Біздің Сенатор — Сағындықов
19 тамыз күні елімізде ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау өткізілді.
Ақтөбе облысы бойынша ҚР Парламенті Сенаты депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысына облыстық сайлау комиссиясының төрайымы, мүшелері, кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері, байқаушылар және ТМД миссиясының халықаралық өкілі, Орынбор облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Александр Нальвадов қатысты.
— Облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының бірлескен отырысына 202 депутаттың 197-сі қатысып отыр. Бесеуі белгілі себептермен келе алмады. Бірлескен отырысқа депутаттардың жалпы санының 50 пайызынан астамы қатысып отырғандықтан, ол заңды деп есептеледі, — деді сөз алған облыстық мәслихаттың хатшысы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Балғали Ордабаев.
Облыстық сайлау комиссиясы сайлау заңнамасына сәйкес Елеусін Сағындықов пен Ерлан Базекеновті Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркеді. Қажетті құжаттарды тапсырмағандығына байланысты сайлау комиссиясы қалған кандидаттарды тіркеуден бас тартты. Осылайша жасырын дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне Сенат депутаттығына кандидаттар — Сағындықовтың, Базекеновтің, Самойленконың фамилиялары енгізілді, — деді Гүлнар Күнбаева.
Жасырын дауыс беру нәтижесінде кандидат Елеусін Сағындықов таңдаушылардың 178-інің сеніміне ие болды, Ерлан Базекеновке — 3 адам, Александр Самойленкоға 15 депутат өз дауысын берді. Нәтижесінде таңдаушылардың 50 пайыздан астамының сеніміне ие болған Елеусін Сағындықов ҚР Парламенті Сенаты депутаты болып сайланды.
«Ақтөбе облысы бойынша Сенат депутаттығына сайланған Елеусін Сағындықовқа еліміздің жоғары заң органындағы қызметінде шығармашылық табыс, зор денсаулық тілейміз!» — деді Б.Ордабаев.
Басты мақсат — баға тұрақтылығы
Сейсенбі күні облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен қала әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қаланың бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарын аралады.
Алдымен «Килико-Тун» ЖШС-ның ұйытқы болуымен үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бағдарлама — көкөніс қоймасы құрылысымен танысты. Заманауи құралдармен жабдықталған қойма төрт секциядан тұрмақ, ол іске қосылғанда 3000 тонна көкөніс өнімін сақтауға мүмкіндік болады.
Екінші ат басын тіреген нысан — «Бизнесті дамыту орталығы» ЖШС бастамасымен салынып жатқан көкөніс сақтау қоймасының құрылысымен танысқан облыс әкімі серіктестік директорына жұмыстың жүргізілу қарқынына қатысты бірнеше сұрақтар қойды. Қазіргі сәтте электрмен жабдықтау, күш беретін электр құрал-жабдықтары, су құбыры, кәріз жүргізу секілді жұмыстар аяқталып, тоңазытқыштар, желдеткіш, жылыту құралдары орнатылған. Қойма биыл қараша айында пайдаланылуға беріледі.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ салып жатқан «Керемет-5» ӨК» шағын жылыжай кешенінің, «Әлем-Тағам» ЖШС жүзеге асырып жатқан 5 гектарлық жылыжай кешенінің құрылысымен танысты. «Керемет-5» ӨК» шағын жылыжай кешенінің құрылысы биыл мамыр айында басталды, қазан айында пайдаланылуға беріледі деп жоспарланып отыр. Облыс әкімі құрылыс барысында кездескен кейбір қиындықтарды тез арада шешіп, құрылысты жоспарланған уақытта беру қажеттігін айтты. Бес гектар аумақты алып жатқан жылыжай кешені де осы күзде пайдаланылуға берілмек. Облыс және қала әкімдері, сонымен бірге, жобалық қуатын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүзеге асырып жатқан «Изет Грин Хаус» ЖШС-ның жылыжайына да бас сұқты.
