Жол көрсеткіш /
Талдықорған /
Оқиғалар
Оқиғалар
Ақынның меретойы
Түйменбай Молдағалиев - қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы, қазақ поэзиясының бетке үстары.
СПОРТ САРАЙЫ АШЫЛЫП, СҮЙІНБАЙ ЕСКЕРТКІШІ БОЙ КӨТЕРДІ
Сарай құрылысының құны 3 млрд. 5 млн. теңге. Алматы-Өскемен күрежолының оңтүстік-шығысынан орын тепкен 4 қабатты ғимаратта спорттың барлық түрлеріне лайықталған 14 зал, жаттығу мен жарысқа қажетті қолайлы жағдайлар жасалған. Сарай бір мезгілде 2081 адамды қабылдай алады. Биыл өңірдегі спорт саласына 2,8 миллиард теңге бөлінген.
Осы күні Спорт сарайының алдында жыр сүлейі Сүйінбай Аронұлының ескерткіші ашылды. Осыдан бір жыл бұрын зиялы қауым өкілдері республикалық қазақ тілді басылымдарда Сүйінбай ақынның ескерткішін орнату туралы ұсыныстарын білдірген болатын. Көпшілік пікірін қолдап, «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында ескерткіштің жасалып, орнатылуын облыс әкімі Серік Үмбетов тікелей өзі қадағалады.
Ескерткіш құрылысына облыстық бюджеттен 52 млн. теңге бөлінді. Қоладан құйылған мүсіннің биіктігі 4,20 метр, ескерткіштің өзі 10 метр. Сәулетші Қазыбек Жарылғапов пен мүсінші Мерлан Азғамбетовтың қолымен жасалған Сүйінбай бейнесі қазір Талдықорғанның кіреберісінде асқақтап тұр. Ескерткіштің ашылуына арналған салтанатты жиында осы айтулы оқиғаға орай ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтың, ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидің, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің жолдаған құттықтау хаттары оқылды. Сүйінбайдың қырғыз ақыны Қатағанмен айтысы туралы театрландырылған көрініс қойылып, «Құлансаз» ансамблінің концерті тамашаланды. Ескерткіш маңында аллея ашылып, ағаш отырғызылды.
ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ
Аудан, қалаларда жалауын көтерген жастар мерекесінің қорытындысы осы фестивальда шығарылып, оза шапқандар олжалы болды. Облыс әкімі Серік Үмбетов 1-орын алған Талдықорған қаласына автобус, 2 және 3-орын иеленген Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарына Газель автокөліктерінің кілттерін тапсырды.
Осы салтанатта ауыр атлетикадан Әлем чемпионы атанған жетісулық спортшылар Светлана Подобедова мен Мая Манезаға 2 млн. 500 мың теңгеден, Зульфия Чиншанло, Владимир Седов және бірқатар жаттықтырушыларға да ақшалай сыйлықтар табыс етті. Жастар мерекесіне арнайы келген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бастығы Дархан Мыңбай облыс жастарының өнерлеріне ризашылығын білдіріп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда маңызы зор бұл ауқымды шараны өзге өңірлерге үлгі етуге болатынын атап өтті.
Алаңның төрт бұрышында 500-ге жуық жас ту көтеріп, стадионнан сап түзеп жүріп өтті. Әрбір аудан, қала делегациялары отаншылдық тақырыптарын ұран етіп, әдемі безендірілген көліктермен шеру жасап, алаңның ажарын кіргізді.
5000 адамның қатысуымен «Қара жорға» биі орындалып, 300 адам бір мезгілде күй шертті. Шараға барлығы 35 мыңға жуық адам қатысты.
Жетісу жастары қай жағынан да қамқорлықтан кенде қалған емес. Соңғы төрт жылдан бері облыс орталығында студенттердің қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі шешілген. Бұл мақсатқа биыл 138,8 млн.теңге жұмсалды. Сонымен қатар жетім және жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 349 бала жоғары оқу орындарында облыс әкімінің грантымен білім алуда. Өңірге жұмыс істеуге келген 295 жас маманға 29,1 млн. теңге көтерме ақы мен басқа да коммуналдық жеңілдіктер берілген.
АЛЫПТЫҢ АСЫЛ БЕЙНЕСІ АСҚАҚТАЙ ТҮСТІ
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Өркениетті ұлт, ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен басқаларға танылады», – деген сөзі бар. Сол себептен де өз ғұмырын халқының болашағына, бақытына арнаған тарихи тұлғаларымызға облыста еңселі ескерткіштер орнатылуда.
Мәселен, биыл Талғар ауданында Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына, Талдықорғанда Халық қаһарманы, сазгер Нұрғиса Тілендиевке, Алтынемел асуында ел бірлігін сақтауды мұрат еткен Тезек төре Нұралыұлы мен Бөлтірік шешен Әлменұлына белгітас қойылды. Ал Балқаш ауданында Қабылиса жырауға кесене тұрғызылды.
Жақын күндері облыс орталығында ақиық ақын Сүйінбайға ескерткіш ашылмақ, – деді облыс әкімі.
Салтанатта сөз алған ақын Орысбай Әбділдаұлы Махамбет пен Абайды, Жамбылды қазақ елінің төлқұжаты, бет-бейнесі деп есептеу керектігін, Жамбылдың өзі дүние есігін ашқан сәтте де осындай-ақ борасын қар жауып тұрғанын, сол табиғат бүгінгі қуанышты сәттің сірә да нышанындай болғанын айтып өтті.
Жамбыл бабамыздың арқасында алғаш рет осы өңірге жол салынып, асфальт төселгенін, басқа да мәдени орындардың қатары көбейгенін, бұл елдің халқы әлемдегі жақсылардың жүзі мен лебізін Жамбыл арқылы естіп көріп, білгеніне көпшіліктің назарын тағы бір аударды. Ақын салтанатта тебіреніспен жыр толғады.
Баба бейнесінің басында Жамбылдың немересі Әлімқұл қария ата-салты рәсімімен ақ батасын арнаса, әжелер молынан шашу шашты.
Бұдан соң жиналған қауым «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің концертін тамашалады.
Нағыз мереке болды бұл күн. Осы бір сәтте «Дортехмонтажсервис» ЖШС-нің бригадирі Виктор Савельфельдтің айтуынша, екі ай мерзімі аралығында еңселі ескерткішті де, су бұрқақты да, жалпы осы аллея алаңын толық көркейтіп, әрлеп бітірді.
Рәтбек ТЕРЛІКБАЕВ.
Бокстан жастар арасында «Жетісу Кубогы» VIII халықаралық турнир
Бокстан жастар арасында «Жетісу Кубогы» VIII халықаралық турнирі. Өткізу уақыты мен орны: 18-24 қазан, Талдықорған қаласы, «Өркен» спорт кешені, сағ.10.00. . Өткізу уақыты мен орны: 18-24 қазан, Талдықорған қаласы, «Өркен» спорт кешені, сағ.10.00.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Броньдау
Жаңалықтар