстырып өтті.
Сонымен қатар, іс-шараға қаланың санитарлық тазалығы, абаттандыру, безендіру мен коммуналдық қызметтерінің дайындығы жөнінде Ақтөбе қаласының әкімі А. Мұхамбетов, іс-шара өтетін күні қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жөнінде Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер департаментінің бастығы П. Нокин баяндама жасады.
Кеңейтілген кеңес соңында облыс әкімі кең ауқымды іс-шараны өткізудегі үлкен жауапкершілігін және мақсаттарын зерделеп, әзірлік жұмыстарының қорытындысын жасады. Сонымен бірге, барлық ақтөбеліктерді Азиада Алауын құрметтеу күні белсенді түрде қатысуға шақырды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Броньдау
Жаңалықтар