— Бұл нысандардың барлығының іске қосылуы азық-түлік өнімдерінің баға тұрақтылығына септігін тигізетін болады. Қысқа дайындық биыл өз деңгейінде жүргізіліп жатыр, қажетті қаржы жеткілікті, нысандар мен қоймалар салынып жатыр. Қалада ірі-ірі супер, гипермаркеттердің құрылыстары қарқынды жүргізілуде. Мысалы, облыстық жол полициясы маңында салынып жатқан «Дина» гипермаркеті мен МЕТРО Кэш энд Керри сауда орталықтары қараша айының аяғына дейін тұрғындар игілігіне берілмек. Алдағы жылдың бірінші, әрі кеткенде екінші тоқсанында «Анвар» гипермаркеті есігін ашады. Және бұрынғы «Әлия» базарының орнына салынып жатқан гипермаркет те жыл аяғына дейін пайдаланылуға берілуге тиіс. Міне, осы ірі гипермаркеттер мен қойма, жылыжайлардың құрылысы аяқталып, халық иігіліне берілуі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстауға көмектеседі.
Аудандармен жұмысты сәл басқашалау жүргізбекпіз, яғни биыл аудандарды түгелдей қала қамтамасыз ететін болады. Қазір ресми дерек бойынша, облыста 770 мыңнан астам, қалада 400 мыңнан астам адам тұрып жатыр, ал күн сайын 100 мыңнан астам адам қалаға тауар алуға келеді екен. Сондықтан, қазіргі біздің мақсатымыз — негізінен қаладағы баға тұрақтылығын сақтау. Қаладағы 12 «Анвар», 6 «Дина», 2 «Олжа» супер, гипермаркеттері мен 11 шағын базар, ірі «Табыс» базарлары баға тұрақтылығын сақтаудың негізгі көздері деп айтуға болады. Жергілікті билік сауда орындарымен жыл сайын меморандумға қол қояды, биыл да азық-түлік тауарларына үстемеақы қосу көлемі 10 пайыздан аспайтындығы жөніндегі келісімге келдік.
Айта кететін тағы бір жаңалық — жаңа әдіс — биылдан бастап ұн, ет тағамдары, картоп пен басқа да көкөністер, өсімдік майы секілді жеті түрлі тағамды үстемеақысыз сату жөнінде сауда орындарымен келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әрбір азық-түлік тауарының тұрғындарға жеткілікті, әрі бағасының тұрақты болуын үнемі қадағалайтын боламыз.
Ең бастысы, қаржы бар, жоспар нық жасалды. Енді соны уақытында әрі нәтижелі орындауымыз керек, — деді облыс әкімі А.Мұхамбетов.
Овощи со своего поля
Аким области Архимед Мухамбетов и аким города Нурмухамбет Абдибеков ознакомились с ходом строительства овощехранилищ и теплиц. Темпами и качеством реализуемых проектов руководитель региона остался доволен, подчеркнув, что данные объекты станут хорошей базой для стабилизации цен на основные виды продуктов.
В первую очередь акимы области и города посетили овощехранилище ТОО «Килико-Тун», возводимое в районе промзоны.
Как доложил директор предприятия Бауыржан Айтмухамбетов, через месяц объект будет сдан в эксплуатацию.
- Овощехранилище построено по современным технологиям, с применением новейшего оборудования охлаждения и вентиляции, системой управления микроклиматом и т.д. Здесь будет создано 30 рабочих мест. В настоящий момент выполнено более 90 процентов работ. Проектная мощность хранилища составляет 3 000 тонн, оно рассчитано на 1 800 тонн картофеля и 1 200 тонн лука. Помещение разделено на четыре секции, – рассказал директор ТОО.
Затем первые руководители области и города посетили овоще-хранилище АО «Ақтөбе-Көкөніс». Особый интерес у Архимеда Мухамбетова вызвало оборудование для расфасовки и складирования овощей, которое ТОО «Центр развития бизнеса», реализующее проект, закупило в Польше и Израиле.
На вопрос, когда завершится благоустройство хранилища, директор товарищества Сауранбек Рахиев пообещал, что к 1 сентября работы полностью закончатся.
- Вы знаете, что здесь раньше был «Мерседес-центр». В свое время здание изъяли в государственную собственность, снесли аварийную часть, укрепили, учли даже сейсмичность. «Актобегражданпроект» разработал проект овощехранилища. В итоге получился хороший объект, – подчеркнул аким области.
