Жол көрсеткіш /
Талдықорған /
Оқиғалар
Оқиғалар
Полицейлерге көлік берілді
Сіздердің жұмыстарыңыз өте ауыр әрі жауапкершілігі зор. Көп жағдайда шұғыл тапсырмаларды дер кезінде орындау үшін көліктің атқаратын ролі зор. Облыс аумағында өткен республикалық, тіпті әлемдік мәні зор спорт жарыстары мен түрлі шараларда заңнама шеңберінде темірдей тәртіпті сақтай білдіңіздер. Алдымызда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы келе жатыр. Бұл ретте де сіздердің атқаратын қызметтеріңіз зор. Бүгін тізгінін тапсырып отырған көліктерді ел игілігі үшін, жақсы жұмыстар үшін пайдаланыңыздар. Ел үшін, Елбасы үшін адал қызмет етіңіздер, құрметті полицейлер, – деді облыс әкімі Серік Үмбетов.
Салтанатты жиында сөз алған облыстық ІІД бастығы генерал-майор Жайлаубек Кембаев: «Былтырғы жылдан бері облыс әкімі Серік Әбікенұлы облыс полицейлеріне 500-ден астам автокөліктің кілтін тапсырды. Бұл көліктердің полицияға тигізіп отырған үлкен көмегі – мал ұрлығы және тағы басқа ұрлық, алаяқтық секілді қылмыстарды азайтты. Мұның сыртында қызмет бабында пайдаланылатын рация және тағы басқа сан түрлі құрал-саймандардың 400-ден астамы тағы берілді. Сондай-ақ, Талдықорған қаласына 26, Талғар, Қарасай, Іле аудандарының әрқайсысына 10-нан бейнетаспа орнатылып, заң талабына сәйкес полиция қажеттілігін өтеуде. Облыс әкімдігі тарапынан жасалынып отырған жағдайды ұтымды пайдаланып, елімізге, Қазақстан Республикасының Президентіне, облыс әкіміне полицейлер атынан адал қызмет етуге ант береміз, – деді.
Құрылыс қарқынды жүруде
Атқарылған жұмыстар жайлы облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов баяндама жасады.
2010 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 150,2 млрд. теңгені құрады немесе 2009 жылға қарағанда 30,4 пайызға артты. Пайдалануға 620,2 мың шаршы метр тұрғын
үй берілді (110,6 пайыз).
«Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» аясында облыс бойынша 1 млн. 708 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бағдарлама 107 пайызға орындалды.
Жаңа оқу жылына сегіз мектеп есігін ашты. «Балапан» бағдарламасы аясында барлығы 14 мыңнан астам баланы қамтитын 73 балабақша және жалпы білім беретін мектептердің жанынан 159 шағын орталықтар ашылды.
2010 жылы құрылыс басқармасына 40,4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен 33 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен - 7,4 млрд. теңге, оның 39,9 млрд. теңгесі немесе 99 пайызы игерілді.
Өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда ағымдағы жылдың екі айында құрылыс саласында барлық көрсеткіштердің өсу үрдісі байқалады.
179,1 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2,2 есе өсіп, құрылыс жұмыстарының көлемі 12,1 млрд. теңгені құрады.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы несиеге берілетін тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жаңа бағдарлама іске асырылуда, сонымен қатар республикалық бюджет есебінен несие тұрғын үй құрылысы және жергілікті бюджет есебінен коммуналдық тұрғын үй құрылысы жүргізіледі.
Биылғы жылы пайдалануға 7,4 мың шаршы метр несиелік, 8,6 мың шаршы метр жалгерлік және 3,7 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Республикалық және жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй құрылыс объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Алматы қаласына 4 серіктес қалаларды дамыту үшін республикалық бюджеттен 6,8 млрд. теңге игерілді, 22,4 км инженерлік-коммуникациялық жүйелер іске қосылды. "Гейт-Сити" бірінші серіктес қаланың «Қоянқұс» тұрғын үй кешенінің инженерлік-коммуникациялық жүйелеріне жобалау-сметалық құжаттамаларды дайындау жұмыстары аяқталып келеді, «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралдық газ құбырлары құрылысының техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттамаларына түзету енгізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
Серіктес қалаларды дамыту бойынша жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстары көлемінің ауқымдылығын ескере отырып, құрылыс басқармасының жанынан «Құрылысты дамыту жөніндегі дирекция» МКК құрылды.