Далее делегация направилась в район Опытной станции, где базируются три теплицы: действующая – ТОО «Изет Грин Хаус» и строящиеся – ТОО «Алем-Тагам» и АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства».
За семь месяцев работы теплица ТОО «Изет Грин Хаус» дала областному центру 1 500 тонн продукции, выйдя таким образом на проектную мощность.
Теплица ТОО «Алем Тагам» занимает площадь в 2 гектара. Но в будущем планируется увеличить ее до 5 гектаров. В октябре работники намерены собрать первый урожай огурцов. Помимо томатов и огурцов здесь также будут высаживать сладкий перец, баклажаны, капусту.
- Весной следующего года в этой теплице начнем высаживать саженцы на грунте. В итоге сможем обеспечить город ранними овощами. Пока используем арычный полив, но в планах – переход на капельное орошение, – доложил в ходе осмотра директор предприятия Гаппар Жанай.
Напоследок Архимед Мухамбетов и Нурмухамбет Абдибеков побывали на строительной площадке теплицы АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства». Застройщиком является ТОО «Айжан Азия», имеющее солидный опыт строительства подобного рода объектов. Площадь территории, на которой будет возведено 50 мини-теплиц, составляет 5 гектаров.
Директор фонда Гульжанат Ергазина, проводя презентацию будущей теплицы, рассказала о проблемах и трудностях, с которыми они столкнулись.
- Первоначальная стоимость проекта составляла 250 миллионов тенге, но сейчас появились проблемы. Планировалось рытье скважин до глубины 30 метров, и выяснилось, что требуется углубиться до ста метров, вплоть до артезианских вод. Это, несомненно, потребует увеличения объема финансирования. Сложности намечаются и в проведении инфраструктуры – электричества, газоснабжения. Так что понадобится еще порядка 35 миллионов тенге, – рассказала Гульжанат Ергазина.
Задержка машин со строительными материалами на китайской границе повлекла срыв сроков сдачи объекта.
- Строительство начато в мае, на сегодня произошла задержка по независящим от нас обстоятельствам. Груз с металлоконструкциями находится на китайской границе. В настоящий момент на таможенном посту «Даму» Алматы уже отгружено 6 авто. Но остальные 4 находятся на границе. Таможня не может пропустить их, пока оборудование не прибудет полностью. Если изначально сроком реализации проекта значилось 1 октября, то, по всей видимости, сдача объекта передвинется на месяц, то есть на ноябрь, – пояснила директор.
Выслушав доклад, аким области Архимед Мухамбетов поручил руководителям компании завершить работы к 15 октября.
- Работайте днем и ночью, но до 15 октября объект надо сдать. Если нужна дополнительная помощь подрядчиков, обращайтесь. Контроль над решением этого вопроса возьмет на себя замакима города Марат Тагимов, – подвел черту глава региона.
Подводя итоги посещения овощехранилищ и теплиц, Архимед Мухамбетов подчеркнул, что строительство этих объектов в ближайшие годы положительно скажется на стабилизации цен на основные продукты питания.
По словам акима области, 12 гипермаркетов «Анвар», шесть гипермаркетов «Дина», две «Олжи», 11 мини-рынков и крупный рынок «Табыс» – главные предприятия розничной торговли, которые и будут стабилизировать цены на рынке. Разрабатывается новая методика торговли. Каждый из перечисленных объектов не будет делать надбавок на два из семи основных продуктов – на хлебобулочные изделия, мясо, подсолнечное масло, овощи и т.д. Так что актюбинцы смогут выбирать, где и какие продукты им покупать.
- Мы расписываем объем закупа каждого продукта, чтобы избежать ситуаций с отсутствием или огромными наценками на некоторые наименования. Приведу один пример. В прошлом году у нас были большие проблемы с гречневой крупой. В Казахстане гречка производится только в Павлодарской и Восточно-Казахстанской областях. В данный момент областной акимат заключает договор с производителями. Продукцию будем закупать сразу на 6-7 месяцев и ежемесячно по сто тонн выставлять на прилавки магазинов, – заключил Архимед Мухамбетов.
Билік пен бизнес бірлігі ел әлеуетін арттырады
«…Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің 60 пайызға жуығы мемлекеттік қолдауға ие. Олардың көпшілігі «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылып, «Даму» қорының қаражатын пайдалануда. Аймақ кәсіпкерлерінің жергілікті атқарушы билік пен кәсіпкерлікті қолдау басқармасымен бірлесіп жұмыс істеуі — біз үшін жоғары жетістік», — деді облысқа жасаған іссапарында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев.
«Қазақстанның үздік тауарлары» байқауы елімізде 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Отандық тауарлар шығаруды ұлғайтып, бәсекеге қабілеттілікті арттыра түсуді мақсат еткен байқау-көрмеге биыл аймақтан жиырмаға жуық кәсіпорын және белгілі кәсіпкерлер қатысты.
— Отандық тауар өндірушілердің республикалық көрмесі биыл маусым айында ұйымдастырылды. Еліміздің 135 кәсіпорны қатысқан көрмені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де тамашалады. Жыл сайын мұндай көрмені ұйымдастырудағы мақсат — өз өндірістерін бүгінгі заман талабына сай жаңғырта білген кәсіпорындарды бәсекелестік ортаға тарта білу. Өз атауынан көрініп тұрғандай, кәсіпорындардың үздік тауар өндірулеріне ықпал ету. Бүгінгі көрмеге қатысып отырғандар — аймақтың белсенді кәсіпкерлері. Олар өз еңбегінің арқасында еліміздің экономикасын көтеріп, әлеуметтік проблемаларды шешіп отыр, — деді көрменің ашылу салтанатында Нұрлан Сауранбаев.
Бұдан әрі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев, облыс әкімінің орынбасары Ерхан Омаров, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы мен қоғамдық бірлестік өкілдері бастаған топ көрмеге қойылған тауарларды аралап көрді. Нұрлан Ермекұлы көрмеге қатысқан кәсіпкерлердің әрқайсысымен жеке-жеке сөйлесіп, олардың жұмыстары туралы сұрады.
Сапалы өнім, арзан баға
Көрмеде өз өнімдерін жұртшылық назарына ұсынған кәсіпорындардың арасында республика бойынша баламасы жоқ тауар өндірушілер де болды. Солардың бірі — «Керамика» акционерлік қоғамы.
Бір кездері еліміздің барлық өңірін керамикалық плиталармен қамтамасыз еткен Хромтаудағы «Керамика» зауыты 2009 жылы банкрот болып, жұмысын тоқтатқан еді. Өткен жылы «Керамика» акционерлік қоғамы «Центр Кредит Банкі» және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы өзара келісім-шартқа отырып, өз жұмысын қайта жандандырды.
—Қазір зауыттан шығарылған өнімдер еліміздің өзге аймақтарымен қатар Ресей, Қытай елдеріне экспортталады. Керамика плиталарының бір шаршы метрін 950 теңгеден сатып жатырмыз. Бұл — өте арзан баға. Өйткені елімізге Ресейден әкелінетін керамика плиталарының бір шаршы метрі 1000-1500 теңгеден сатылады. Бүгінгі күні зауыт итальяндық технологиямен жұмыс жасайды. Қондырғылардың істен шыққандары жөнделіп, ескілерінің орны шетелден сатылып алынған аппараттармен толықтырылды. Мәскеуден, Италиядан, Испаниядан шақырылған мамандар тауардың сапалы болуына аса мән беруде, — деді «Керамика» АҚ-ның өкілі Аружан Көбегенова.
Нұрлан Ермекұлын зауыттың жылына 1 миллион шаршы метр көлемінде өнім шығаратыны, оның еліміздегі бірегей зауыт екені қызықтырды.
Көрмеде «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы мемлекеттік субсидия алу үшін «Қазақстанның Халық банкі» акционерлік қоғамының облыстық филиалымен келісім-шартқа отырған аймақтағы ет және ет өнімдерін өндіретін «Рокос компаниясы» ЖШС өкілдері өз жұмысын таныстырды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап өнімдерін «Халал» стандарты бойынша өндіретін компанияда бүгінде ет өнімдерінің 150-ден астам түрі шығарылады.