Үлескерлер мәселесі де басты назарда.
Жобалау-сметалық құжаттамаларының дайын болмауына байланысты «Премьера» тұрғын үй кешенінің құрылысына конкурс үш айға кешіктіріліп жарияланды. Аталмыш тұрғын үй кешенінде 220 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.
Ағымдағы жылы жалпы облыстағы 2 мыңнан астам үлескерлердің мәселесі шешіледі деп жоспарлануда. Оның ішінде «Премьера» бойынша – 1973, ал «Өмірұзақ» кешені бойынша- 116.
Жиында облыс әкімі Серік Үмбетов аудандар мен қалаларда мектеп, балабақша, аурухана және тұрғын үй құрылыстарын жоспарлаған кезде оған қажетті бос жер учаскелерінің болуына назар аударды.
- Бірінші кезекте аудан, қала әкімдері резервте тұрған бос жер учаскелерінің болуына көз жеткізулері қажет. Өйткені, қажетті жер телімдерінің жоқтығына қарамастан, құрылыс жұмыстарын жоспарлап қоямыз. Нәтижесінде белгіленген жоспардан ауытқып, құрылыс мерзімдері ұзаққа созылып жатады. Жалпы, облыс аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жобаға сәйкес, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталулары тиіс, - деді облыс басшысы.
Спортшылар марапатталды
Бүгін облыс әкімі Серік Үмбетов әлемнің түкпір-түкпіріндегі дүбірлі додаларда еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, абыройын асырған спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорт мектептері мен клубтарының басшыларын марапаттап, 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақшалай сыйлықтар мен дипломдар ұсынды. Өңірдегі спорт саласын насихаттап жүрген журналистер қауымын да ұмыт қалдырған жоқ.
Әкімнің қабылдауына келген үздік спортшылар қатарында 2010 жылғы жазғы және қысқы Азия ойындарының, ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының, басқа да халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары бар.
Облыс басшысы Серік Үмбетовтің хабарлауынша, Ванкуверде өткен қысқы XXI Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, VII қысқы Азия ойындарында екі алтын, 1 күміс медальға қол жеткізген Елена Хрусталеваға 15 мың АҚШ доллары, елімізде өткен Азия ойындарының алтын медаль иегері Диас Кенешевке 10 мың АҚШ доллары, олардың жаттықтырушылары Николай Зенков пен Владимир Смирновқа 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілетін болады.
Бүгінде облыста спортты қаржыландыру жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2005 жылы бұл салаға 878 млн. теңге бөлінсе, үстіміздегі жылы 5 млрд. теңге қарастырылған.
Сонымен қатар аймақтағы 53 үздік және мүгедек спортшыға 30 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін ай сайын стипендия берілуде.
Облыста барлығы 3004 спорттық нысан жұмыс істейді. Олардың материалдық-техникалық базасын нығайту да үнемі назарда. Өткен жылы Талдықорған қаласында «Жастар» Спорт сарайының пайдалануға берілгенін де еске сала кеткен жөн. Ал биылғы жылы облыс орталығында аса ауқымды теннис кортының құрылысы аяқталып, ел иігілігіне ұсынылмақ
ФУТБОЛ КОМАНДАЛАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
«Жетісу» командасына 900 млн. 400 мың теңге, ал бірінші лигада ойнап жүрген «Іле Сәулет» (Іле ауданы), «Сұңқар» (Қарасай ауданы), «Ақ бұлақ» (Талғар ауданы) командаларының әрқайсына 150 млн. теңгеден қарастырылды.
Облыс әкімінің бастамасымен өңірде футболдан қыздардың кәсіби командасы құрылды. Оның құрамындағы ойыншылардың жартысы - Талдықорған қаласының тұрғындары. Ал басқаларына облыс басшысы алғашқы кезде жалға алған пәтердің ақысын төлеуге жәрдемдессе, коммуналдық үйлердің құрылысы аяқталған кезде жаңа пәтер берілетінін айтты.