—Біздің жұмысымызға жергілікті атқарушы билік ерекше қолдау көрсетеді. Атап айтатын болсақ, жергілікті биліктің ықпалымен біз өз өнімдерімізді сату үшін Ақтөбе қаласынан 3 арнайы дүкен аштық. Сондай-ақ қазіргі күні қаланың 5 сауда нүктесінен халық біздің тауарларды тұтынады, — деді «Рокос компаниясы» ЖШС өкілдері.
Үй төбесін жабатын құрылыс жабдықтарын өндіретін қаладағы «Агран» серіктестігінің жұмысымен танысу барысында Нұрлан Ермекұлы: «Ақтөбедегі үйлердің шатыры сапалы материалдармен жабдықталғанын мен ұшақтың қалаға қонар сәтінде-ақ байқағанмын», — деп әзілдеп қойды.
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстанның үздік тауарлары» аймақтық байқау-көрмесімен танысқаннан соң, өз ойын былайша тұжырымдады:
—Байқауға қатысқан кәсіпорындардың бәріне сапа менеджменті жүйесі енгізілген. Мұндай бағыттағы байқаулар шағын және орта бизнестің дамуына даңғыл жол ашады. Ең бастысы — отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі мен экспортқа бейімділік деңгейін биіктете алады. Ақтөбелік тауар өндірушілердің жергілікті атқарушы билікпен бірлесе жұмыс істеп, осы бағыттағы мәселелерді табысты шешетіндері көрініп тұр. Ақтөбе — экономикасы дамыған өлке. Болашақта да бұл өлкенің экономикалық әлеуетінің өсу қарқыны бұдан әрі жоғарылайтынына сенім мол, — деді Нұрлан Ермекұлы.
«Қазақстанның үздік тауарлары» аймақтық байқау-көрмесінде сараптамалық топ көпшілік назарына ұсынылған өнімдердің сыртқы безендірулері мен сапасын сарапқа салып, өз шешімдерін шығарды. «Үздік өндірістік тауарлар» номинациясы бойынша «Ақтөбе ағаш өңдеу комбинаты», «Ақтөбе металқұрастырма зауыты», «Ситал-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды. «Үздік халықтық тауарлар» номинациясы бойынша «Стар Тайм», «Ақтөбе жиһаз компаниясы» серіктестіктері мен «Керамика» АҚ жүлдегер атанса, «Жаңа-Әлжан» диірмен комбинаты», «Рокос компаниясы» серіктестіктері мен «Бихамбетова» жеке кәсіпкерлігі «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясын жеңіп алды. Жеңімпаздардың барлығы күзде Астана қаласында өтетін «Алтын сапа» республикалық байқау-көрмесіне жолдама алды.
Ақтөбе облысы — бірінші!
Бұдан кейін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаевтың қатысуымен облыс әкімдігінде жиын өтті. Облыстың бірқатар басқарма басшылары мен кәсіпорын өкілдері қатысқан жиында отандық өндірісті қолдау, жергілікті тауарлардың үлесін арттыру және кәсіпкерлікті қарқынды дамыту мәселелері талқыланды. Әсіресе, мемлекеттік сатып алуға қатысу, тендерлердің ашық түрде өтуі секілді өзекті мәселелер сөз болды.
— Бүгінде Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің 60 пайызға жуығы мемлекеттік қолдауға ие. Олардың көпшілігі «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылып, «Даму» қорының қаражатын пайдалануда. Аймақ кәсіпкерлерінің жергілікті атқарушы билік пен кәсіпкерлікті қолдау басқармасымен бірлесе жұмыс істеуі — біз үшін жоғары жетістік, —деді жиында вице-министр Нұрлан Сауранбаев.
Жиында «НАРМС» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Бектургенев «Қазақстандық үлесті дамытудың бүгінгі жай-күйі» тақырыбында баяндама жасады.
Қайрат Амангелдіұлының айтуынша, жыл басынан бері мемлекеттік сатып алуларда отандық үлес 60 пайызға өскен.
— Қазіргі таңда отандық тауарлардың ішкі нарықта дамуын қолға алу керек. Ол үшін ең бастысы — тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. Соңғы бір-екі жыл ішінде отандық қамтуды дамытудың қазақстандық үлгісі пайда болды. Онымен шетелдік компаниялар қарқынды айналасып жүр. Қазақстанға жаңа өнім шығаруға және жаңа өндірістерді ұйымдастыруға ешкім ешқандай тыйым сала алмайды. Бүгінгі күні Агенттік еліміздің аймақтары арасында отандық қамтуды дамытуда мемлекеттік сатып алудың рейтингін шығарды. Бұл орайда қазақстандық үлестің 81,9 пайызын иеленген Ақтөбе облысы бірінші орыннан көрінді , — деді агенттік өкілі.
Жиында Қайрат Бектургенев слайд арқылы Агенттіктің қызметі және алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды.
Науқастардың көңілін сұрап барды
Сейсенбі күні облыс әкімі аппаратының басшысы Константин Петров, облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Патрис Нокин, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қайрат Сабыр, облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Ермек Тауановтар облыстық жедел жәрдем ауруханасы мен облыстық ішкі істер басқармасының емханасында жатқан 5 полиция қызметкерінің көңілін сұрап барды.
Константин Петров науқастарға облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың атынан Алғыс хат пен әрқайсысына 200 мың теңгеден материалдық көмек берді.
— Облыс әкімі Елеусін Наурызбайұлы бұдан бөлек, ауруханада тиісті ем қабылдап болған соң, шипажай-курорттық емделулеріңіз үшін де қолдау көрсетіп, қаржы бөлетіндігін жеткізді, — деп аппарат басшысы Константин Петров науқастардың тезірек сауығып кетулеріне тілек білдірді.
Өз сөзінде облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Патрис Нокин де қызметкерлерінің ауруларына шипа тілеп, басқа түскен қиындыққа сабыр сақтап, шыдамдылық танытуларына тілектестігін білдірді.
Облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәубет Келімбердиевтің айтуынша, бастапқыда оқиға кезінде жарақаттанған 5 полиция қызметкерінің 5-еуі де — Бүркіт Сатаев, Жасұлан Әбиболлаев, Сұңғат Тәжіғұлов, Сейітжан Қалжанов, Тұрарбек Ешпағамбетовтер осы медицина мекемесінде ем қабылдапты.
— Жақында ғана олардың 4-еуі жағдайлары қанағаттанарлық болған соң, ауруханадан шығарылды. Қазір олар облыстық ішкі істер басқармасының емханасында ем қабылдап жатыр, — дейді бас дәрігер.
Ал шілденің 9-ы күні ауруханаға ауыр халде түскен Тұрарбек Ешпағамбетов әлі мұнда 3 апта емделеді екен. Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Оразжанов операцияның қиын да күрделі болғандығын айтады.
— Операция 5-6 сағатқа созылды. Күрделі болғанмен, сәтті аяқталды. Науқастың екі жеріне — бас сүйегіне және жұлынына оқ тиген. Соның салдарынан ми соғылып, зақым келген. Дегенмен, өміріне қауіп жоқ. Жүйке жүйесі, ес қабілеті қалыпты. Қазір ісіктің беті қайтып келе жатыр. Аяғының аз да болса, қимылдағанына 2 күн болды. Бұл — жағдайының жақсарып келе жатқанының белгісі. Науқастың аяғынан тұрып кетуі үшін уақыт керек. Жалпы, мұндай жағдайда, жұлын зақымдалғаннан кейін болған өзгерістер шамамен 1 жылға жуық уақыт өткен соң қалыпқа келеді, — дейді Мақсат Оразжанов.
Науқас жедел жәрдем ауруханасында тиісті ем қабылдап болған соң, квота бойынша Астана қаласындағы нейрохирургиялық орталыққа жіберіледі екен.
— Одан келгеннен кейін де біздің бақылауымызда болады. Ал шипажай-курорттық емделуге тиісті медициналық емді толық қабылдап болған соң, 3-4 айдан кейін барады, — дейді нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Оразжанов.
Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.