«Жетісу» футбол клубының басқа қалаларға, шетелге шығуына мүмкіндік жасалып, оларға автобус қана емес, «Як-40» ұшағы да берілген.
ЖҮЗ ЖАСАҒАН ЖЫР-ЖӘКЕМ
Мерейтойға жиналғандардың арасында ақынның ұрпақтары ғана емес, кешегі күні еліміздің дамуына ерекше үлестерін қосқан ақ самайлы еңбек ардагерлері, елімізге белгілі ақындар мен жазушылар, ғалымдар мен өнер қайраткерлері, басшы азаматтар көп болды.
Салтанатты шара облыс әкімі Серік Үмбетов пен Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин бастаған зиялы қауым өкілдерінің ұлы жыраудың Жамбыл ауылындағы мемориалдық кешеніне барып, аруағына құран бағыштауымен басталып, сол ауылдың Мәдениет үйінде жалғасты.
Көпшілік алдына шыққан Серік Әбікенұлы ең алдымен ортаға ұлы жыраудың ұрпағы, асылдың сынығы Әлімқұл ата Жамбыловты шақырып, иығына шапан жауып, айрықша құрмет көрсетті. Өз кезегінде Әлекең атасының тойына жиналған барша қауымға ақ батасын арнап, бүгінгідей салтанатты ұйымдастыруға ұйытқы болған басшы азаматтарға деген ризашылығын білдірді.
Ақынның Жамбыл ауылындағы мұражайы сан түрлі экспонаттармен тұрақты түрде толығып келеді. Мұражай қорына бұл күні де өте құнды бір мұрағат қосылды. Нақтырақ айтатын болсақ, Серік Әбікенұлы Жәкеңнің бір топ өнер қайраткерлерімен түскен, үлкейтіп көркем етіп жасалынған суретін Жамбыл мұражайының директоры Мәулен Қожашевқа тапсырды. Мұндай сыйлықты марқұм жазушы Балғабек Қыдырбекұлының зайыбы Сапура Қыдырбеккеліні де жасады.
– Соңғы он бес жыл көлемінде мәдени-әдеби өмірімізде және бір жақсы дәстүр қалыптасты. Ол – жыл сайын ақпан айының аяғында өтетін Жамбыл күндері. Бұл істі алғаш рет тоқсан алтыншы жылдары облыс басқаруға келгенде қолға алған болатынбыз. Осынау игі бастаманы ұлттық әдебиетіміздің қара шаңырағы Жазушылар одағы қолдап әкетті. Содан бері бұл шараны әрдайым бірге өткізіп келеміз, – деп сөз бастаған облыс әкімі Серік Үмбетов бұдан арғы сөзінде Жамбыл бабамыздың сан қырлы тұлғасына кеңінен тоқталды.
– Поэзия бәйтерегінің даналық қасиеттері, жыраулық ұлы құдіреті, шыншылдығы мен турашылдығы бүгінгі және келешек ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Ғасыр жасаған ақын: «Өтірікті сүймедім, дүние үшін күймедім. Алтынына біреудің жолда жатса тимедім»,– деген еді. Бұдан оны халық қадір тұтқан, ел қасиеттеген құндылықтарды ардақтап өткенін байқаймыз, – деді Серік Әбікенұлы. – «Тәуелсіздігімізді баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу – біздің басты мақсатымыз», – деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, мәдениетті, өнерді қолдау арқылы болашаққа жол салынады. Өздеріңізге мәлім, «Мәдени мұра» аясында елімізде, соның ішінде Жетісу өңірінде бірқатар игі істер қолға алынды. Ал экономикалық тұрғыдан өсу, өркендеу болмаса мұндай шаралар туралы әңгіме де болмас еді. Соңғы бес-алты жыл ішінде облысымыз қалыпты даму үстінде келеді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша республикада алдыңғы сатыдағы облыстардың қатарындамыз. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі жөнінен елімізде бірінші орынға шықтық.
Облыс әкімі айтып өткеніндей, облыс көлемінде атқарылып жатқан игі істер жетерлік.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Броньдау
Жаңалықтар